5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі


№7 дәріс Дәрістің тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыка пәні бағдарламалары



бет17/26
Дата14.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#143343
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
kajimovakr 2

№7 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыка пәні бағдарламалары

Мақсаты: Әр жылдардағы музыка сабағының бағдарламаларына шолу арқылы, мақсат-міндеттерімен танысу, өмірмен байланыстылығын ұғыну.
Жалпы білім беретін қазақ мектепке музыкадан бағдарлама: 5 –сынып (құрастырған Ө.Байділдаев, топ жетекешісі: Б.Ғизатов).
Бағдарламадағы қарастырылатын мәселелер:
1. Фольклор - әсерлі тәрбие құралы. Халықтық әншілік дәстүрді және ұлттық аспаптық орындаушылықты үйрену.
2. Музыканың өмірімен әртүрлі байланысын жалпы қорытындылауда есту және әншілік тәжірибені жинақтау.
Жалпы білім беретін қазақ мектебінің 5 –сынып музыкадан бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларға халықтық педагогика тәрбие беру (құрастырған Ө.Байділдаев, топ жетекешісі: Б.Ғизатов).
Фольклор - әсерлі тәрбие құралы. Халықтық әншілік дәстүрді және ұлттық аспаптық орындаушылықты үйреру үшін автор Ө.Байділдаев көп еңбек етті. Өмірбек Байділдаев (10.05.1932 жылы) Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келді. Қазақ музыка зерттеушісі, Қазақ Совет композиторы Ө.Байділдаев „Қазақ Совет композиторы“, „Өлмес мұра“, „Шабыт шалқары“ кітаптары мен қоса қазақ мектептерінің 5 сыныбына арналған ән-музыка сабағының тұңғыш оқулығын жазды. Оқулықта негізінен халықтық музыкаға баса назар аударылған және музыканың өмірімен әртүрлі байланысын жалпы қорытындылауда есту және әншілік тәжірибені жинақтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет