46
Ежелгі руникалық тасбітіктерден алғашқы қағаз бетіне түскен мерзімді
баспасөзге дейінгі материалдық, идеялық-көркемдік ақпарат тарату мен
сақтаудың эволюциялық өсу жолы мен қалыптасу, кемелдену, өркендеу
дәуірлерін айқындайды;
Алғашқы қазақ тілінде шығып тұрған мерзімді басылымның идеялық-саяси
бағыт-бағдары, тілдік-стильдік ерекшелігі, шығармашылық көркемдік
деңгейі мен ұлттық сипаты туралы мол түсінік алады;
Ресей патшалығы мен кеңестік коммунистік цензура, империяның қазақты
тұтас рухани-этникалық мүлдем жер бетінен жойып жіберу мақсатында
жүргізген саяси-идеологиялық, әлеуметтік-шаруашылық сынақтары мен
миллиондаған адамды аштан қатырған "большевиктердің аштық саясаты",
нақақтан-нақақ қуғын-сүргінге ұшыратқан зұлмат зардаптары, жеке
тұлғалардың өзіне тән шығармашылық шеберлік қырлары, баспасөздің тілі
мен айдары, тақырыптық, жанрлық сыр сипатын меңгереді;
Қазақ журналистикасы тарихының мол тәжірибесін бойына сіңіріп, отандық
БАҚ-ты идеялық-көркемдік, тілдік-стильдік, композициялық, мазмұндық,
пішіндік жаңа сапалық деңгейге көтеретін маман ретінде машықтануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: