53. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері



бет3/9
Дата30.03.2023
өлшемі40,27 Kb.
#173323
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысыҚарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашышертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Ол - қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес, сыйлас болған.
Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40-тан асқан күйлері Сарыөзен, Шайып қалды, Қосбасар, Сылқылдақ, Жетім қыз, Былқылдақ, Сарыжайлау, Азамат, Бозайғыр, Азына т.б. қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады. Тәттімбет күйлері музыка өнеріміздің алтын қорына қосылып, халқымыздың рухани мұрасын байыта түсті. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. 

55. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М.Муравьев-Апостол, Ф.М.Достоевский және т.б.) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.М.Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы-ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М.И.Муравьев-Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г.С.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г.С.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В.Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И.Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А.Д.Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М.В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф.М.Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш.Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.
А.Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А.П.Баласогло, Д.Д.Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет