5В 050200 «Филология» мамандығына арналған


-дәріс. Абай және орыс әдебиеті. Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
#505
1   2   3   4

5-дәріс. Абай және орыс әдебиеті. Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.


Абай заманы, ақындық енерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы үсақ-үсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уөзд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шүрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді қүтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.

Шоқан УәлихановЫбырай Аптынсарин,Абай Қүнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықүранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетініңүздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бүрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, ендіорысәдебиетіноқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас кебеймесе азайған жоқ.

Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімөлер жинағы, «Шахнама«, «Сейфул-Мәлік», «Таһир- Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лүхман Хакім туралы аңыз-өңгімөлер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлдежаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орысхалқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс өдебиетінің қазақ мөдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы көзде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шіберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-тұсінудің таптырмас қүралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейның тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшіліқ жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдердің білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында Өзат адамгершілік идеалдардың жаршысы болаалатыны көпоқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қапмағаны анық. Ол ІЗ жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген көзінде «Приходская школаға» тұсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30- дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е. П. Михаэлиспен танысуы осы тұста.Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қӨзғалысын үйымдастырғандардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. ЖасынанН. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой- пікірлерінен терең мағлүматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдыңорыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген қүнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.

6- дәріс. Абай және Пушкин.  

Абай – А.С.Пушкинді, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов орыс ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Қазақ әдебиетінің өркендеуі үшін Абайдың аудармашылық жұмысының зор маңызы болды. 1886 жылдан бастап Абай Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аударады. Орыстың классик поэзиясы Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл Еуропалық мәдениетке) ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факт еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Өзінің идеялық жәнетворчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сиякты Абай да қалың жұртқа ортақ, анық ұлттық, халықтық ақын.

Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты.

Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Ол Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татья¬на хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі.

Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкинге деген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 жылы басылып шыққанын атап кеткен жөн. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады.

7- дәріс. Абай және Лермонтов.  

ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Ю.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, – дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны», «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».


Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз», «Альбомға» т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Сонымен қатар ол Лермонтов шығармаларын қазақ өміріне жанастыра қабылдауды шет көрмеген. Абай Лермонтовтың «Ой» атты өлеңін аударғанда, бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген адамды іске жарата алмай отыр деген пікірді өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:

Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы,


Салқын, қуыс – өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды…»,- дейді.

Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі. Осы өлеңнің соңғы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:

Досың жоқ, дұшпаның жоқ, тыныш жатасың,
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын?!

Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады. Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. «Теректің сыйы» («Дары Терека») атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау – Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Жылы жүзбен Терекке амандасты.


Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты, -

деп ақын аударғандай Лермонтов өлеңінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай отырып, әсерлі қазақша айтып жеткізген. «Қараңғы түнде тау қалғып…» – Абайдың М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең – Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. «Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ» деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.



8- дәріс. Абай және оның орыс достары.

Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын қуушылар еді. Солардың бірі Е.П. Михаэлис — Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған.

Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін тұңғыш таратушылар да, халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жақтаушылары да солар болды. Біз Михаэлистің көптеген еңбектерін және Леонтьевтің "Обычное право у киргизов" деген көлемді зерттеуін білеміз. Орыстың демократиялық интеллигенциясының бұл өкілдері халықты ағартуды царизмге қарсы күрестің маңызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыруы — олар үшін, әрине, маңызды міндет болды.

Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің қалың еңбекші бұқарасына жеткізуге тырысты. XIX ғасырдағы азаттық идеяларға толы орыстың классикалық әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес даусы Сибирьде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі.

Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды. Сол мектептен үлгі алған Абай қазақ әдебиетінде үлгілі мектеп болды.

Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.

Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды.

Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.

ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны, «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» – деп Абай айтқандай, әдебиет әлемінде әркімнің өз орны бар. Ақын жазушының бәрі бірдей әдебиеттен қолма-қол өз орнын дәлме-дәл таба қоюы сирек нәрсе.

Абайдың аударма өндірісіндегі ерекше зор тарихи еңбегін атап айта келіп, М.Әуезов: «Бұл жөніндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор, кең мағыналы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді»- дейді.


Ақын аудармалары – өмір шындығының айнасы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі адамгершілік, халықтық, демократиялық идеяның үлгісі. Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде мәңгі маңызын жоймайтын әдеби мұра.

9-дәріс. Абай және неміс әдебиеті.

Қазіргі әдебиет тану ғылымында Абай шығармалары мен неміс әдебиетінің өзара қатынасы аз зерттелген. Неміс әдебиетінің Абай шығармашылығына қандай дәрежеде әсер еткені, олардың өзара уқсастық шамасы айқындалған жоқ. Абайдың жеке өмірі мен ақындықжолының неміс әдебиетінде (шетелжәне отандық) бейнелеуін көрсету де тапшы. Абайдың білімді, көп оқыған адам екені белгілі, оны тарих, социология мәселөлері қызықтырды, экономикалық, философиялық еңбектерді көп оқыды, қоғамдық ойдың дамуына ой жұгіртті. Немере інісі Кәкітайдың естеліктері американ саяхатшысы Дж. Кеннанның «Сібір және сүргін» (1906) атты кітабына енген жазбалары, сондай-ақ Ә. Бөкейхановтың ақынға арнаған азанамасы (1907) Абайдың көп оқып, ерінбей ізденгенін дәлелдейді. Абай орыс сыншыларының еңбектерімен таныс болды, неміс классикалық философиясы мен әдебиеті туралы көптеген мәліметтер жариялаған 19 ғ-дың 2- жартысындағы белгілі орыс журналдарын оқыды. Осы көзде Россияда И. В. Гетенің, [[Шиллер|Г. Ф. Шиллердің, Г. Гейненің, Э. М. Губер, П. И. Бейнберг, А. А. Фет т. б. тәржімелеген нұсқалары жарық көрді. Абай осы аудармалармен танысты. Абайдың жақын достарының ішінде «орыс немістері» Е. П. Михаэлиспен А. Л. Блек те бар еді. Абай 20 жыл бойы Михаэлиспен шынайы дос болды. Блек 1883-1884 ж. Семейде айдауда журіп, Абай да мүшесі болып сайланғанСемей облыстық Статистика комитетінде жұмыс істеді. Абайдың Михаэлиспенжәне Блекпен көздесе жүріп, олармен Гете, Шиллер т. б. туралы әңгімелеспеуі мүмкін емес. Демек, Абайдың неміс әдебиеті женінде едәуір мағлүматы болды деуге толық негіз бар. Гете мен Абайшығармаларының терең салыстырыла оқытылуы екі ақынның рухани үндестігі, дүниені сөзінуі, поэтик. көзқарастары, ғибраттық - этикалық тақырыптағы ой-пікірлерінің ұқсастығы туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін шебер аударуы және оған ән жазуы оның немістің классикалық әдебиетінің поэтикалық-философиялық әлеміне терең бойлағанын болжатады. Абай түлғасы қазіргі Неміс әдебиетінде кейінірек көрінді. Ол туралы маман түркологтар, әдебиет зерттеушілер, журналистер мен жазушылар өз еңбектерінде енді-енді жаза бастады. Абай шығармалары туралы ой-пікірлер белгілі жазушы, түрколог Зигрид Клейнмихельдің Орта Азия мен Қазақстанның бүгінгі таңдағы әдебиетіне арналған әдебисын мақалаларында кездеседі. Неміс жазушысы Клаус Шнайдердің «Алматы. Қазақ көктемі» кітабына Абайдыңпатриархалды-феодалық көзеңжағдайында-ақ Батыс Европа елдері халықтары мәдениетіне жол салғаны, қазақтардың ішінде Гете шығармаларына алғашқылардың бірі болып қызығып, суйсінгені туралы айтылады. Абайдың Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін аударғаныженіндегі мәліметтерді жазушы Рут Крафтың «Алатау аясындағы достар» деген очеркі мен «Катаринаға арналған раушан» (Берлин, 1971) жинағында айтылады. «Шетел жазу- шыларының лексикасында» Абай туралы өмірбаяндық деректер берілген. Мәдени-саяси «Зонтаг» апталығы оқушыларға Семей облысының Қарауыл қыстағында «Ақындар аллеясы» ашылып, Гете-Лермонтов-Абай мүсіндерінің орнатылғанын насихаттауда қазақ жазушысы Қ. Исабаев көп улес қосты. 1979 ж. оның тікелей қатысуымен Габельбахтағы Гете музейінде «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің тексі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. В. Веймердағы Гете музейінде өз қолымен жасаған Абай бейнесі бар «Қазақтың Гете аудармашылары» планшетін, Мүрсейіт қолжазбаларының суретке тұсірілген данасын және «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің музыкасы мен нотасын тапсырды. Абай шығармалары Германияда онша мәлім емес. Бұл алдымен неміс тілінде сапалы аудармалардың жоқтығына байланысты. Абай мұрасын Түпнұсқадан тікелей неміс тілінде тәржімелеушілер тапшы. Орыс тіліндегі аудармалардың деңгейі Түпнұсқадан гөрі төмен. Басқа шет елдегі сияқты Германияда да Абайды негізінен М. О. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы біледі. Абай шығармаларын неміс тіліне аударуға неміс ақындары - Герберт Генке, Зени Эстеррейхер, Роза Пфлюг елеулі үлес қосып жүр. Аудармашы Герольд Бельгер Абай шығармалары туралы бірнеше ғылыми мақала және екі кітап жазды. 

10- дәріс. Абай мен Гетенің рухани байланысы.

«Абай Иоганн Вольфганг Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін қазақ тіліне аударып, оны әнмен шырқады. Бұл неміс данышпанының Отанына белгілі қазақ прозашысы Қалмұхан Исабаевтың арқасында танылды. Ол Германияда әскерде жүрген кезінде Габельбах тауының биігіндегі Гетенің аңшылық үйінде болады. 1780 жылы Гете аталмыш өлеңін осы үйде шығарған. Ақын мұражайына айналған осы үйге Исабаевтың мұрындық болуымен 1979 жылы 22 шілдеде бүкіл қазақ даласын шарлаған әннің Абай аударған мәтіні жазылған мемориалдық тақта орнатылады. Содан бастап Семейде Гете көшесі, ал Берлинде Абай-штрассесі пайда болды. Абай мен Гетенің әрқайсысы бүкіл адамзат баласы тануға, игеруге тырысатын тұтас әлем» деп түйіндеді Л. Шик өз сөзін.  «Абайға жазылған һашия» тақырыбында баяндама жасаған «Хакім Абай» қоғамдық қорының президенті Жабал Шойынбеттің де айтар жаңалығы мол екен. Абай атындағы ҚазҰПУ-де университет ректоры С.Пірәлиевтің тікелей бастамасымен ашылған «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы Ұлы Абайдың даналығын жаңа сипатта оқытуды қолға алып, көрнекті абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен жоғары оқу орындарында «Абайтану» пәнін оқытудың бағдарламасын, оқулығын, хрестоматиясын дайындауды жүзеге асырыпты әрі 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың барлық факультетінде «Абайтану» пәні енгізіліпті.  Ал Жапонияның астанасы Токио қаласынан абайтану аудио оқу құралының шығарылуы жөніндегі әңгімесі жиылған қауымды тіптен ынтықтыра түсті. Астаналық Нұралы Құдайбергенұлы деген кәсіпкердің демеушілігімен шыққан бұл оқу құралының ғажаптығы сол, жуандығы екі елі «сиқырлы таяқшасын» кітаптың қай жеріне тигізсеңіз, сол жердегі текстің компьютер арқылы дауыстап оқыла жөнелетіндігінде. Ғылымның озық жетістігінің бір дәлеліндей ғажап оқулық 750 данамен шыққан екен. Мұндай ерекше оқулық әзірге, тіпті Ресейде де жоқ көрінеді.

Гете мен Абайдың қыз-келіншектер бейнесін сомдауы таң қаларлықтай үндес. Гетедегі «Асқақ қыз» («Ару», сірә) атты өлең қыз сұлулығының құпиясын халықтық сарында ойната білуімен баурайды. Қазақтық азат болмысымен өлердей сүйетін еркіндік һәм еркелік идеясы бар. Бір сұлуға неше жігіт сөз айтады, бақташы қыз оларды көзіне ілмей, қастарынан әндетіп өте шығады. Қыз сүймесе, өзін өзгелер сатып алуға әсте көнбейді.

Етімді шал сыйпаған құрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға.

«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» атты өлеңінде Абай «Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр» деп ашық айтқан. Гете жырында жас қыздың сүйіспеншілігін айбынды Тирсис екі қозыға сатып алғысы келеді, енді біреуі жүрегін ұсынады.

Гете мен Абай үшін қыздың сұлулығы оның өз құнын біліп, кім-көрінгенге құлай кететін осалдықтан сақ бола білетін қас арулығында жатыр, ибалылықты ардақтайды. Гетенің ерке аруы: «Тек ла-ла! тра-ла-ла!» - деп әндетсе, Абайдың сұлуының портреті «Қақтаған ақ күмістей ақ маңдайлы» атты өлеңінде берілген.

Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы,

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.

Гете қыздың сыңғыр қаққан әнін бұлбұл үніне тегін ұқсатпайды. Ол бір өлеңінде сүйгені туралы «Көзіме тек сен көрінесің де тұрасың» деп үздігеді. («Сүйіктінің жақындығы»). Абай сүйген сұлуына «Көзімнің қарасы» деп тебіренеді.

«Бләткенің байы ақша,/ Ер асылын таңдамас», - дегенде Абай қыз-келіншектің ұлт анасы екенін ескеріп, өзі жиренішті санаған арсыздықтың кескінін именбей дәл айтты. «Қас бұзақы - қардан туады», адам жатынына тартады деп таниды қазақ даналығы. Нәзік жандылардың тазалығын қос ақын ұлықтайды.

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!

«Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» -  Абай  өлеңде «Шу дегенде көрінер сұлу артық» десе де, сайқал жардың опасыздығын сынай білді.

Гете «Жабайы райхангүл» атты халық жырының негізінде жазған өлеңінде райхангүлдің тікенегі барын аллегориямен берген. Бұл ауырсыну - ұл баланың ересейгенде бастан кешер махаббат михнатының поэтикалық нышаны. Абай мұны «Сен мені не етесің?» атты құпияға толы өлеңінде ерекше лиризмге толы азапты құсамен жеткізді.

Гетеде «Айға» атты өлең бар, жанры - монолог. Абайда толғану көп. Екеуінің көп өлеңдері өзімен-өзі сырласу, оңаша сөйлесу. Ішкі сезімдердің ақылға бағынбай лықсып шығуы, қоршаған табиғатпен үндестік.

О, шуми, шуми, вода!

Буду ли счастлив вновь?

Все исчезло без следа -

Радость и любовь.

(В.Левик аударған).

Көк ала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта.

Өне бойы егіліп,

Жас ағады аулақта.

Абай «Көк ала бұлт сөгіліп» атты өлеңінен бөлек «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» атты өлеңінде: «Өмір сәуле көрсетер судай тұнық» деп суреттейді. Ол адамның көңіл-күйі судай толқып тұрарын,  жан-дүниенің құбылғандағы реңкін дөп береді. Гетедегі «Көл жағасында» атты өлеңіне параллель.

И жизнь, и бодрость, и покой

Дыханьем вольным пью.

Природа, сладко быть с тобой,

Упасть на грудь твою!

(В.Левик аударған).

Адамның кейбір кездері

Көңілде алаң басылса;

Тәңірінің берген өнері

Көк бұлыттан ашылса.

 

Сылдырап өңкей келісім



Тас бұлақтың суындай,

Кірлеген жүрек өз ішін

Тұра алмас әсте жуынбай.

«Адамның кейбір кездері».

Гете су торлаған дымқыл әлемнің жемісі мол боларын ұғындырады. Гетеде тұман - ұлы символ, алдағы күнге сенім ишарасы. Қазақ жырауларына тән кесек сөйлеуді немістің данышпан жыршысынан ұдайы аңдаймыз. Жырауларда белді бекем буу, батырлық, тәуекелшілдік һәм шаһидтік сарын күшті.

Түн сұлулығын қос ақын бірдей сүйген. Гетенің «Көркем түн» атты өлеңі куә. Мұнда түнгі құстың сыбдыры, мұңды елес бар. Гетенің Страсбург кезеңін білдіретін өзі сүйген аруының бірі Фридерика Брионға арналған мәтінде грек мифологиясынан алынған бұлбұл құс - Филомела үнсіз қалды дейді: «Сен болсаң оның жылағанын естімей ұйқыда балбырап жаттың. Мынау өлең сенің жазаң» деп жырлайды. Бұлбұлдың сайрауы әр түрлі халықтардың ұғымында ақынның, жыршының кейіптелуі болып табылатын әйгілі образ. Расында бұлбұл құс жұптасар кезде сайрайды екен.

Гете - таң сәулесінің ақыны. Таң сәуле - біздің қазақтың эпикалық жырларында, «Қыз Жібекте» суреттелінеді.

Кристель - ақынның қол жетпес аруы. Ақын жүрегімдегі сағыныш, құса бөрі болып ұлыса деп өз сезімін суреттейді: «Мен сені ойлаймын. Өмірім онымен ерекше жарқын екен».

Айттым сәлем, Қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

«Жігіт сөзі».

Абайда қыз бен жігіттің бір-біріне құмарлығы ашық айтылатын махаббат лирикасында айқын дәлдік бар.

«Жаспен жұбану» атты өлеңде Гете көзімде жас барда түнде жылайын деп тебіренсе, Абайда жылау мен жырлау кей сәт қосарлы: «Көзіме жас бер, жылайын!», «Жылайын, жырлайын,/ Ағызып көз майын». Қос ақында сезімталдық өте күшті.

Гетеде ай бейнесі көп мағыналы символ болатыны, әйел заты, су, құнарлылық, өлім, жаңғыру, түн - табиғаттағы мәңгі айналымдар, циклді процестер көктегі Күннің серігі Аймен байланысты. Гетеде ай түнгі елестерді тірілтеді, бағзы, өткен дүниені жадқа оралтады, елестердің әміршісі.

Айлы түндер - махаббат маусымы, бұлбұлдың әні тәрізді (Гете, «Белиндаға»). Қыз затын ақын табиғат тамашасымен тең қарайды, көктемдей сүйінішпен қабылдайды. Қуана білмеген жан өмірді өгей шешесіндей көреді, бұл ой Гетенің достыққа мадақ жырында бар.

Ол «Аңшының кешкі жыры» атты өлеңінде махаббат сезіміне ештеңені теңгермейді:  «Арманның шыңы - махаббат!». Данышпан неміс ақыны «Сұрапыл махаббат» атты сыршыл өлеңінде жүректі азаптайтын рақымсыз махаббаттан қашып құтыла алмайды.

Ғашықтық - қиын жол

Жетсең - жеттің.

Жетпей өттің,

Не болды?

Арманда өмір

Өтті,


Ойлар ма екен бір мені сол?

Салдырап аяқ-қол,

Жетпей сертке,

Ішім дертке

Тез толды.

Ажал уақыты

Жетті.

Мен өлейін, сен сау-ақ бол.



«Сен мені не етесің?» - Абай ғашықтықтың дертпен тең екенін жаны күйзеле жырлайды. Нақ осындай көріністі жазбай білдіретін, сүйген жарға қолы жетпей өте үздіккен, ішқұса махаббат сезіміне өртенген хәл Гетенің «Алыстағы аруға» атты өлеңінде суреттелінеді. Абайдың «Қор болды жаным» атты өлеңінде жардың тас бауырлығы ауыр қабылданады.

Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Абай сүйіспеншіліктің физиологиясын асқан сезімталдықпен айқындап тұр. Гете «Жаңа махаббат, жаңа өмір» атты өлеңінде әйелдің қырық есекке жүк боларлық айлакерлігі, сайқалдығы суреттелген. Жас сұлудың көркіне арбалған ақын тіпті оны өле-өлгенше сүйіп өтуге даяр. Сөйте тұра ол жас сұлудың сиқырына арбалудың түбі неге соқтырарын іші сезгендей, оның қылымсуы мекерлік екенін ұғынады. Сондықтан ақын оған қор болғысы келмей, «Ах, махаббат, босатшы мені!» деп жалбарынады. Әйел затының жаратылысына тән залымдық пен үстемдікті  Абайдан асырып айтқан ақындар да бұл фәниде бар шығар.

Сен мені не етесің?

Мені тастап,

Өнер бастап

Жайыңа


Және алдап,

Арбап,


Өз бетіңмен сен кетесің.

Неге әуре етесің?

«Сен мені не етесің?»

Гетеде «Таптым» атты өлеңі жұбайы Христинаға арналған, сүйген жарын гүл санау, оны гүлдей мәпелеу идеясы анық. Абай арттағыларға жарды таңдап бірақ сүй, ауыстырма деп өсиет қылды.

Абайда Тәңірінің бұйрығына бағыну сарыны күшті. Гетедегі «Суретшінің кешкі жыры» - бұл-дағы ақын табиғатының Жаратушы құдаймен байланысын айғақтайды, ақындарын Аллатағала өзінің бар екенін ишаралау үшін жаратқанын бейнелі жеткізеді.

Гетедегі ой толғау атаулы қазаққа жат еместігімен баурайды.



11- дәріс. Абайдың философиялық көзқарасының қалыптасуына Европа философиясының әсері. (Спенсер, Спиноза, Декарт)

Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек).



Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Европаның) филос. ойдың жетістіктері.Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстіңде: «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы аса зор.

Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе елер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» туратын қара сезбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура. Бұл «Сездер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Бірқатар зерттеушілер философияның негізгі мәселесін шешуде «Абай теист болды» деген пікір айтады. Мыс., О. А. Сегізбаев «философиялық дүниетаным саласында ол тұтасымен деизм бағытын ұстады. Барлық деистер сияқты оның шығармаларынан материалистік бағдар мейлінше анық көрінеді» деп есептейді (Сегізбаев О. А. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм. - А. , 1973, 108-6.). Дегенмен, өзінің бұдан кейінгі зерттеулеріңде Сегізбаев: «Ыбырай Алтынсариннің, әсіресе, Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойындайды (С е г і з б а - ев О. А. Революцияға дейінгі Қазақстаңцағы қоғамдық ойдың материалистік және атеистік бағдарлары. Автореферат. Ташкент, 1979, 37-38-6.). Бұл еділ тұжырымдармен келіспеуге болмайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді. «Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде қарасөзбен жазылған «ойларынан» («Ғақлияларынан»), - деп жазды Әуезов, - Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың көз қарастарымен, олардың «Современник» беттерінде айтқан пікірлерімен жиі ұшырасамыз» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А. , 1961, 157-6.). Ұзақ жылдар бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демокр. көз қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген тұжырымды дәлелдеп шықты. Патриархалдық-феод. қазақ қоғамында өмір сүріп, аса күрделі де қайшылыққа толы жағдайда өлең жазған Абай мұрасын зерттеу барысында еткен ғасырлардағы ойшылдар шешкен мәселелердің шынайы мазмұнын анықтау онша жеңіл жұмыс еместігін есте ұстау керек, өйткені оларға идеологиялық тұрғыдан саяси логика. құрылымнан «берік сауыт киім» кигізілетін. Ойшыл-ақынның жеке шығармаларына ғана талдау жасамай, оның бүкіл әдеби мұрасының идеялық мазмұны мен ішкі логикасын тұтастай қарастыра қорытындылайтын болсақ, Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстады деп толық айтуымызға болады, осының езінен орыстың материалистік философиясының, ең алдымен Чернышевскийдің ықпалы айқын көрінеді. Рас «ақын Қазақстанның экономик. және мәдени мешеулігі жағдайында айқын да толық жетілген революциялық-демократиялық дүниетаным деңгейіне көтеріле алған жоқ, дегенмен ол ешқандай бұлталақсыз революцияшыл демократтарды жақтады» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. 210-6.). Абай филос. рационализм мен демократизм рухындағы езінің ең басты идеялық ұстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский көз қарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос. жүйелерге сын кезбен қарап, қорытынды жасайтын еңбектері арқылы Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен танысты. Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда болуы мәселесін «... дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем загонға қаратылып жаратылды», - деп түсінген. Атомистиканың кене заманнан бері материалистік дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, соңдай-ақ, атомизмнің дамуына зор үлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен таныс болғаны анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде өмір сүреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын себептілік байланысты, «әрбір істің себебін» тани білу қажет деп есептейді.

12- дәріс. Абай кітапханасы М.О. Әуезов зерттеулерінде.

Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұқтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. 


Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М. Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М. Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет