5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі


№3 дәріс Дәрістің тақырыбы: Музыкалық қызметтің түрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі



бет6/26
Дата14.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#143343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
kajimovakr 2
DOC, 492569.pptx, педагогика !!!!, Диана Садуакас. Бактерия геномы^ 2, 025790965
№3 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Музыкалық қызметтің түрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі
Мақсаты: Музыкалық информацияның әртүрлі қайнар көздерінің репертуар материалдарына «Багаж» жинау. Көркемдік талапға музыка танымдық пен мүмкіндіктерді өмірлік тәжірибе деңгейіне сәйкестендірілген музыка методикалық репертуарды іріктеу.
Музыка мұғалімі - өз пәнін, оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шегберлігін үнемі жетілдіретін маман. Педагогикалық шеберлік - кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс- әрекеттерінің жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық салаларына да өте қажет, ал "музыка" пәні мұғалімі үшін ол - үстаздың дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады.
Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болу керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау - мектептің міндеті. Сабақта қолданылатын музыкалык материалдық таңдай білудің маңызы зор.
Өйткені, сол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан-қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп, толықтырылып отырады.
Музыка туралы әңгіме тыңдай отырып балалар композитордың өмірі, шыгармашыльтғымен танысады. Осылайша музыкаға деген кызығушылығы, әмоциялық көзқарасы қалыптасады және шығарманың мәнерлік кұралдары болатынын ажырата алатын болады.
Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ертеден-ақ аңыз болып тараған. Оған мысал ретінде «Ақсақ құлан» және т.б. көптеген күй аңыздарын алуға болады. Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған мәселелердің бірі осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді тәрбиелеу. Оның түп-тамыры, негізі - музыканы қабылдай білуде жатыр.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалык тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есепетеледі.
Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады. Кез келген түрі деп отырғанымыз, музыка тыңцау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты және т.б.
Бағдарлама бойынша музыка дегеніміз - жалпы білім беретін мектептерде балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Міне, сондықтан музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет