52. Әлемнің ғылыми және философиялық бейнесі Әлемнің ғылыми бейнесі


Ғылымдарды классификациялау мәселесі



бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі35,24 Kb.
#173342
1   2   3   4
Байланысты:
52-54 Философия

53. Ғылымдарды классификациялау мәселесі
Ғылым классификациясы - ғылымдар байланысы, ғылыми білім жүйесіндегі орналасу тәртібі, нақты қағидаларға негізделген, бәрінен бұрын объектілердің қасиеті және байланысы, әр түрлі ғылымдармен қарастырылатын, сондай-ақ оларды зерттеу үрдісі. Ғылым классификациясы формальды немесе диалектикалы, мазмұнды деп бөлінеді.
Ғылымдардың жіктелуі Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған. Ғалым ғылымдарды негізгі бес бөлімге бөліп қарастырды: 
біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері, 
екіншісі – логика және оның бөлімдері, 
үшіншісі – «Ульум әт-та’алим» (математикалық ғылымдар). Бұлар: «әл-’адад» (арифметика), геометрия, «илм әл-маназыр» (оптика), тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика (Al-Farabi, 1975).
Төртіншісі – физика және оның бөлімдері, «әл-’илм әл-иләһи» діни ілім және оның бөлімдері, 
бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ, кәләм (Al-Farabi, 1996). 
Ғалымның білімдерді бұлай жіктеуі Аристотельдің ғылымдарды сыныптауынан біраз ерекшеленді, яғни ғалым антикалық грек ойшылын қайталамады. Ол өзінің ұстанымына сәйкес дұрыс деп тапқан тізбекті жасап, өзінен бұрынғылардан еткен ғылым тізбегін толықтырып, заманға сәйкес пішін берді. Оның бұлай жасауына оның білімімен бірге жасаған орта мәдениеті де ықпал етті. Мысалы, тіл білімімен фикһ пен кәләм білімдерінің ғылым сыныптамасына енгізілуі осыны көрсетсе керек. 
Сол сияқты Аристотель физика мен метафизиканы екі жеке ғылым ретінде жіктеді. Ал әл-Фарабидің жіктеуінде физика мен метафизика реттілігі жағынан математика ғылымынан кейін келіп, бір сырадағы екі негізгі теориялық ғылым ретінде баяндалады. Сөйтіп ғылымның жіктелуіне араб-мұсылмандық мәдениетіне сәйкес рең берді. 
Мұсылман ойшылы ғылым мен білімдерді мынадай реттілікпен жіктеді:
«Ильм әл-луға» (лингвистика): жалпы тілдің, ойлау және адамның күнделікті өмірде таптырмас мәнге ие болуына байланысты білімдердің жіктелуін тіл білімі бастайды. Мұнда әр тілдің негізгі екі бөлігі айтылады, сөз және оның мағынасы арасындағы байланыс мәселелеріне мысалдар беріледі. Сондай-ақ сөздерді пайдалану ережелерінің маңызы мен тіл біліміндегі орны да назардан таса қалмаған. Бір тіл бір ұлтқа тиесілі болғандықтан тіл әмбепатты бола алмайды. Өйткені әр халықтың, қауымның өзінің өміріне, салт-дәстүрі мен жағрафиялық орналасуына сәйкес өз тілі бар.
Сондықтан да, тіл барлық халықтар үшін әмбепатты бола алмайды деген пікірді алға тартқан әл-Фараби тілдерге ортақ «әмбебап» заңдардың бар екенін және грамматика осы тіл ережелеріне сүйенетін, бірақ бұл ережелер де барлық тіл заңдылықтарын қамти алмайтынын айтады. Мысалы, жалпы ереже қандай өнерде болсын әмбебапты болып саналады (Jafar Ali Yasin, 1978). Ол сол белгілі ғылымды жан-жақты қамтитын ережелер жиынтығы. Әсілінде әрбір ереже өзіне қатысты өнердің көптеген жағдайын қамтиды деп ойлағанымен шын мәнінде олай толық қамтуы мүмкін емес. Ойшылдың мұнда айтпағы, әрбір тілдің өз тіл ережелері (грамматикасы) бар. Бір тілдің грамматикасы екінші бір тілге келмейді. 
Ғалым: «Әрбір халықтың тіл туралы ғылымы үлкен жеті бөлімге бөлінген», – деп тіл білімін әрі қарай былай етіп жіктейді: жай сөздер туралы ғылым, сөз оралымдары туралы ғылым, жай сөздердің ережелері туралы ғылым, сөз оралымдарының ережелері туралы ғылым, дұрыс жазу ережелері (орфография), дұрыс оқу (орфоэпия) ережелері және өлеңді дұрыс шығару ережелері (Al-Farabi, 1993). 
Мұнан соң ойшыл тілді ортақ етіп қарастыратын пән, бұл – ойлау мен әмбебапты ережелерді белгілейтін логика өнері. Себебі грамматика білімі тілге қатысты болса, логика өнері сол тілдер үшін ортақ ережелерді қалыптастыруға көмек береді деп логика ғылымын екінші кезекке қояды. 
«Ильм әл-мантық» (логика ғылымы): әл-Фарабиге сәйкес логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған қағидаттар жиынтығын береді. Ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл нысандарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды. «Ильм әл-мантық» ақыл белгілі бір нысандар жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын ережелерді үйретеді. Бұл ғылымның пайдасын ғалым: «Грамматика ғылымы бізге сөздер туралы барлық ережелерді ұсынса, дәл сондай логика ғылымы ақылмен танылатын нысандар туралы қағидаттарды ұсынады», – деп түйіндеген. (Al-Farabi, 1995a: 20) 
Әл-Фараби аталмыш ғылымдар мен оның бөлімдерінің әрбіріне әдетінше жеке тоқтап, ашықтайды. Ертедегі грек ойшылдары сияқты жалпылама сипаттамайды. Мысалы, ғалым геометрия ғылымына қатысты: «Бұл ғылым барлық ғылымдардың құрамына кіреді. Ол сызықтарды, бедерлерді және геометриялық денелерді абсолюттік мағынасында зерттейді. Олардың формалары, мөлшері, тепе-теңдігі мен тепе-тең еместігі, сондай-ақ олардың орналасу түрлері, тәртібі және соларға тән барлық қасиеттері қарастырылады...» (Al-Farabi, 1996a: 55). Евклидте де геометрия мен арифметиканың бастамалары «Әл-Устуқусат»18 деген еңбегінде ықшамдап көрсетілген. Мұнда екі жол қарастырылады: анализ жолы және синтез жолы. Негізінде грек ғалымдарының ішінде синтездеу әдісін қолданған Евклид (Asmus V.F., 1971).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет