5 в 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



Дата25.08.2017
өлшемі237,87 Kb.
#26894

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты


УМКД

УМКД 042-16.1.32/02-2013


УМКД

«Аударма теориясының негіздері »

пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы


______2013 жылғы

№ 3 басылым



5 В 050121 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Аударма теориясының негіздері »

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013

Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырушы: қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ф.ғ.к. доцент Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы ____________ «___» _______20___ жыл

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының отырысы

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросы

Хаттама №___ «___» ___________20___ жыл.

Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қабылданды және шығаруға ұсыныс жасалды.

Хаттама №___ «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.

4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің

№ 3 БАСЫЛЫМЫ






Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы туралы жалпы мәліметтер:

Сәмекбаева Эльмира Мақсұтқызы доцент , ф.ғ.к.

Кафедра: «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі»

Ақпараттық қатынас: телефон: 53-37-63, 8 корпус, № 213 кабинет

Сабақ өтетін орын: 313 дәрісхана

Кредит саны: 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Аударма теориясының негіздері» пәні аударма туралы түсінік бере келіп, аударманың қоғамдық қызметін, аударманың шығармашылдық сипатын, аударма теориясының негізгі салаларын және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысын, аудармадағы ұлттық реалия мәселесін, аударматанудың тіл білімі ғылымдарымен байланысын, аударманың лексикалық, грамматикалық мәселелерін, оның түрлерін, әр түрлі тәсілдерін, аудармадағы трансформациялық үдерістерді, аударманың толыққандылық мәселесін, аударманың— тілдік және мәдениетаралық қарым — қатынас құралы екендігін зерттейді.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланып тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру. «Аударма теориясының негіздері» – ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

«Аударма теориясының негіздері» пәнінің міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау . Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түп­нұсқа мен аударманың арасындағы арақатынас және оны қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.




1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
– «Аударма теориясы» түсінігінің анықтамасын, оның зерттеу әдістерін, тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма нысаны болуы себебін ашу;

– Аударманың негізгі тұжырымдары, өзіне тән ерекшеліктері, аудару тәсілдері мен тәжірибелері, аударма мәтінінің түпнұсқамен сәйкестігін пайымдап, барлап – байқаудан туған қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорыту;

– Аударма техникасы, аудармалық трансформацияның түсінігі, транскрипция мен транслитерация, калькалау, лексикалық-семантикалық ауыстырулардың өзара байланыстарын көрсету;


  • Аударма теориясының басқа да лингвистикалық пәндермен байланысын, аударма теориясы және мәтіннің лингвистикасының өзара байланысын жан-жақты қарастыру;

  • Аударманың түрлеріне жататын көркем аударма,ғылыми-техникалық аударма,қоғами-саяси аударма, ауызша және жазбаша аударманың түрлерін саралап көрсету;

  • Аударманың баламалылығы, аудармадағы эквиваленттілік түсінігі,

  • «реалия»сөздер туралы, , эквивалентсіз лексика т.б. аударматанудағы ұғымдарға жан-жақты түсінік беру.

1.5 Оқыту нәтижелері:

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

- Аударма теориясының негіздері пәнінің өзекті мәелелерін біліп шығады;

- Алған білімдерін практикада қолдана біледі;

- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгереді;

- Теориялық талдау жасай алады;

- Аудаматану ғылымы туралы және аударма үдерісін, аударма жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді, түсінеді;

- Өзіндік пікір айта алады;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай біледі.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

1.6.2 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

1.6.3 Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

1.6.4 Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

1.6.5 Тіл біліміне кіріспе



1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Мәтін лингвистикасы

1.7.2 Салғастырмалы грамматика

1.7.3Когнитивтік лингвистика



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

1 Кесте





Тақырыптар атауы

Сағаттар

әдебиеттер

Дәріс

Тәжір

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

1 модуль. Аударма ғылымы және оның қалыптасу тарихы.
Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесі

Аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулер.



1

1

1.5

3.5

1, Б. 3-9

2, Б. 3-8

3, Б. 3-11

4, Б. 3-12




2

Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.
Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

1

1

1.5

3.5

1, Б. 12-23

2, Б. 8-37

3, Б. 11-20

4, Б. 12-23




3

Аударма – аударматанудың өзегі.

Аударма – ұғымы туралы түсінік.

Қазіргі аударма ісінің даму заңдылықтары.


1

1

1.5

3.5

3, Б. 25-37

4, Б. 64-68

8, Б. 23-38

9, Б. 63-67





4

2 модуль. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі.
Аударма теориясының аспектілері.
Аударманың тілдік аспектісі туралы пікірлер.

1

1

1.5

3.5

2, Б. 37-53

4, Б.38-78

5, 24-28


5

Аударма теориясы филологиялық ғылымның арнайы бір саласы ретінде
Аударма теориясын жекелеп, жіктеп қарастыруға қатысты көзқарастарға шолу.

1

1

1.5

3.5

2, Б. 53-61

4, Б. 80-92

5, Б. 20-24


6

Шетелдік және отандық ғалымдардың аударманы топтастыруы жайындағы көзқарастары.
Ғалымдардың аударманы топтастыруы туралы.


1

1

1.5

3.5

2, Б.63-68

4, Б.92-125

5, Б. 25-37


7

3модуль.

Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.


Аударма —мәдениетаралық қарым –қатынас құралы.Аударма-халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы.



1

1

1.5

3.5

2, Б. 52-68; 79-132

4, Б. 126-134; 134-166

7, 38-41


8

Аудармадағы тілдік дәнекерлік ұғымы.

Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері.


Аудармаға қойылатын талаптар.



1

1

1.5

3.5

2, Б.133-148

4, Б. 166-183

5, Б. 42-45


9

Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.

Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынасты қамтамасыз ету құралы .



1

1

1.5

3.5

2, Б. 148-164

4, Б. 183-190

5, Б. 46-48


10

4модуль. Аударма теориясының негізгі әдістері, түрлері, аудармада қолданылатын түрлі әдістер.
Аударманың негізгі түрлері.

Аударма теориясының мәні, өзіндік ерекшелігі.

Аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі.


1

1

1.5

3.5

2, Б. 164-178

4, Б. 191-207

6, Б. 95-120


11

Аудармадағы трансформациялық үдерістер.
Аудару үдерісінде кездесетін әрекеттер.
Аударма теориясының негізгі әдістеріне тоқталу.

1

1

1.5

3.5

2. Б. 179-200

4, Б. 207-222

6. Б. 121-132


12

Аударма-технологиялық әрекет.
Аудармалық транскрипция мен транслитерация түсінігі.

Калькалау. Лексикалық-семантикалық ауыстыру.



1

1

1.5

3.5

2, Б.200-322

4, Б.222-333


8, Б. 12-24

13

Аударматанудағы баламалық мәселелері туралы.

Балама аударма туралы түсінік.


Аудармада қолданылатын түрлі әдістер.

1

1

1.5

3.5

2, Б. 200-322

4, Б. 222-333

8, Б. 64-71


14

Қазіргі аударма саласындағы балама, баламалы аударма, балама­лылық деген терминдердің қолданысы туралы.
Аударматану ғылымындағы балама, баламалы аударма терминдеріне қатысты түсініктер.

1

1

1.5

3.5

2, Б. 322-331

4, Б. 333-344 7, Б. 72-81



15

5 модуль. Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.


1

1

1.5

3.5

2, Б. 332-349

4, Б.344-358

3, Б. 82-86


16

Көркем аударманың түсінігі мен мазмұны, өзіндік ерекшелігі және сондағы ақпаратты рәсімдеу құралдары.
Көркем аударманың бүгінгі әдеби үдерісте алатын орны.


1







3,5

2, Б. 350-372

4, Б. 358-378

7, Б. 131-132


17

Поэзияны аударған кезде туындап жататын мәселелер.
Көркем аударма мәселелері.

Аударманың сапасы жайында.



1







3.5

2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


18

Көркем аудармадағы лексика-грамматикалық ерекшеліктер.
Аударманың қоғамдық мәні.

Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау қажеттігі.



1







3.5

2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


19

Аударманың толыққандылығы туралы.
Аударма толыққандылығының маңыздылығы.
Аудармада тілдік құралдарды қолдану жолдары.

1







2.5

2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


20

Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері.

Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі ұғым.




1







2

2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


21

Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары.

Аударма барысында жаңа сөздің жасалуы.


Сөз таңдаудың негізгі екі түрі бар екендігі: сөз мағынасын нақтылау, сөз мағынасын ұлғайту, үстемелеу.

1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


22

Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері.

«Реалия»сөздер туралы түсінік.


Қазақ тіл білімінде реалия сөздердің зерттелуі.
Реалия сөздердің белгілі бір халықтың мәдениетімен байланыстылығы.

1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


23

Эквивалентсіз лексика туралы түсінік.
Эквивалентсіз лексика ұғымы жайлы түсінік беру.

Реалия сөздердің сипаттайтын факторларына сәйкес топтастырылуы.



1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


24

Жаңа сөздің, сөз тіркесінің пайда болуы.
Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі.

Реалияны аударғанда қолданылатын тәсілдер.



1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


25

Аударматану саласының терминологиялық жүйесі.
Аударматану саласындағы терминологиялық ұғымдар жүйесі.

Аударматану терминдері негізінде кейбір ғылыми ұғымдардың қалыптасу сатыларын белгілеу.



1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


26

Аудармалық сәйкестіктер.

Аудармалық сәйкестіктердің түсінігі.

Сөз аудармасындағы сәйкестіктер.

Аудармашы өз тілінің көркемдігін еркін меңгерген дарынды ақын, түпнұсқаның мазмұнын, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт екендігі.



1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


27

7модуль. Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары.
Тілдердің грамматикалық және лексикалық құрылысындағы аударма теориясы.

Аударудағы морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер.



1




0,5




2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


28

Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.

Түпнұсқадағы сөзбен сөйлем мағынасын аударудың басты жолдары.

Аудармадағы грамматикалық мағыналардың рөлі.


1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


29

29-тақырып.

Аударманың жанрлық-стилистикалық түршелерін сипаттаудың қағидаттары. Ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері .


Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар екендігі.

1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134


30

Аударма техникасы.

Аударма барысының сатылары. Сөздікпен жұмыс істеу техникасы. Аудармашының стратегиясы. Аударманың техникалық амалдары.


1










2, Б. 372-382

4, Б.378-382

7, 133-134



3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент «Аударма теориясының негіздері» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілдік талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда аударматану саласы ғылыми білім негіздерін қалауда ерекше рөл атқарады. Аударма теориясының негіздері бойынша болашақ мамандарды жалпы мәдени байыту және білім алушыларға кәсіптік қызметке қажетті аудармашылық лингвистикалық және мәдениетаралық қарым-қатынастық біліктілік қалыптастырады.

Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді. Біз оны бұдан былай да жетілдіре беруге тиіспіз. Ол үшін аударма тәжірибесінің өткендегісін таразылап, болашағын бағдарлап отыруымыз керек.


Осы пән аудармашылық біліктілікке қажетті дағдылар мен іскерліктерді кезеңдер бойынша қалыптастырады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.
4 КУРС ФОРМАТЫ
Аудиториялық уақытқа дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОЖСӨЖ мақсаты – аударма теориясының негіздері саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.

ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:



  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • аударматану ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.

Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке тілдік тұжырым-ойлау үдерісі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.


5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз, қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.



6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Аударма теориясының негіздері пәнінің ұпайларға бөлінуі


Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ







2

Семинар

ОСӨЖ


СӨЖ

15

10





3

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15
25




4

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15

10





5

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

20
25




6

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

20

10





7

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

Аралық бақылау



20
25

60





1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




8

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

10

0

0






9

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

10

0

0






10

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

10

10

0






11

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15

0

25






12

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15

10

0






13

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

15

0

25






14

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ


15

10

0







15

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

Аралық бақылау



15

0

25



60




8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000







  1. ӘДЕБИЕТТЕР

7.1.1 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.

7.1.2 Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2012. - 296 б.
7.1.3 Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.

7.1.4 Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959

7.1.5 Федоров, А. В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Уч. пособие. – М. : Высшая школа, 1983. – 235 с.

7.1.6 Виноградов В.С. Введение в переводоведение – М., 2001

7.1.7 Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975, 147-

7.1.8 Федеров А.В. «Введение в теорию перевода» - М. , 1953

7.1.9 Жақсылықов А.Ж., Есембеков Т.О., Казыбек Г. Аударма теориясы мен тәжірибесінің библиографиялық анықтамасы. А., 2007ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.2.1 Есембеков Т.О. Көркем мәтінді талдау негіздері. – А., 2009ж.

7.2.2 Тарақ Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы. – А., 2009ж.

7.2.3Тарақов, Әнуар Сауатұлы. Аударма психологиясы және мәдениеті. А.,2005 ж.

7.2.4 Рецкер, Я.И. Аудармашының мақсаты / Я.И. Рецкер. – А., 2003. – 180 б.

7.2.5 Федоров А. Искусство перевода и жизнь литературы – Л., 1983.

7.2.6 Бархударов Л.С. Язык и перевод. –М.,1975. – 240 с.

7.2.7 Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.,1973. –216 с.


7.2.8 Тарақ Ә. Аударма әлемі. Оқу құралы. – А.,2007 ж. 15 б.т.

7.2.9 Көркем аударманың кейбір мәселелері–А., 1957.

7.2.10.Латышев Л.К. Теория перевода. М. , 1988

7.2.11 Левый И.Искусство перевода. – М., 1974.



7.2.12 Тарақ Ә. Ауызша аударма. Оқу құралы. – А.,2009ж.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет