«5В051100 – маркетинг» мамандығы бойынша


MZ 3301 – МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР



Pdf көрінісі
бет179/441
Дата30.05.2020
өлшемі1,82 Mb.
#71705
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   441
Байланысты:
tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051

MZ 3301 – МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
Көлемі 3 кредит 
 
Авторлар: 
Урузбаева Н.А. – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры  
Дюсембекова Ж.М. – экономика ғылымдарының кандидаты, НАРХОЗ 
университетінің доценті  
Кожамкулова Ж.Т. – экономика ғылымдарының кандидаты, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті 
Турлыбекова Н.М. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің аға оқытушысы
 
 
Пікір жазғандар: 
Жатканбаев Е.Б. – экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетініңпрофессоры 
Калганбаев Н.А. – экономика ғылымдарының кандидаты, Абылай хан 
атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері 
Университетініңдоценті 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Шаруашылық  субъектілердің  маркетингке  бейімделуі  тұтынушы-
лардың  мінез  құлқын,  делдалдарды,  жабдықтаушыларды,  бәсекелестерді 
және  жалпы  нарық  конъюнктурасын  зерттеу  қажеттілігін  айқындайды. 
Осыған  орай  шаруашылық  субъектілердің  қызметінде  маркетингтік 
зерттеулер  жетекші  рөл  атқарады,  өйткені,  уақытында  және  дұрыс 
жүргізілген  зерттеулер  мен  олардың  нәтижелерін  ескерусіз  кәсіпорынның 
әрекеті  шығынға  ұшырайды.  Маркетингтік  зерттеулердің  нақты  және 
сенімді  нәтижелері,  кәсіпорынның  белгілі  бір  дәрежедегі  тәуекел  деңгейін 
төмендетіп,  корпоративтік  (портфелдік,  өсу,  бәсекелестік),  функционалдық 
және  инструменталды  стратегияларды  дәлелді  түрде  әзірлеуге  мүмкіндік 
береді.  Осылайша  маркетингтік  зерттеулердің  негізгі  міндеттемесі  нарық 
қатысушыларының 
бәсекелестік 
басымдылықтарын 
күшейту 
үшін 
объективті ақпараттық-талдаулық материалмен камтамасыз ету. Сондықтан 
мамандарды 
тиімді 
маркетингтік 
зерттеулерді 
әдістемелік 
және 
практикалық негізде жүргізуге оқыту, бәсеке қабілетті мамандар даярлауда 
маңызды орын алады. 
«Маркетингтік  зерттеулер»  пәнін  оқыту  «5В050511  –  Маркетинг» 
мамандығының  типтік  оқу  жоспарының  шеңберінде  негізгі  және  элективті 
пәндердің  пәнаралық  байланысын  жүйелендіру  үшін  қажет.  Бұл  пән 
маркетинг-менеджменттің  тиімді  қызмет  етуі  үшін  әртүрлі  нарық 
объектілері  мен  субъектілеріне  қатысты  маркетингтік  зерттеулерді 


102 
 
жүргізудің  және  ұйымдастырудың  әдістемелік  сұрақтарын  білуді 
қамтамасыз етеді.  
Осы  пәнді  оқыту  алдында  келесідей  курстар  оқытылады: 
«Маркетинг»,  «Экономикалық  теория».  Бұл  пәндер  маркетингтік 
зерттеулердің  негізгі  түсініктері  мен  оларды  жүргізудің  әдістерін  және 
қағидаларын  түсінудің  методологиялық  және  теориялық  негізі  болып 
табылады.  Осы  пәндерді  игеру  арқылы  және  экономикалық  жалпылама 
көзқарасының негізінде курстағы алғышарттар туралы түсінігі болуы тиіс. 
«Маркетингтік зерттеулер» пәнін игеру барысында студент: 

маркетингтік  зерттеу  жүргізудің  әдістемесін:  негізгі  этаптарын, 
әдісін,  амалдарын,  ақпарат  жинау  және  оны  талдаудың  құралдарын, 
нәтижелерді ұсыну әдістерін қалай жүргізуді білуі тиіс; 

кейбір  ақпаратты  жинау  және  талдау  құралдарының  жетістігі 
мен кемшілігін айыра білу тиіс: пікір сұрау жүргізу, бақылау, эксперимент, 
фокус-топ, анкета, механикалық құралдар; 

сыртқы 
және 
ішкі 
маркетингтік 
зерттеудің 
түрлі 
бағыттарындағы 
қолданылатын 
талдау 
әдістеріндегі 
принципалды 
ерекшелік пен түрліліктерін салыстыра білуі тиіс; 

маркетинтік  зерттеуді  жүргізудің  жеке  түрі  бойынша 
спецификасын талдай білуі тиіс;  

бәсекелестік,  конъюнктурасы,  нарық  сыйымдылығы,  нарықтың 
фирмалық  құрылымы,  маркетинг  кешенінің  компоненты,  кәсіпорындардың 
жұмыс істеуінің ішкі ортасын талдауды және т.б. 
Пәнді  оқу  барысында  студент  зерттеу  дағдыларын  игере  отырып 
құзіретті болуы керек: 

телефон арқылы, ауызша, жазбаша сұрау және сұхбат жүргізуді; 
фокус-топтың негізінде сұрау жүргізуді ұйымдастыруды; 

зерттеудің  әртүрлі  мәселелері  бойынша  сауатты  анкета 
құрастыруды; 

фокус-топты жүргізу үшін сценарий (гайд) құрастыруды; 

ақпараттың әртүрін жинап, өңдеп, талдаудан өткізуді; 

қызықтыратын  мәселелер  бойынша  нақты  мини-маркетингтік 
зерттеулер жүргізу мен сол бойынша есеп беруді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   441




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет