5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған


Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері



бет29/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері:
Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалімі. 1980, 11-қаңтар.
Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесі // Қазақ әдебиеті. 1973,6-сәуір.
әміров Р.С. Жалпы білім беретін мектепті» 5-9 кластарына арналған қазақ тілі пәніні» бағдарламасы (жоба) // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993.№10-11012.
Бозжанова К., Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964 жыл.
Асқарбаева А., Әміров Р., 2-3 класс: «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1971.
Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973 жыл.
Әміров Р. 3-класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл.
әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған ). Алматы.1991.
әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. «Қазақ тілі» 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл.
Әміров Р., Әмірова Ж. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл.
Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл.
Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл.
Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі грамматикасы, емле, тіл дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл.
Балақаев м., Әміров Р., Қазақ тілі. Алматы. 1965.
Уәйісова Г., Әміров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі 2-класқа арналған. Алматы. 1998.
Әміров Р., Әуелбаева Ш., Бәкірова А. Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту.2-класқа арналған. Алматы. 1997жыл.
Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі - Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ыбырайым – «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы.
Ы.Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. Училищесінің оқытушысы, 1940-1991 жылдар арсында қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент болып қызмет еткен.
«Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз.
Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек «Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері», «Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары», «Грамматиканы оқыту методикасы» деп аталатын үш тараудан тұрады.
Мектепте қазақ тілін оқытудың нгізгі міндеттері мен мақсаттары анықталатын бірінші тарауда әдістеменің өзге пәндермен байланысы көрсетіліп, орта мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламаларының негізгі принциптері баяндалды. Мұнда оқытудың бағдарламалық негізіне терең мән беріледі. Оның теориялық та, практикалық та маңызын белгілейді: (Әрбір класта қазақ тілінен өтілетін материалдардың көлемін дәл белгілеу; тілді оқыту жұмысын тәртіпті және жүйелі жүргізуге бағыт беру; мұғалімнің тілді оқытуға арналған жылдық, тоқсандық, айлық және жеке тақырыптарға арналған сабақ жоспарларын творчестволық тұрғыда жасауына ұйытқы болу; мұғалімдердің методикалық шеберлігін арттырып, әр тақырыптың мазмұнына қарай пайдалы әдістерді қолданып отруға, өз білімдерін толықытырып отыруға міндет жүктейді; мұғалімдердің сабақтарын ұқыпты дайындалып, оған керекті материалдарды күн ілгері әзірлеу құнттылығын арттырады; мұғалімдердің оқушылармен кластан тыс жүргізетін жұмыстарын жақсартуды, оларды өтудің әдістерін белгілейді; тілдік материалдарды бір-бірімен ұдайы байланыстырып, ұдайы қайталап отырудың әдістерін үйретелді.
Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдеді айтады. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз тұлғаларының формалық деңгейін анықтауда мұндай тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі. «Мұалім индукцмя-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді» /80/
Зерттеушілердің пайымдауынша, әңгімелесу методы оқушылардың сабақ үстінде білім алу талабын арттырып, белсенділігін күшейтеді. Олар жауап беріп, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысады, бірінің айтқанын екінші толықтыра түсіп, тілдерін дамытады, үйе берілген тапсырманы жақсы орындауға үнемі талаптанады.
Еңбекте көрнекілік пен оны пайдаланудың жолдарынақты көрсетіледі. Көрнекі құралдардың түрлері ретінде: таблицалық көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, символикалық, тақта көрнекілігі, кескінді әріптер мен буынға бөлінген сөздіктер көрнекілігі, карточкаларды пайдалану көрнекілігі, зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекіліктерді қазіргі кезде де ыңғайына орай қолдана білген жөн.
Еңбекте фонетиканы, грамматиканы, орфографияны оытудың әдістемесі де берілген. «оқушылардың грамматканы жақсы білуініңбір шарты – анықтамалар мен ережелерді саналы түрде толық меңгеруі» деп пайымдаған ғалымдар оларды оқытуға, ережелердің құрылысы стильдік жағынан бір-біріне ұқсас, бір жүйеде болуына басты назар аударады. Сондай-ақ. «грамматика сабағында грамматикалық талдау жасаған кезде, үй тапсырмасын тексерген кезде, грамматикадан жаңа материал түсіндірген кезде босын, әйтеуір қисынын тауып, оқушыларға тиісті сөздердің емлесін үйретіп, керек жерінде есіне салып, грамматика мен емлені ұдайы байланыстырып отыру керектігін» мақсат тұтады.
Морфологияға байланысты бағдарламаға енген бесінші сыныптан бастап, алтаншы, жетінші сыныптарда жалғасатын теориялық материалдардың барлығына әдістемелік талдау жасайды. «мұғалімнің ең бірінші мақсаты – оқушыларға сөз негіздерін (түбір сөз) саналы түрде өздері таба алатын етіп дағдыландыру) - деп жазады зерттеуші әдіскер ғалымдар /139/.
Мұның да мәні ерекше. әсіресе, жас мамандар өздері түбірін таба алмайтын негніздерді мысалға алмауы керек екені анық.мысалы: көтер, тышан, т.б. сияқты тұлғаларды мысалға келтіріп, ұятқа қалған жас оқытущылар бар. Ғалымдар осыдан сақтандырып отыр. Ең алдымен, «оқушыларға сөздердің жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны» дұрыс екенін ғалымдар ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет