1.8
Өндірістік практикасын өткізуге қойылатын талаптар:
1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен
міндеттерін оқып зерттеу;
2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен
құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгер
4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің
дағдыларын игеру;
6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату,
рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды
меңгеру болып табылады.
2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы
2.1. Оқу практикалары
1.
Оқу (фольклорлық) іс-тәжірибенің мақсаты:
1. Фольклорлық оқу практиканың мақсаты – ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы,
ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да
аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фолъклоры жазба әдебиетке жете
қабыл.
2. Еңбек пен түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа
бөліп қарастыру: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары,
наурыз, жарапазан, т. б.
3. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық), хайуанаттар жайындағы және
шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген
сюжеттердің болуы.
4. Эпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның
да әр саласында келелі жырлар аз емес.
5. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ
фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың
бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.
|