93
басқару функциялары мен принциптеріне көңіл аударды, формальды емес
ұйым концепциясын және билікті қабылдау теориясын ұсынды.
Э. Мэйо и Ф.Ротлисбергер еңбек өнімділігін арттыру үшін адами
қатынастарының маңыздылығын ашты. А.Маслоу адам қажеттіліктер
иерархиясын құрды, ал Д.Макгрегор Х теориясы мен Y теориясын ұсынады.
Бихевиористік тәсілдеме адамдардың мінез-құлқын зерттеуде ғылыми
әдістерін қолданды. Екінші дүниежүзілік соғыс басқарушы шешім
қабылдауда математикалық, статистикалық және басқа сандық әдістерді
қолдануға кең жол ашты.
Заманауи менеджмент жаңа теорияларды ұсынуда, оның ішінде келесі
тенденциялар айқын көрінеді: үйренуші ұйымдарға көшу және
технологиялық бағдарланған жұмыс орнын басқару.
Ғылым көшбасшысы осы уақытқа дейін АҚШ болып келеді.
Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасы әлі де жете дамымаған.
Сол себепті менеджерлердің кәсіби даярлауына және «Менеджмент» пәнін
жоғары деңгейде оқытуға ерекше көңіл бөлінуі аса қажет.
Берілген курсты оқып білу студенттерге менеджмент теориясының
негізгі мазмұнын меңгеруге және оны шынайы өмірдің тәжірибесінде
қолдануға мүмкүндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: