Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе «Маркетингтік
зерттеулер»
пәнінің
мақсаты
маркетингтік
зерттеулерді жүргізудің ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу және оларды
жүзеге асырудың тәжірибесін меңгеру. Пәннің мақсатына жету үшін
төмендегідей міндеттердішешу қажет:
-
маркетингтік зерттеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік
негізін, маркетингтік зертеулер жүргізудің мәні мен кезеңдерін, ақпарат
жинау және оны талдаудың негізгі әдістерін зерттеу;
-
маркетинтік зерттеудің құрылымына сипаттама беру;
-
сауалдаманы әзірлеу, көптеген сандық және сапалық әдістер
(пікірсұрау, бақылау, фокус-топ, тереңдетілген сұхбат және басқа да
проекциялық әдістер) көмегімен маркетингтік зерттеулерді жүргізудің
тәжірибелік дағдыларын әзірлеу;
-
маркетинг кешенінің элементтері бойынша маркетингтік зерттеулер
жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу;
-
маркетингтік зерттеудің ішкі бағыттарын зертеу: кәсіпорындардың
жұмыс істеуінің ішкі ортасын талдау және т.б.
Маркетингтік зерттеулердің даму теориясы эволюциялық негіздерге
ие. Зерттеудің жеке элементтері XIX ғ. пайдаланылған. Уақыт өте келе
маркетингті зерттеулердің әдістерінің үнемі жетілдірілуі байқалып отырды.
Қазіргі таңда маркетингтік зерттеулер ерекше ғылыми пәнге айнала
отырып көптеген ҚР жоғарғы оқу орындарында кеңінен тараған және басқа
ғылымдардың арасында маңызды орынға ие. Бұл кез келген кәсіпорынның
басқарушылық қызметі маркетинг қағидаларының негізінде жүзеге
асырылуы қажет екендігімен және өз кезегінде әр түрлі маркетингтік
зерттеулер жүргізу қажеттігімен байланысты.
Маркетингтік
зерттеулердің
объектісі
ретінде
шаруашылық
субъектінің өзі, оның қызмет етуші маркетингтік ортасы, бәсекелік
белсенділік танытатын нарығы және тауар, баға, коммуникация және өткізу
қызметтеріне қатысты жүргізілетін маркетингтік шараларын қарастыруға
болады.
104
Маркетингтік зерттеулерде жиі қолданылатын әдістер келесілер:
эксперттік бағалау, бақылау, пікір-сұрау жүргізу, эксперименттер, тестілеу
және т.б.