Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).
Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:
сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;
сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;
сынақ жүргізу тәртібін;
сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;
сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;
сынақтың жіберілетін қателігін.
Стандарттың аарналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы. таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).
Сертификаттау тәжірибесі аралас түрлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отыр (мысалы ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).
Достарыңызбен бөлісу: |