5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған Отбасы психологиясы



бет3/4
Дата11.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#6633
1   2   3   4

Дәріс тақырыбы. Отбасылық қарым-қатынастардың типтері.

Жоспар.


1.Отбасылық қарым-қатынастардың типтері.

2.Қарым-қатынас ерекшеліктері.

3. Отбасындағы ересектермен балалар қатынасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Әр түрлі елдерде отбасының әр түрлі типтері болады. Кейде терең ертелікке тән қатынас

формаларын сақтаушы экзотикалық түрлері де кездеседі. Бір айта


Дәріс тақырыбы. Жанұядағы дағдарыстар.

Жоспар.


1.Жанұядағы дағдарыстардың түрлері.

2.Жанұядағы дағдарыстардың себептері.

3.Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.

Отбасы психологиясыңда- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.

Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте кереді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дагдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі -бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады.

Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады.

Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасыңда 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды.



Қарым - қатынастағы дагдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке бартннан кейін де пайда болуы мүмкін.

Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың катар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.

Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезенде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді.

Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама- қайшылықтарға әкеліп соғады.



Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.

Одан әрі өсіп калған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дагдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен аукымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.



Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезенге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата - ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі - зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым - қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.

Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі - зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқгы жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез - келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы- ажырасуы орын алады.

Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар.

1.Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру.

2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстарболу себептеріне тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989

3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988

4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002


Дәріс тақырыбы. Ата-аналар алғашқы тәрбиешілер.

Жоспар.


1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.

2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны.

3.Бала тәрбиелеу жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.  Ата - бабаларымыздың сондай-ақ, тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілін, табиғи қадір - қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызда тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.

Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби : «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген. Адам өмірге бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.

Қазіргі уақытағы мәселе тудыратын себептердің бірі – отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихта көз жүгіретін болсақ, кең байтақ өлкемізде буынынан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргеділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.

 Екінші себеп - отбасындағы ұрыс - керіс, ата - аналардың мінез-құлқы.  «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды  тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың  өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» - деген болатын А.С.Макаренко. Ал, ұлы ата - бабамыз: «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп түсіндіреді. 

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы , ұстамдығы, кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімі де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында. Адам тәрбиесі-үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағыдыры дегенге өз ойыңыз.

2.Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер.

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001

Дәріс тақырыбы. Жанұялық тәрбие.

Жоспар.


1.Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы.

2. Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

«Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі», яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
«Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі»
«Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”»
«Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы».
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру .
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).
Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады.,

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы... бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.
Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады.
Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді.
Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.
Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Бала тәрбиесі туралы өз ойыңыз.

2. Отбасылық тәрбиенің маңызы қандай?



3.Отбасы мүшелерінің өзара үйлесімділігі пікіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991



Дәріс тақырыбы. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

Жоспар.


1.Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

2.Мектеп пен жанұя арасындағы байланыс.

3.Ата-аналардың мектепке баруы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан да, оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Мектеп іс-әрекетінің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осындай жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы жағдайларының бірі – бұл ата-аналардың өзара махаббатына, көзқарастарының мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекетерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа да адамдар үшін де өмір сүре алады.

Отбасында балаларға үлгі-өнеге беретін ата-аналар мен ересек адамдардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, мәнді рол атқарады. Мектеп отбасы байланысының басты формалары – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер: күнделікті өмір, еңбек, үй тапсырмаларын орындау, оқушылар-дың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы және т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі –педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға байланысты ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен отбасы байланысының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі кезеңде ата-аналармен бұқара халыққа педагогикалық білімді таратып, насихаттаудың аса зор маңызы бар. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілік қасиеті жоғары, жақсы азамат етіп тәрбиелеу, қиындықтарды жеңе білуге, ата-аналарын түсіне біліге, еңбекті сүюге үйрету болып табылады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылыққа және жақсы мінез-қүлық ережелеріне үйретеді, ересек адамдарды құрметтеуге, оларға көмектесуге және моральдық қасиеттерге тәрбиелейді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Жанұя мен мектептің өзара байланысын қарастырыңыз.

2.Мектеп ата-аналармен қандай жұмыс формаларын ұйымдастырады соған сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет