Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Макроэкономиканың ғылым ретінде пайда болуы мен қалыптасуы ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің әлемге әйгілі
«Пайыздың, жұмыстылық және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінің
жарық көруімен басталды, онда ол макроэкономикалық талдаудың негіздерін
салды (1936). «Ұлы депрессия» кезеңіне дейин, «кейнстік революция» болған
кезде, макроэкономика саяси экономия курсының құрамында оқытылатын.
Саяси экономияның негізін қалағандар әйгілі «классиктер» Адам Смит және
Давид Рикардо. Оларға қарағанда Кейнс экономика дамуындағы қысқа
мерзімді экономикалық тербелістерді жақсысырақ түсіндіре алды, бірақ
классикалық теория экономиканың ұзақ мерзімді кезеңінде дамуындағы
көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Қазіргі күнде
макроэкономика екі мектептің де – кейнсшілер және классиктердің
тәсілдемелерін біріктіреді: экономиканы қысқа және ұзақ мерзімді
кезеңдерде зерттеп талдайды, ол үшін математикалық модельдеу мен нақты
мәліметтерді пайдаланады.