Тележурналистика жанрлары
Тележурналистиканың
ақпаратты
жанрлары:
телеақпарат,
телесұхбат, телерепортаж, есеп, қадрдегі монолог (выступление).
Тележурналистиканың
талдамалы
жанрлары:
телекомментарий,
телешолу,
телеәңгімелесу,
теледискуссия,
баспасөз
мәслихаты,
телекорреспонденция, журналистік зерттеу. - Тележурналистиканың
деректі – көркем жанрлары: эссе, телеочерк, (портреттік, проблемалық,
жолсапар), суреттеме және қоғамдағы типтік кемшіліктер мен кертартпа
әрекеттерді сын тезіне салуға арналған телетуындылар тобы- сатиралық
жанрлар.
Тележурналистиканың пішіндері
Дәстүрлі тележурналистикамен сабақтастыра отырып, тікелей эфир
әдісімен жүзеге асатын қазіргі заманғы тележурналистика пішіндерін
төмендегідей сипатта топтастыруға болар еді:
Қазіргі заманғы тележурналистика пішіндерінің классификациясы:
1.Телесюжет
2.Тележаңалықтар топтамасы
3.Телесараптама
4.Токшоу
5.Реалитишоу
6.Интерактивті бағдарламалар
7.Авторлық бағдарлама
8.Музыкалық бағдарлама
9.Көңілашар бағдарлама
10. Интеллектуалдық бағдарлама
11.Лингвистикалық бағдарлама
12.Телеролик
13.Телемарафон
14.Телеойын
15.Телекөпір
16.Телеакция
Әлбетте, электронды журналистика көз ілеспес шапшаңдықпен даму
үстінде. Қазіргі таңда кәсіби шеберліктің ең биік шыңы дәл осы минутарда
әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды алғашқы болып хабарлау өнері.
Сондықтан да уақыттан озбаған күннің өзінде уақытқа ілесіп отыру –
журналист үшін кәсіби парыз.
|