5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет7/75
Дата06.02.2022
өлшемі335,97 Kb.
#54202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы мағлұмат алу. Оқушыларға ХІХ ғасырдағы оқу жүйесі туралы түсінік беру. Ауыл молдаларының мектепке қосқан үлестерін таныту. Қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы мағлұмат беру
Жоспар:

  1. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі.

  2. А.Яссауидың даналық мектебінің болуы.

  3. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары

Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар ауарар болсақ, олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүтін халық мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ, жалпы халықтың, сауаттылығы, таным – түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп – медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың өзектілігі айқын.


ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкімжоққа шығара алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби ибн Синалардың, М.Қашқари мен Ж. Баласағунидің, А.Югнеки мен А. Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А.Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер едік.
Дей тұрғанмен ХІХ ғасырға дейінгі болған бірлі – жарым білім беретін орындар жалпы оқу ағарту жүйесінің құрылымын құрай алған жоқ. Бәлкім бұл халақтың әлеуметтік- экономикалық, мәдени өмірінің кешеуілден қалуымен де, көшпелілік өмір салта мен де байланысты болар. Көшпелілік тұрмыс оқытудың көпшілікке арналған түрінің қалыптасып дамуына жағдай жасай алмады. Есесіне халық ауыз әдебиеті, ауызша шығаратын ақындық өнер, айтыс өнері, шешендік өнер т.б. барынша дамыды.
Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс үкіметінің ықпалымен байланысты.
ХҮІІІ ғасырда Ресей империясының күшейген, саяси үстемділікке қол жеткізу үшін, жан – жақты ықпалды қимылдар жүргізгені тарихтан белгілі. Қазақ елін, өзге де түркі тектес мемлекеттерді отарлық елге айналдыру мақсатында саяси, мәдени, экономикалық жағынан жан-жақты құрылған бағдарламаның негізінде көптеген іргелі әрекеттерді іске асырғаны да жасырын емес. Бұл туралы профессор Мекемтас Мырзахметов « Әріптер неге өзгерген » деген мақаласында былай деп жазады: «Ұлы дала төсін жайлаған қазақ елі мен Түркістан өлкесіндегі түркітілді халықтарды отарға айналдыру және оларды рухани құлдықта ұстау үшін, біртіндеп ретіне қарай шоқындырып, орыстандыру арқылы бүтіндей бір саяси организмге айналдыру саясаты қолға алынып, жолға қойыла бастады.» / Түркістанда туған ойлар, 1998, 47 б./. Ғалым патшалық Ресейдің қазақ арасында қазақ – орыс мектептерін ашуының, қазақ қыздарын орысша оқытуды алдымен қолға алуының басты себептерін нақты ашып көрсетеді. « Өйткені заман жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек ұстау үшін, алдымен қазақтарды орыс жазуына көшіру арқылы бір-екі ұрпағы алмасса – ақ болады, оларды көршілерінің діни, мәдени әсерінен аулақтататын, тезірек орыстандыра аламыз деп ой түйді » / сонда,51 б./.
Осылайша, ХVIII ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкімтінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәло осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады.
ХІХ ғасырдың бірнші жартысында бастап қазақ байманаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды.
1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министірлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыты әр түрлі бағытта болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет