І.Кешенді емтихан: «Педагогика, Психология» «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»
ІІ.Кешенді емтихан: «Математиканы оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ (орыс) тілінің негіздері» пәндері бойынша емтихан тесттері құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.(28.10.2021 ж., №3 хаттама).
Дипломдық жұмыс тақырыптары мен олардың ғылыми жетекшілерінің тізімі университеттің (№01-68, 26.10.21ж. бұйрық) бекітілді.
Кафедрада бітіруші топ білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау кестесі мен диплом жұмысын орындау мен рәсімдеуге байланысты талаптар хабарланып отырды.
2. Білім алушылардың кешенді емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген мамандықтар бойынша мамандар даярлаудың ерекшеліктері.
Мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды «Бастауыш оқыту педагогикасы менәдістемесі» мамандығының студенттері тарапынан тапсырылған мемлекеттік емтихан қорытындысы олардың білімінің жалпы қанағаттанарлық екендігін дәлелдейді. ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді құқықтық реттеу және шешу кезіндегі іс қағаздарын жүргізу дағдыларын дамыту;
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері тарапынан тапсырылған кешенді емтихан қорытындысы олардың білімінің жалпы қанағаттанарлық екендігін дәлелдейді. Бұл мамандықтағы студенттердің негізгі бөлігі сырттай, кешкі оқу бөлімі студенттері болып табылады. Салыстырмалы түрде студенттер жауаптарына талдау жасағанда құқық қорғау қызметтік тәжірибесі бар, көпжылдық құқықтану қызметі нәтижесінде әріптестерімен, мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп жүрген студенттердің жауаптары өзге студенттерге қарағанда едәуір ерекшеленді.
Жалпы алғанда, білімі мен кәсіби даярлығы тұрғысында қорытынды емтиханға дайын екенін барлық студенттер танытқан. Оқу материалын толық меңгерген, көрнекіліктер мен оқу бағдарламаларын пайдалануда сауаттылық пен икемділік танытқан студенттер өз білімдері деңгейінде бағаланды.
Кешенді емтихан сұрақтарының құрастырылуы да өз деңгейінде жасалды. Диплом жұмыстарын қорғау бойынша да студенттер білімі мен дайындығы әртүрлі болды.
Кешенді емтихан тапсырған студенттер арасында «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар болған жоқ. Бұл кафедра түлектерінің оқу жылы барысында алған білімдерінің жақсы деңгейде екендігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |