5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Өзін өзі тексеру сұрақтары



бет7/10
Дата05.11.2016
өлшемі1,6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1 Тәжірибелі эпик ақындарымыз кімдер еді?

2.Қандай сюжетті эпикалық поэмалар бар?

3.Отан соғысы оқиғаларына байланысты жазылған қандай поэмаларды білесіңдер,олардың

авторлары кімдер?

4. Ғ.Қайырбековтің «Большевик ауыл», Ф.Оңғарсынованың «Қырдағы айқас»,

С.Жиенбаевтың «Қырандар хикаясы», Т.Молдағалиевтің «Ескерткіш» поэмаларының

оқиғасы не?

5.Өнер адамдарын жырға қосқан қандай поэмалар бар екен?

Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.



15 ДӘРІС 1960-2000 жылдарда жарық көрген шығармаларда ауыл

өмірінің бейнеленуі

Дәрістің мақсаты:1960-2000 жылдарда ауыл өмірінен алынып жазылған шығармалармен

таныстыру.



Дәрістің жоспары:

1.Соғыс кезіндегі ел өмірі шындығы суреттелетін Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» (1981)

романы жайлы.

2. Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы жаңғырығы

Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1961) романында сөз болады.

3.Соғыс кезінің шындығын романдарына арқау еткен Н.Ғабдуллиннің «Жігер» (1983)жайлы

айту.

4.Қ.Қазыбаевтың «Ызғар»,Ш.Мұртазаның «Қара маржан» романдарына тоқталу.



Кемері кеңіп, кемелденген әдебиетіміздің тарихи даму жолына көз жүгіртсек, ауыл өмірі тақырыбына арналған әдеби шығармалар қай кезеңде де мол екені назарға ілігеді. Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты саңлақ қаламгерлеріміздің сонау жиырмасынышы жылдардағы алғашқы туындылары жазба әдебиетіміздің қаз-қаз басып, қалыптасуға бет алған шағында дүниеге келгенімен, сол кездегі ел өміріндегі түбегейлі өзгерістердің түбірлі сырын, уақыт тынысын тап басып, жіті сезінгендікті танытады.

Қазақ әдебиетінің осынау алғашқы дәуірінде қаламгерлеріміз шығармашылық қиыншылықтарды жеңе отырып, сол дәуірдің қоғамдық талап-тілегіне жауап берерлік шығармалар жазуға тырысты. Ең алдымен олар өмірдің алға тартқан актуальды тақырыбын көтере білді. Ұнамды кейіпкерлердің образын жасауға күш жұмсады . Осы бағыт қазақ прозасында күні бүгінге дейін өзінің жетекшілік мәнін жоғалтқан жоқ.

Бір қызығы, ауыл өмірін арқау еткен бұл дәуірдегі шығармалар бірен-саран ғана болмаса түгелдей дерлік шағын формаларға жататын. Оның себебі сол кездегі қауырт қарқынмен дамыған ел өміріндегі әлеуметтік-мәдени бетбұрыстар мен соған орай ауыл тынысының соңғы лебіне, әдебиет күштерінің көркемдік тәжірибесіне байланысты болатын. Егер осы дәуірде туған шығармалар негізінен жаңа өмірді жырлауға, ауыл өміріндегі өзгерістердің әлеуметтік сыпатын бейнелеуге ұмтылғанын ескерсек, бүгінгі прозадан бұл тақырып төңірегіндегі ізденістер мен нәтижелердің сала-сала, күрделілене түскенін айқын аңғарар едік.

Содан бері өткен уақытта ұлан-байтақ еліміздің қоғамдық даму жолында бастан кешірген әр алуан тарихи әлеуметтік оқиғаларына байланысты ауыл өмірі де, соған сәйкес бұл тақырыптағы туындылардың толғаған сыры, таңдаған-талдаған тұлғалары мен тағдырлары да уақыт талабына орай өзгеріп, күрделеніп келе жатқаны талассыз ақиқат. Бір қуанарлығы, әдебиетіміздегі үлкенді-кішілі қаламгерлер қауымының дәуір қойған ділгір сауалдарға құлақ асып, көркемдік деңгейі әр түрлі болғанына қарамастан өз шығармаларында белгілі бір кезең сипатын шынайы бейнелеуге, мезгіл мөрін басуға ұмтылуы. Осынау ұмтылыс-бағыт арнасынан тарамдалатын ізденіс бұлақтарында өзіндік бұлқыныс, құшырлы құлшыныстар бар. Бұның бәрі бүгінгі әдеби процестің күрделілігін, нақтырақ айтсақ, туған әдебиетімізідің өз тәжірибесіне сүйене отырып, бауырлас республикалармен әсіресе орыс әдебиетімен тығыз әдеби-мәдени байланыста өркендеуі, сондай-ақ әлем әдебиетінің прогресшіл бағыттағы үздік туындыларымен танысу арқылы рухани қарым-қатынас түрлері мен сырларының молая түсуімен сипатталады.

Қазіргі ауыл өмірінде әлеуметтік-сапалық жаңғыру-жаңарулар, диалектикалық өзгерістер мол. Соған орай ауыл адамдарының да танымы мен табиғатына, моральдық-этикалық ұғым қасиеттері күшейе түскені рас. Зымырап өтіп жатқан қарқынды да ауқымды уақыт арнасында бүгінгі ауыл бейнесін танытатын толқындар-тағдырлар сырын әр түрлі көркемдік позициядан, алуан тәсілмен зерттеуге деген игі ұмтылыс прозамыздағы ойлы ізденістерге дәлел бола алса керек. Бұл ретте бүгінгі ауылдың ғылыми-техникалық төңкеріс әсерін, әлеуметтік өзгерістер ықпалын әр түрлі деңгейде қабылдауына байланысты әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынастары мен мәдени-рухани өміріндегі динамикалық құбылыстардың күрделілігін, әрі өзара мейлінше тамырластығын атап айту қажет.

Қазіргі қазақ романында проблемалық сипат молайғанын ауыл өміріне арналған шығармалардан көреміз. Өмірде барды тізе бермей, дамудың жаңа кезеңі күтіп тұрған мәселелерге көңіл аудару, адамды сондай жаңалық үшін күресте көрсету бұл жанрдың тәуір үлгілеріне тән. Осындай ауылды өркендетудің саяси-әлеуметтік ойларын түйіп өткен жаңа адамдар бейнесін жасауда Қ.Ахметбековтің «Ақдала» (1975), М.Сүндетовтің «Қызыл ай» (1978), Д.Досжановтың «Дария» (1976) романдарының елеулі орны бар. Бұларда шаруашылық проблемаларын фон етіп алып, рухани әлемі бай, қоғамдық іске жауапкершілігі мол, адамдық, азаматтық қылықтары көңіл толтыратын кейіпкерлердің жаңа бейнелерін ашуға ұмтылыс бар. Қ.Ахметбековтің Бекмахановы–қазіргі заман басшыларының соңғы типі. Шаруашылық басшылары ішінен Таусаровтың да бейнесі жарқын көрінеді. «Мағзұм» романында Жайық бойындағы ауылдың өскелең бағыты, тіршілігі мен мәдениетінің өсуі, ел дәулетін жасап жатқан адамдар көрсетіледі.

Ауыл өмірінің бар тіршілігін шаруа күйінің тұрмыстық детальдармен ғана көрсету Т.Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата!» атты повесінде де байқалады. Жас өспірімдер мен балаларға арналған көркем шығармалар бәйгесінде жүлде алған бұл повесті алғаш оқушылар Бейімбетті ауызға ала мақтан етеді. Шынында, тұрмыстық детальдардың нақтылығында, адам характерінің кейбір сыпаттарын дәл байқап, жұпыны бейнелеуінде автордың Бейімбеттің жазушылық үлгісін үйренуге талабы қуантады. Жөкен қария, қытымыр Шәбден, сезімтал, адал Көктембай сияқты ауыл адамдары повесте жап-жақсы бейне тапқан. Алайда шығармада ауыл тіршілігі сол томаға-тұйық қалпында, ағынсыз қара су сияқты елестейді. Жазушы да олардың тіршілігінен үлкен мақсат-мұрат іздемейді. Ауылдың қаламен байланысы қызықсыз, тіпті құбжық күйде суреттеледі. Қала адамының типі Жөкең қарияның баласы Толасбай ауылмен, туған-туыспен, әке-шешемен байланысын үзген жат бауыр болып көрінеді.

Ауылдың кейбір кертартпа тіршілігіне мақұлдай қарау, қала салтын күлкі ету автор позициясында үнемі байқалып отырады.

«Біз бала күту дегеніңізді білмейміз. Топыраққа, күлге аунап жүріп, өзі адам болады. Мына өзіңнің байың да тулақ төсеніп, тымақ жастанып жүріп өкімет болды ғой», - дейді Салжан Файруза келінге. Рас-ақ болсын, сонда осы үлгі тұтар өнеге ме екен!

Жөкең қария мен Толасбай екеуі арасының сууына себепкер болған оқиғаларды іріктеуде де автордың қала мен даланы осылай, екі бөле қарауы анық байқалады. Тіпті Толасбай мен Файруза курортқа кеткенде атасымен бірге қалған кішкентай Шегеннің әке-шешесі қайтып оралғанда олардың қасына жатуы да шал жүрегіне дық салады. Ол немересіне өкпелеп жылайды, оны да, баласын да жат санайды.

Осындай оқиғалар повестің бас кейіпкері Көктембайдың қала, қала адамдары туралы ұғымын қалыптастырады. Ол атасын ренжіткен адамдардың бәрін жек көреді. Толасбайды да, Файрузаны да, кішкентай Шегенді де жек көріп кетеді. Тіпті ол өлген атасының басына барып: «тыңдашы мені, ата... бұл мен ғой, Көктембаймын. Саған бүгін кімдердің келгенін білдің бе? Толасбай, Шодыр, Көкем. Қабылдама олардың құранын! Ата, қабылдама, тыңдама!.. ата, Толасбайдың күмбезден үй соғу керек дегенін естідің бе? Мен естідім. Керегі жоқ. Керегі жоқ күмбездеген үйінің... мына өзіңнің жұп-жұмсақ, таза топырағың-ақ жетеді. Ауырып жатқанда оның атын неге атадың? Толасбайды бәрінен де жек көремін. Оны ұмытшы. Біржола ұмытшы, ата», - дейді. Бір қызығы – осы пікірлердің бәрі автордың мақұлдауынан өтіп, шығарманың идеялық нысанасына айналады.

Повесть оқиғасының дамуында кейде дәлелдің (мотивировка) жетіспей жататыны (Шодырдың Көктембай тайқарын иемденіп кетуі) сезіледі. Автордың жазу мәнерінде әңгімелеудің, баяндаудың көбірек кездесетінін, характерді диалог арқылы ашуға аз көңіл бөлінетінін ескерту орынды. Бейімбет өнерінің күші шағын репликамен, тапқыр диалогпен характерді танытып тастауында ғой. Бейімбетті ұстаз тұтатын жастың бұл жағын ескеруі керек. Оның үстіне кейбір тұрмыстық детальдарды көрсете, кейде күлкілі күйді суреттей отырса да, Бейімбет шығармаларының содан туған үлкен идеялық түйіні болады. Ол әрқашан озық идеяны жырлаушы болды. Ауылдың жаңаруын мақұлдай жазды.

Советтік қоғамның өзгертуші күші аз уақыттың ішінде-ақ адамдарымыздың бойында, мейлі қалада, мейлі ол ауылда болсын, жаңа социалистік сапалар туғызғаны бүгін талассыз нәрсе. Халық характері жаңаша сапаға ие бола дамуда. Ендеше біздің ауыл туралы жазған жолдастарымыздың осы жағын ескермейтіні қынжылтады. Олар, көбінесе, ауылда өзгермей қалған патриархалдық әдет-ғұрыптың қайдағы бір елеусіз көріністерін бадырайтып көрсетеді. Қала мен ауылды бір-біріне қарсы қояды. Мұның өзі тарихи дамудың әлеуметтік сырын түсінуге кедергі жасайды. Адам мінез-құлқы қатып қалған нәрсе емес. Оның да қоғамдық өзгерістермен байланысты өзгертіп, жаңарып отыратынын, салт-санада да жаңа үлгілер туып, жаңару болатынын естен шығармау керек. Жаңа адамның адамгершілік сыпаттары, идеалы жаңа жағдайға сәйкес шындық шеңберінде көркем бейне табуы қажет.

Әдебиет сынында, әдебиеттану ғылымында өзінің ойлы, оралымды еңбектерімен танылып жүрген ғалым-зерттеуші Бекен Ыбырайымов сол жылдары бірнеше прозалык шығармаларын оқырман назарына ұсынды. Сондай, кезекті жинағына («Жаз күндері», «Жалын» баспасы, 1984) енген шығармаларының ұнамды қырларын біз ең алдымен автордың сюжет түзудегі талғампаздығы мен шығарма композициясын ұтымды құра алатындығынан аңғардык. Осы пікірді ары қарай тарқатып айтсақ, біріншіден, балалар әдебиетінің бағыт-бағдарын, уақыт талабынан туындап отырған бүгінгі зәру мәселелерін тани білетін Бекеннің өз шығармаларын өзекті идеясын, айтар ойын нақты оқиғалар аясынан таба білетіндігіне сүйсіндік. Сондықтан да, көп әңгімелердің көтерген жүгі, ұсынар сабағы мектеп жасындағы балалардың қай-қайсысының болсын жанына жақын, санасына сіңімді сезіледі.

Жинаққа енген шығармалардың ең көлемдісі – «Жаз күндері» повесі. Онда бәрімізге жақсы таныс мектеп өмірі, ауыл тіршілігі, осы екеуінің сабақтастығы, олардың балалар өміріндегі мәні, маңызы туралы сыр шертіледі.Ал шығарманың композициялық арқауы өзгешелеу құрылыпты. Жалпы, повесті тұтастырып тұрған ортақ желі, үзілмес арна барын жоққа шығармаймыз. Солай бола тұра кейіпкерлердің басынан өтетін оқиғаларды шартты түрде екіге бөліп қарауға болады. Алғашқы бөлімде мектеп жасындағы балалардың жазғы каникул қарсаңында өткен қызғылықты кездесулері, мінез-қақгығыстары қамтылса, екінші бөлімде олардың қойлы ауылға көмекке келгеннен кейінгі іс-әрекеттері суреттеледі. Оқиғалардың қоюланып, кейіпкерлердің даралана бастауы екінші бөлімнің еншісіне көбірек тиіпті. Мұнда жас кейіпкерлер Еркін мен Сәлім енді ауыл ақсақалдары Атанияз бен Ақбай, куыс кеуде қойшы Қашаубай мен шолақ белсенді Нәби сияқты үлкендер араласады. Жас балалардың ой-түсініктері, іс-әрекеттері ауыл тіршілігінің арнасында тартымды танылып, сенімді сабақталып отырады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1Соғыс кезіндегі ел өмірі шындығы суреттелетін Т.Ахтановтың қандай шығармасы бар екен?

2.Тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы жаңғырығы қай жазушының

шығармасында бейнеленеді?

3.Соғыс кезінің шындығын Н.Ғабдуллин қай романда суреттеді?

4.Соғыс кезінің шындығы тағы кімдер өз шығармаларына арқау еткен?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША

СИПАТТАМАСЫ
1.Тәжірибелік сабақ1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы

Сабақтың мақсаты: 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің дамуын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалау .

Әдістемелік нұсқау:. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер.Дәстүр мен жаңашылдыққа,түр мен жанрдағы ізденістерге,әдебиеттегі саннан сапаға мән беріле бастауына көңіл аудару керек.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті.

2.Мал шаруашылығын өркендетуге байланысты туған шығармалар.

3. М.Әуезовтің "Өскен өркен "романы жайында.

4.Қазақстандағы тың көтеруге байланысты туған жаңа туындыларға шолу.

5.Зеиін Шашкиннің «Ұядан ұшқанда» , «Тоқаш Бокин»,«Темір қазық»,«Доктор Дарханов»,

«Сенім» «Өмір тынысы» шығармаларындағы жаңа адам бейнесі.

6. Қ.Исабаевтің «Сұңқар самғауы» романы.



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей,2011ж;«Интелл». –279 б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.


2.Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық,саяси

әлеуметтік даму жайы

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту

мен зерттеудің басты принциптерін меңгерту.



Әдістемелік нұсқау: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық саяси ойлардың маңызы мен мәні. Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер. С.Сейфулин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби ағымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталуы.

1989 жылдардан басталған Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға ене бастауы. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалык, ұлттық-гуманистік өркендеу үдірісі.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктер.

2.1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің әдеби эстетикалық,саяси әлеуметтік дамуы.

3.1970-80 жылдары жанр төңірегінде жеке көлемді зерттеулердің шыға бастауы.

4. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалық, ұлттық-гуманистік өркендеу

үдірісі.


Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.


3. Тәжірибелік сабақ: 1960-2000 жылдардағы проза жанрының тақырыптық

тенденциялары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптық тенденция дегеніміз не екендігін толық меңгердіме

тексеріп, бағалау.



Әдістемелік нұсқау:Қазіргі әдебиетіміздегі проза жанрының тақырыптық тенденцияларына байланысты жазылған ғылыми еңбектерді қараңыз. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуына байланысты жазылған ғылыми мақалаларға назар аударыңыз. Пайдаланатын әдебиеттер тізіміндегі осы тақырыпқа байланысты кітаптарды тауып оқыңыздар.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Әдебиеттің көп жанырлығы.

2. Қазақ прозасының көркемдік өсуі мен дамуы.

3.1970-1980 жылдардағы қазақ прозасының әкелген жаңалықтары.



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж; «Интелл».–279 б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.


4. Тәжірибелік сабақ: Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын жазушылардың

шығармашылықтары

Сабақтың мақсаты: Ұлы отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылардың

шығармаларын толық меңгердіме тексеріп, бағалау.



Әдістемелік нұсқау: Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан

кешкен М.Ғабдуллиннің «менің майдандас достарым»,Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал», Ә.Шәріповтың «Ормандағы от», Қ.Қайсеновтың «Жау тылында» атты публицистикалық толғау, роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Саинның «Жорық жолдары»,Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», С.Мәуленовтың «Жеңіс жүрек», Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл», т.б. алуан жанрдағы туындыларында бейнеленуі.Ұлы Отан соғысы жастық шағы сол кезеңге дөп келген ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», М.Мағауиннің «Бір атаның балалары», Д.Исабековтың «Біз соғысты көргеміз жоқ», С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесть-романдарында,Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді», Ө.Нұрғалиевтың «Соғыстың соңғы жазы», т.б. поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс табуы.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Ұлы Отан соғысын бастарынан кешкен ақын-жазушылар және олардың шығармалары .

2.Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер»романының сюжеттік желісі.

3.Соғыс туралы деректі прозалар Ә.Шәріпов пен Қ.Қайсеновтің партизан жазбалары.



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж; «Интелл».–279 б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.


5 Тәжірибелік сабақ: Ұлы поэзияның жаңа көркемдік белестері

Сабақтың мақсаты: Ұлттық поэзияның түр саласындағы ізденістері де дәуір сыпатынан туатындығын, жалпы поэзияның осы жылдардағы дамуын студент қандай дәрежеде

меңгергенін саралап бағалау.



Әдістемелік нұсқау:1960-1970жылдары әдебиетке келген жас ұрпақтар

Ғ.Қайырбеков,І.Мәмбетов,Т.молдағалиев,Қ.Мырзалиев,С.Жиенбаев,М.Мақата,Е.Ибрагим,Ш.Мұхамеджанов,Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов,С.Асановтардың поэзияны,әсіресе,лириканы жаңа сапаға көтергеніне назар аудару керек.



Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.1960-1970жылдары әдебиетке келген жас ұрпақтардың, лириканы жаңа сапаға көтергендігі 2.Туған жерге арналған өлеңдер.

3.Осы кездегі қазақ поэзиясындағы лириктік жаңа беталыс.

4.Осы жылдардағы қазақ поэмалары.

5.Ж.Молдағалиев,Х.Ерғалиев,Ғ.Қайырбеков поэмалары.

Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А.Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж; «Интелл».–279 б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.


6 Тәжірибелік сабақ: Жаңғыру кезіндегі драматургияның дамуы

Сабақтың мақсаты: Осы кезеңдегі таңдаулы драмалық шығармаларды, олардағы сөз бен іс,тартыс сипатын қаншалықты меңгергені, драма,комедия,пьеса,трагедия дегенімізді ажырата алама соны тексеріп бағалау.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ халқы өмірінің әр кезеңін арқау еткен, Кеңестік асыра сілтеу науқандары тұсында,бас көтерер адал адамдарды шырмаған жалақорлыққа қарсы үн көтерген драмаларға назар аудару.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Қазақ халқы өмірінің әр кезеңін шығармаларына арқау етіп, жарқын тұлғалар жасаған

драматург Ш. Құсайыновтың пьесалары.

2.Ә.Тәжібаевтің «Көңілдестер»,«Жалғыз ағаш орман емес», «Майра», «Той боларда»

пьесалары.

3.М.Әуезовтің,3.Шашкиннің,Қ.Мұхамеджановтың,С.Адамбековтің комедиялары.

4.Драманың түрлері мен даму тарихы.

5.Драманың қазіргі жай-күйі.

6.Драмадағы дәстүр мен жаңашылдық сипаты,

7.Драманың өзекті мәселелері Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық;Семей, 2011ж; «Интелл».–279 б.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002ж.



Дәрістің мақсаты

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу