«5В070300- ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған әдістемелік нұсқау


«___» _________________________20___ ж



бет2/17
Дата01.08.2020
өлшемі190 Kb.
#76017
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
МУ дип жум ИС 2014
baimuratova 3
«___» _________________________20___ ж.

2. ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ жаңасына ауыстыруға дейін


3. 2.0. нұсқасының ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Бұл нұсқауды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының ресми рұқсатынсыз толық не ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.





Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінің диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған

35-4-3

3.0 нұсқа

16 беттің 2-беті




  1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ

Аталмыш нұсқаулық диплом жұмысының орындалуын сипаттайды. Нұсқаулық ережесі «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы үшін міндетті




  1. СІЛТЕМЕ ҚҰЖАТТАР

Аталмыш нұсқаулық келесі нормативтік құжаттарға сай әзірленді:

2.1 ҚР «Білім туралы» Заңы (өзгерістері мен толықтыруларымен)

2.2 ҚР «Ғылым туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтыруларымен)

2.3 ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтыруларымен)

2.4 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әрекетінің үлгілік ережесі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 Қаулысы )

2.5 Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы)

2.6 ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж 18 наурызындағы № 125 (өзгерістер мен қосымшалармен) бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдық, аралық және қорытынды аттестацияларын өткізу ережесі

2.7 Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережесі (ҚР БжҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы 2014 жылғы 20 маусымдағы толықтырулары мен өзгерістерімен)


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Бұл әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты диплом жұмысына (жобасына) қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.



    1. Диплом жұмысы (жобасы) мамандықтың оқу жоспары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында қарастырылған болса, білім берудің қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша жұмыс болып табылады.

    2. Диплом жұмысын (жобасын) орындау мақсаты:

  1. мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени саладағы тапсымаларды шешуде қолдану;

  2. өзіндік жұмыс жүргізу дағдысын дамыту және әзірленетін проблемалар мен мәселелерді шешуде ғылыми зерттеу мен эксперименттеу әдістемесін игеру;

  3. студенттің қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайындағы өзіндік жұмысқа деген дайындығын, сонымен қатар оның кәсіби құзіреттілік деңгейін анықтау.

3.4 Диплом жұмысы (жобасы) өзіндік оқыту нәтижесін жинақтау мен ғылымның мамандыққа сәйкес саласына қатысты өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.

3.5 Диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалып, келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

3.5.1 зерттеу нәтижесін ғалымдармен, аналитиктермен, мамандармен бірлесе отырып жалпылау;

3.5.2 зерттелген нысан бойынша негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

3.5.3 қолданылуы нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижесінің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет