3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер
1.
Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы
тиіс. Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен
байланысты болуы тиіс.
2.
Сабақты дайындау және ұйымдастыру кезінде келесідей талаптар
қойылады: - жоспарлау, қажетті музыкалық жабдықтардың түрлері мен
сандарын анықтау, оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларының
түрлерін анықтау.
3.
Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік
маңызы, музыкаға деген сүйіспеншілік тудыру,ән айтуға, аспапта ойнауға
талпындыруы қажет.
4.
Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын
пайдалану, оқушылар шаршаған кезде демалуға ыңғайлы педагогикалық әдісті
қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |