1.Жазба жұмыс түрлері
2.Жазба жұмыс жүргізудің әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлау мәселелерінде әдеби шығармалармен таныстыру ерекше орынға ие екенін ескерту қажет.
Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас ерекшелігіне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім дағдалар (пәнаралық байланысты ескере) бір-бірімен байланыстырыла өтіледі.осылай оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі дайындық тобынан бастап баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, қзі басқаға сұрақ қойып, жауап алуға үйрету міндеті іске асады. Осы білім дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші баланы айналасындағы адамдармен амандасу, әдепті сөйлеу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты мінез-құлық әдептеріне үйретеді. Қ.Мырзалиевтің «Ойыншықтар » өлеңін дайындық тобындағы балаларға оқығанда тыңдай білуге үйрету, өлеңде аталған жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін жетілдіру қажет. Мысалы балаларда үй жануарларының аттарына байланысты сөздер мен олар туралы ұғымдары қалыптасқанмен, балаларға үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелескен жөн:
1.Үй жануарларының аттары.
2.Немен өоректенеді, қайда, қандай жерлерде болатыны, бір-бірімен ұқсастығы, ерекшелігі.
3. Адамға тигізетін пайдасы, т.б.
Балалардан мысық жайлы сұрағанда, олар; Бұл-мысық, сүт ішеді, ет жейді,-дей келе мысықтың көзін, құлағын, аяғын, тұмсығын атап айтады.
Тәрбиеші ай тақырыпта қандай шығарма оқысада, бақылау, іс-ұимылдардың, экскурсия, әңгімелеу, әңгімелетіп айтұызу сабақтарын өткізсе де, әр заттың іс- қимылдардың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті.
Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі-сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізуарқылы тәрбиеші балаларға шығармада, әңгімеде кездесетін жаңа сөздермен, ұғымдармен таныстырады. Сонда ғана олар әңгіме мазмұнын саналы түрде түсініп, әңгімелеп бере алады.
Әдеби шығармаларды оқу арқылы алған білімдерін тиянақтау, жалпы сөз қорларын молайта отырып, мағынасы ұқсас, мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту, көрген білгендері жөнінде (салыстыра, теңей айтуға үйрету) алғашқы ұғымдарын қалыптастырады.
Дайындық тобындағы балалар шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білугеүйренуге тиісті.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді өолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (5-6 жаста-6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгіленеді. Осылайша баланы үйренген сөзді қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу керек. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету сабақта және сабақтан тыс әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
Дәрісті қорытындылау: Жазба жұмыс түрлерін таныстыру. Мектеп жасына дейінгі баланы жазба жұмысына даярлау.
Бақылау сұрақтары:
1.Балабақшаларға арналған жазба жұмыстарының түрлері?
2.Мектеп жасына дейінгі балаларға қандай шығармалар айтылу керек?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет
3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997
4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992
5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
№15 –дәріс
Тақырыбы: Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары.
(2сағат)
Дәрістің жоспары:
1.Әдеби шығармаларды іріктеу.
2.Әдеби шығармалардың тақырыптары.
3.Көркем шығармаларды тыңдату жұмыстары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: С.Рахметованың «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулығында бастауыш мектептегі оқу сабақтарының мақсаты деп төмендегідей мәселелерді айтады:
1.Идеялық –саяси, адамгершілік және эстетикалық еңбекке баулу арқылы тәрбие беру.
2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
3.Балалар, жасөспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бірін – бірі сыйлаушылыққа адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін, тілін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу;
6.Еңбекке қызығушылығын арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақта балаларды сөйлеуге дағдыландыру барысында қолданылған жаттығулар тапсырмалар жүйесі, көрнекіліктер, тестілер, қойылған мәселесі сұрақтар, еңбекке қатысты мақал – мәтелдер мән – мағынасы оқушының ақыл – ой тәрбиелік дамытуды көздейді. Балалардың ақыл – ойын, тілін, сөйлеу дағдысын өрістетуді тәрбиелеуде пікірсайыс түрінде өткен сабақтардың рөлі ерекше.
Білімді меңгеру процесінде балалардың ойларын жандандырып, оларды ауызша сөйлеуге дағдыландыра түсуге қолданылатын жұмыстар да ұтымды әдіс – тәсілді пайдалануды керек етеді.
Баланың жалпы жетілуіне, өмір тәжірибесіне байланысты. Бұл орайда, тағы да оқу процесінің рөлі зор. Бала кітапты немесе қосымша пайдаланған мәтіндерді тыңдай отырып, өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысады.
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарында халықтық інжу – маржандары мақал – мәтелдерді ұғындыру, түсіндіру халқымыздың еңбексүйгіштігін дәлелдеу, халқына құрметпен қарау, сыйлау сезімін тудырады.
Дәрісті қорытындылау: Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстарының тақырыптарын дұрыс таңдау, баланың қызығушылығын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |