Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейсенбекова Алима
Пәні : Қазақ әдебиеті
Сыныбы 5
|
Күні:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Төрт түлік мал туралы өлең-жырлар
|
Мақсаты:
|
Халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
Төрт түлік мал туралы өлең-жырлармен оқып-танысу,
Қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.Логикалық ойлауын дамыту.
|
Күтілетін нәтиже:
|
-Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ажырата алады.
-Өлең- жырларды жатқа айту дағдысы қалыптасады.
-Ашық ,жабық сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі.
-Оқушының шапшаң ойлау дағдысы дамиды.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа білім беру
|
Оқу түрі:
|
Топтық,жұптық,жеке жұмыстар
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
Ой қозғау,топтастыру,"Жалғасын тап"ойыны т.б.
|
Керекті жабдықтар:
|
Оқулық, А4 парағы, маркерлер, бағалау парағы. Интербелсенді тақта ,т.б
|
Сабақ барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
1".Әр елдің сәлемдесу салты"жаттығуы арқылы сыныпқа жағымды психологиялық ахуал орнату..
Бағалау парағымен таныстыру.
3Төрт түлік малдың пірлері бойынша 3топқа бөліну(Қамбар ата,Шопан ата,Ойсылқара)
4.Алдыңғы тақырыпты қысқаша қайталау.
1-топ
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Ауыз әдебиеті деген не?
2-топ
1. Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
2.Адам өміріне байланысты қандай өлең-жырлар шығарған?
3-топ
1.Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
2.Тұрмыс -салт жырларының түрлерін атаңдар.
|
Тренингке қатысады.
Оқушылар топқа бөлінеді.
Топтар өз аттарын қорғайды.
Үй тапсырмасына жауап береді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Тұсау кесер
|
Сабақтың тақырыбын айқындау,мақсат қою.1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қой)
2. Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)
3. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)
4. Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар? (түйе)
5. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
|
Жұмбақты шешіп жаңа сабақтың тақырыбын табады,жаңа сабаққа мақсат қояды.
|
Негізгі бөлім
|
1.Оқулықпен жұмыс. Төрт түлік туралы өлең- жырларды мәнерлеп оқу
2. "Жалғасын тап"ойыны.
Төрт түлік туралы мақал мәтелдердің жалғасын табу.
1.Сиырдың сүті – тілінде.
2. Ат- ер қанаты.
3.Қойдың сүті қорғасын, Қойды ұру болмасын. ,
4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Құстың бәрі сұңқар емес.
5. Жалғыз шапқан ат жүйрік.
6. Түйе көп болса жүк сыймас.
3.“Ұйқасын тап” ойыны.
4. Дарынды балалармен жұмыс
Шығармашылық жеке тапсырма беру
Т,е,қ,а,л,ш,ж,к,й,і,ү,з,ұ,н,и,ы,о,с,р.
Берілген әріптерден біздің өткен тақырыбымызға байланысты сөздер шығады.
|
Оқулықта берілген өлеңдерді оқиды, топта талқылайды.
Өз ойларын айтады.
2 жұлдыз, 1 ұсыныспен топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Оқушылар тыңдайды, топ ішінде әңгімелейді.
Оқушы: өз шығармасын оқиды. Үздік шығарманы анықтайды.
Қабілетті оқушылар жеке орындайды.
|
Қорытын
ды
Үйден ізденіп келуге.
Рефлексия
(3 мин)
Бағалау.
|
"Соңғы сөзді мен айтайын"әдісі арқылы сабақты қорыту
1.Төрт түлік мал туралы өлең-жырлар жаттап келу.
2.Өтілген тақырып бойынша сұрақтар дайындап келу.
3."Төрт түлігім-ырысым"тақырыбында шағын эссе жазу..
1.Бүгінгі сабақтан не білдім?
2.Қай тапсырма қиындау болды?
3.Не ұнады?
Өзін-өзі бағалау.
|
Әр топтан оқушылар шығып бүгінгі сабақты қорытындылайды.
Тапсырмаларды күнделікке жазып алады.
Өтілген тақырып бойынша
кері байланыс орнатады.
Өз жұмыстарына баға береді
|
Достарыңызбен бөлісу: |