5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған Психологиялық менеджмент


Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері



бет2/3
Дата15.09.2017
өлшемі446,72 Kb.
#32595
1   2   3

Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Жоспар.


  1. Психологиялық менеджментті ғылыми тұрғыдан қарастыру. .

  2. Психологиялық- басқарушылық мәселелер деңгейі және оның даму кезеңдері.

  3. Қазіргі менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.

  4. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының дамуы тарихы.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Менеджмент ( ағылшынша) – алға қойған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент – түрлі ұйымдарда адамдардың басқаруымен орындалатын іс- әрекет, қызмет. Менеджмент осы қызметті жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің бір аймағы. Менеджмент - басқару арқылы жұмысты жүзеге асыратын «менеджерлер» жиынынан,яғни нақты адамдар категориясы.. Менеджмент – кәсіби басқара алатын басқарма субъектісі. Менеджмент – өзіне ғылымды, тәжірибені және басқару өнерін қоса алып жүретін басқарма ойлар. Менеджмент – адамның талпынысын қанағаттандыруға көмектесетін, басқаруды жүзеге асыратын психологиялық үрдіс.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор Қ.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993ж).Қ.Б.Бердалиев «Менеджмент негіздері» (1994ж), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет қарағандылық ғалым Р.С.Каренов зерттеді. / «Өндірістік менеджмент» 1996ж, «Инновациялық менеджмент» 1997ж, «Кадрлық менеджмент» 2001ж. айтуға болады. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Менеджменттің ғылым ретінде анықтама беру.

  2. Менеджмент деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

  3. Қазақстанда менеджменттің теориясы мен практикасының дамуына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

  2. Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.

  3. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

  4. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар

мен әдістер.

Жоспар.


    1. Психология ғылымындағы теориялық зерттеулердің классикалық әдістері.

    2. Психикалық құбылыстар менеджментінің технологиясы.

    3. Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі.

    4. Өндірістік – технологиялық қызметтер.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Басқару әдістері: ұймдастырушылық әдіс, құқықтық реттеу әдісі, экономикалық әдіс, психологиялық әдістер, әкімшілік әдістер. Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеудің негізгі тәсілдері. Отандық психологияда әлеуметтік-психологиялық климаттың табиғатын түсінуде төрт негізгі әдіс қарастырылады. Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі. Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен практикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 бағыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымдамалардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару теориясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік туғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады.

Жетекшінің өндірістік-технологиялық қызметінің негізі - жедел басқару. Бұл - өндірісті ұйымдастыруға байланысты басқару циклдарының тізбектілігі. Бұл циклдар аукымы жетекщілік деңгейіне байланысты. Жетекшілік дсңгейі төмендеген кезде өндірістік-технологиялық кызмет жалпы ұйымдастырушылықтан тікелей өндірістікке айналады.

Жедел басқарудың бірқатар аспектілсрі бар, бұл оның күрделілігін білдіреді. Олар - жедел басқарудың жалпы қызметтерін: нормалау, үйлестіру, реттеу, диспетчерлеу, материалдық-техникалык және шикізаттық қамтамасыз етуді біріктіреді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Психология ғылымындағы классикалық әдістерге түсініктеме беріңіз.

2.Басқару теориясының қазіргі күйіне сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:



    1. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

    2. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

Жоспар.



  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері.

  2. Басқарудың экономикалық әдістері.

  3. Кадрлық менеджмент қызметі. Кадрларды іріктеу әдістері.

  4. Жұмыстан босату.

  5. Біліктілікті арттыру. Кадрды дайындау мәселелері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрларды даярлау және олардың қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан , әсіресе, менеджмент саласына лайықты даярлау мемлееттің ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың құрамдас бөлшегі болуы тиіс.

Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару қызметінде іскерлікпен қатынасатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады. Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі буындар; кәсіптік құрамы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша әкімшілік, экономикалық, білімі бойынша жоғары және арнайы орта білімді, адамдар, практиктер, орындайтын жұмысының күрдеоіоігі және жауапкершілігі бойынша. Кадрларды іріктеу - негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Кадрларды іріктеу процесі белгілі бір элементтерден тұрады.: бос қызметтердің сипаттамасы; бір кандидаттар туралы мәліметтер жинау; кандидаттарды іріктеу жүйесін ойластыру; неғұрлым қолайлы үміткерлерді таңдау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және талдау, қызметке орналасқан кандидатты атау.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістеріне сипаттама беріңіз.

  2. Мәнсап ұғымына түсініктеме.

2. Кадрларды іріктеу әдістеріне және кадрды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз.
Әдебиеттер:

1.Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

2.Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

3.Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.



Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджмент барысы.

Жоспар.


  1. Психологиялық менеджменттегі ұйымдастырушылық жұмыс.

  2. Ұжым туралы түсінік.

  3. Басқарудың объектісі мен субъектісі.

  4. Әлеуметтік басқару. Басқару және бағыну.

  5. Басқару жүйесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Басқару – іс-әрекет мақсатын, бағдарлама реализациясын, іс-әрекет тәртібінің белгілі бір құрылымын сақтап отыруы. Психологиялық іс-әрекет құрылымына мотив, мақсат, бағдарламалар, шешім қабылдау, мамандыққа қажетті негізгі сапа жатады деп қарастырды.

Басқару іс-әрекетіне арнайы психологиялық функционалды құрамына А.И.Китов анализ жүргізді. Ол басқаруды 3 кезеңге бөлді: диагностикалық, шығармашылық, ұжымдық.

А.К.Марков басқарудың құрамын 5 кезеңге бөлді. Мақсатты, дескриптивті, прескриптивті, реализациялық, ретроспективті. Әрбір бөлінген кезең басқару актісінің ерекше бөлімі бір анықталған кезектілікпен жүретін іс-әрекет. Ұжым бір мақсатпен біріктірілген (әрекетпен ұйымдастырылған) тәртіптілік, жауапкершілік және басқару органдарымен қамтылған жұмысшылардың еркін тобы. Басқару және бағыну. Негізгі басқару мәдениеттері. Сипаты және ерекшеліктері. Әлемдік бизнес тарихы, оның негізгі бөлімдері. Түрлі басқару культураларының салыстырмалы талдауы. Америка басқару мәдениеті. Жапон басқару мәдениеті. Еуропа басқару мәдениеті. Кеңес басқару мәдениеті.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Ұжым түрлеріне сипаттама беріңіз.

  2. Басқару принциптеріне тоқталыңыз.

  3. Басқару және әлеуметтік басқаруды қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

  1. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

  2. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999

Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынас барысын басқару.

Жоспар.


  1. Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде.

  2. Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдау мәселелері.

  3. Басқарушының жұмысшымен қарым-қатынасы ақпарат алмасу жолы ретінде.

  4. Қарым-қатынастағы негізгі бөгеттер.

  5. Стресс және өмірлік дағдарыстардың алдын-алу.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Коммуникациялық процесс – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация – бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдауға сипаттама беріңіз.

2.Стресс оның түрлеріне және оның алдын алу жолдарына тоқталыңыз.

Әдебиеттер: негізгі және қосымша.
Дәріс тақырыбы. Жүріс-тұрысты басқару.

Жоспар.


  1. Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде.

  2. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты.

  3. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау.

  4. Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Басқару, басқарушылық еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек кооперациясымен байланысты. Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыста да болған. Адамдардың еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі принциптер, ережелер мен шарттар жиынтығына сүйеніп берілген технология, құрал-жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптимальды қатынасын құру. Жұмыс берушілер қатарына кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, шаруашылықтар, кооперативтер, фермерлер және еңбекшілерге оларды шарт (контракт, келісім) бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа да кез келген заңды ұйымдар және нақты адамдар жатады. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі). Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады.

Басқару құрылымы дегеніміз басқармадағы звенолар мен жекелеген жұмыскерлер жиынтығы және оларджың бағыныштылығы, тікелей және көлдеу байланыстары. Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы байланыстар пайда болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты. Жұмысшылардың еңбек іс-әрекетіне деген ішкі қызығушылықтарын тудыру, оларда жағымды мотивацияларды тудыру. Жұмысшы іс-әрекетін бақылау, нысанаға алу, жалпы ұжымдағы тәртіпті қадағалау.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Жұмысшының еңбекке бейімделу процесіне сипаттама беріңіз.

  2. Еңбек мотивацияларына тоқталыңыз.

Әдебиеттер: негізгі және қосымша.

Дәріс тақырыбы. Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

Жоспар.


  1. Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс.

  2. Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру жолдары.

  3. Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде.

  4. Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі – олпрдың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе – адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Сыйысушылықтың төрт деңгейі бар: психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік.Сыйысушылыққа қарсы – қақтығыс. Қақтығыс негізінде әдетте – субъективті не объективті әр түрлі тенденциялардың (мотив, қатынас, әрекеті мен жеке бастың мінез-құлқы, содай-ақ топтың да) қақтығысы түсініледі.

Кикілжің – жағымсыз эмоциялық қобалжулармен байланысты адамдар тобы немесе индивид қарам-қатынасында, өзара әрекеттесуде индивид ойындағы тенденциялардың бір бірімен үйлеспей, қарама-қарсы бағытта болуы. Ортақ міндетті шешу жағдайындағы эмпатия. Адамның уайымдауы үнемі байқалып тұрады. Эмпатияның ең жоғарғы формасы толық жекеаралық идентификацияда көрінеді. Мұнда тек ойша (қабылданатын, түсінетін), сезімдік емес, сонымен қатар қимылдық идентификация да байқалады. Қимылдық эмпатия адамның ынталы, психологиялық негізін сипаттайды.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы өзара байланыс қандай болу керек?

2.Қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары.

3.Басқару шиеленістері және оларды шешу жолдарына түсінік беріңіз.

Әдебиеттер: негізгі және қосымша.

Дәріс тақырыбы. Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер.

Жоспар:


1. Басқару және лидерлік әлеуметтік феномен ретінде.

  1. Лидерліктің негізгі теориялары.

  2. Лидердің рөлдері мен стильдері.

  3. Басқару стилі.

  4. Басқарушының кәсіби іскерлігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз етілуі басқарудың басты функциясы болып табылатын атқарушылардың жоғары мотивіне байланысты. Дегенмен бүл тек үйымның тұрақты және тиімді қызметі үшін жеткіліксіз. Басқару іс-әрекетінің мүндай реттеуішінде мотивтендіру емес, мәжбүрлеу сипаты бар қажеттілік туындайды. Мұнсыз басқару іс-әрекеті мүмкін емес. «Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының негізі - атқарушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік. «Билік» үғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдарымен, олардың типтерімен және олардың арасындағы қатынастармен байланысқан. Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым - институционалды белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар қауымдастығы. Бейресми үйым адамдардың кездейсоқ белсенділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қатынасқа енеді. Барлық топтар мен үйымдарды екі топқа бөлуге болады: ресми және бейресми. Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ іс-әрекетіндегі айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады. Мәжбүрлеу билігі жетекшінің атқарушылар мақсатына жетуіне және қажеттіліктеріне кедергі жасау, оларды жазалау мумкіндігіне негізделген, атқарушылар мұны түсінеді, сондықтан бағынуға мәжбүр (өзінің қарамағындағыларды мәжбүрлейді). Биліктің бүл формасын «негативті» немесе «үрей билігі» деп атайды. Сынға қарамастан, оны билік формаларының кез келген тізімінде бірінші орынға қояды, ол қазірше жетекші әсерлерінің айнымайтын және жалғыз тірегі болып отыр. Оның негізгі кемшіліктері - бақылаудың ебедейсіз жүйесі, атқарушылардың кібіртіктеуі мен бөгелуі. Бүл еңбек өнімділігінің төмендеуі мен кадрлар тұрақсыздығына соқтырады. Мәжбүрлеудің дегенмен үлкен күші бар, өйткені жеке қауіпсіздік сезімін апелляциялайды.

Лидерлік – бір адам екінші бір адамға немесе топқа әсер етуге көмектесетін процесс

Басқарушының жоғарғы статусы бұйрық беруге құқық береді. Басқарушының барлығы белгілі бір дәрежеде билік типтерін қолданады. Ең көп тараған классификация бойынша басқару стилінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Авторитарлы, демократиялық, либералды. Өндірістік ұжымдарда – либералды, ал ғылыми ұжымдарда авторитарлы стильдерді пайдалану нәтиже бермейді. Менеджерлер үшін – теоретиктер мен практиктерге қатысты анықталған мәселе, тез өзгермей бүгінгі әлемде ең жақсы «басқару стилі» - шынайылыққа бағытталған.


Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Басқарушы тұлғасына анықтама беріңіз.

  2. Басқару стильдеріне тоқталыңыз.

  3. Басқарушының кәсіби іскерлігі сипаттама беру.

Әдебиеттер: негізгі және қосымшша.

3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

1-тәжірибелік. Менеджмент генезисі.

Мақсаты: Психологияслық менеджмент пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Жоспар.


  1. Психологиялық менеджментке кіріспе.

  2. Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олапдың өзара ықпалы.

  3. Басқару мектептері.

  4. Басқару деңгейлері.

1.Тайм-менеджмент.

Мақсаты: уақытты басқару дегеніміз не екенін анықтау, уақытты басқарудың бірнеше құралдарын қарастыру.

Барысы:

Мақсаттарды қарастыру және кіріспе.



Уақыт-ақша. Персоналды кесте. Уақытты жоюшылар. Уақытты құтқарушылар. Жаттығу. Шелек және тастар.Таңдамалылар. Жоспарлау. Қорытында және кері байланыс.

Әдістемелік нұсқау: менеджмент психологиясы және оның басқа ғылымдармен байланысын ашып көрсету. Менеджемент психологиясының негізгі ұғымдарына және менеджментке методологиялық түсініктемелер беру. Басқару мектептері. Басқару деңгейлеріне тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

  2. Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.

  3. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

  4. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

  5. Практическая психология. Под.ред. М.К.Тутушкиной. Санкт-Петербург. Изд-во «Дидактика Плюс»- 2000.


2-тәжірибелік. Психологиялық менеджмент әдістері.

Мақсаты: психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы. мен ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар.


  1. Психологиялық менеджмент ғылым ретінде.

  2. Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері.

  3. Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты.

  4. Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының дамуы.

  5. Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.

2.Презентация (Тұсау кесер).

Мақсаты: жеке тәжірибені жүйелеу, сапалы презентация өткізуге кәсіби даярлық және жүйелі көзқарас қалыптастыру.

Барысы:

Тренингтің мақсаттары және бағдарламасы. Жұмыс барысындағы эмоционалдық фонды қалыптастыру. Аудиториямен сәлемдесу қабілеттерді тексеру жаттығулары. Поза және жест. Контактіге түсу және назарды ұстап тұру техникалары. Қобалжуды жеңу әдістері. Тайм-менеджмент. Визуалды құраларды қолдану. Презентациядағы эмоционалдылық. Презентацияға даярлық. Презентация өткізу дағдыларын жаттықтыру. Дағдыны өддігінен дамыту жолдары. Сұрақтарға және наразылықтарға жауап қату техникалары. Тренинг нәтижелерін талқылау.



Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында менеджмент психологиясы пәні, міндеті және зерттеу әдістеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп жаңа нәтижелерге жетудегі ролін ашып көрсету. Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерінің үш тобына - /топ менеджмент/, /топ мидле менеджемент/, /ловер менеджмент/- тоқталу. Қазақстанда және қазіргі менеджмент теориясының пайда болуы мен дамуына тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.

  2. Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.

  3. Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

  4. Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.

  5. Практическая психология. Под.ред. М.К.Тутушкиной. Санкт-Петербург. Изд-во «Дидактика Плюс»- 2000.


3-тәжірибелік Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

Сабақтың мақсаты: студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


1.Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

2.Білім беру мекемелерінің түрлері.

3.Білім беру мекемеліррінде жүргізілетін жұмыс формалары.

3. Іскерлік қарым-қатынас.

Мақсаты: іскерлік қарым-қатынас, тиімді қарым-қатынасқа қажетті дағдылар туралы ойды дамыту, сол әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін ұғыну.

Барысы: күтілетін нәтижелер. Жаттығу. Бір, екі жақты қарым-қатынас. Жаттығу. Тыңдаушы үштіктер. Кері байланыс.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында білім беру мекемелерінің түрлеріне тоқталу және жүргізілетін жұмыс формаларының әдіс-тәсілдерін ашып көрсету.

Әдебиеттер негізгі және қосымша.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет