«5В070300- ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған әдістемелік нұсқау


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті



бет10/17
Дата01.08.2020
өлшемі190 Kb.
#76017
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
МУ дип жум ИС 2014
baimuratova 3
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған

35-4-3

3.0 нұсқа

16 беттің 7- беті

7.5 Диплом жұмысының (жобасының) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементтердің басында жазылуы тиіс.

7.6 Диплом жұмысын (жобасын) бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен тараушалар) бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атауларының барлығы бірігіп диплом жұмысының (жобасының) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атауларының жиынтығы сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

7.7 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша сипаттауы тиіс.

7.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

7.9 Диплом жұмысының (жобасының) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

7.10 Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

7.11 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобасы) беттерінің жалпы нөмірлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

7.12 Диплом жұмысы (жобасы) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысалы:


  1. Типтік және негізгі мөлшері

1.1

1.2


1.3

2. Техникалық талаптар

2.1

2.2


2.3
7.13 Диплом жұмысының (жобасының) әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді

7.14 Диплом жұмысының (жобасының) құрамына енетін барлық беттерінде нөмірлер болуы қажет.

7.15 Диплом жұмысындағы (жобасындағы) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы тиіс.

Иллюстрациялар компьютермен де, түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет