5В072300- «Техникалық физика» мамандығы үшін



бет1/5
Дата23.10.2020
өлшемі189,5 Kb.
#68443
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-14-2.01.20.90/02-2013

№ 1 баспа,05.09.2013.

-шы беттің -сі







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ КАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-2-06.01.20.90/02-2013

Студенттерге арналған «Кванттық механика» пәнінің жұмыс бағдарламасы

.

№ 3 баспа


5В072300- «Техникалық физика» мамандығы үшін

«Кванттық механика»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013

Алғы сөз

1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы __________ 2013 ж. Ботатаев В.У., Физика кафедрасының профессоры
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

_1_ хаттама 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі _________ С.С. Маусымбаев
3. МАҚҰЛДАНДЫ

3.1 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

№ ____ хаттама ______________2013 ж.

Төрайымы ___________ К.А. Болатова
4. БЕКІТІЛДІ

4.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды

№ _____ хаттама _______________ 2013 ж.

ОӘК төрайымы ____________ Г.К. Искакова
5 Алғаш еңгізілген


Мазмұны


  1. Жалпы ережелер

  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

  3. Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Баға қоюдың саясаты

  7. Әдебиет


1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Ботатаев Василь Уалиевич

Кафедра «Физика және электротехника»

Байланыс туралы ақпарат – тел. 35-26-22, №1 оқу корпусы, № 1110 каб.

Сабақты жүргізу орыны – 11-ші қабат аудиториялары

Осы пән бойынша кредит саны – 3
1.2 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме (1 кесте):
1 кесте – оқу жұмыс жоспарынан көшірме


Курс


Семестр

Кредит

Лк (сағ)

Практ. (сағ)

ОБСӨЖ (сағ)

СӨЖ (сағ)

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау түрі

3

6

3

15

30

45

45

135

Емтихан


1.3 Пән мазмұнына қысқаша сипаттама.

«Кванттық механика» курсы қазіргі заманғы физиканың негізгі теориясының бірі. Кванттық механика – микробөлшектердің (элементар бөлшектердің, атомдардың молекулалардың) қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін теория.

Кванттық механика көптеген теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды, соның ішінде әртүрлі ғылыми бағыттардың түйіскен жеріндегі мәселелерді шеше алатын кең ауқымды алаң. Курс студенттердің бойында кванттық механиканың әдістерін еркін қолдана алатын икемділікпен қажет практикалық дағдыларды қалыптастыратын және жалпы теориялық жағдайларды түсіндіретін, терең мағыналы физикалық мысалдар арқылы баяндалуы тиіс.

1.4 Курстың мақсаты: Студенттерге микродүниенің заңдылықтарын терең түсіндіру. Студент кванттық заңдарға бағынатын құбылыстардың физикалық табиғаты жөнінде айқын түсінік алуы тиіс.

1.5 Оқытуда қойылатын міндеттер: студент кванттық механиканың негізгі заңдарын терең білуі; релятивистік емес кванттық механиканың математикалық аппаратын игеруі, оны кванттық механиканың негізгі есептерін шешуге қолдану принциптерін білуі, шашыраудың кванттық теориясы мен релятивистік кванттық механиканың негізгі элементтерін білуі, тепе-тең бөлшектерді кванттық сипаттаудың ерекшеліктерін білуі тиіс. Сутегі атомы, тунельдік эффект, қозғалыс мөлшердің моментін қосу, бөлшектер статистикасы, бөлшек спині, Паули принципі тәрізді маңызды қолдануларын дұрыс түсіндіре білуі тиіс.

1.6 Студент пәнді оқу нәтижесінде:

білуі керек:

негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын;

өлшембірліктерін, тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді;

есте ұстауы керек:

пәннің негізгі қағидаларын, шамаларын, заңдарын, есепті шығару әдістерін; математикалық аппаратты, қазіргі заман өндірісінде және ғылымда алатын орыны мен атқаратын ролі;

орындауы керек:

нақты физикалық жүйелердің параметрлерінің сандық есептеулерін жүргізу;

түсінуі керек:

негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;

игеруі қажет:

теориялық механиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра алуды.

1.7 Курстың пререквизиті:

Математикалық анализ, дифференциалдық және интегралдық теңдеулер,

аналитикалық геометрия және жоғарғы алгебра, векторлық және тензорлық анализ негіздері, жалпы физикадан «Электр және магнетизм», атомдық және ядролық физка, теоретикалық механика; электродинамика;

1.8 Курстың постреквизиті:

Математикалық физика курсы, статистикалық физика және термодинамика.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ САҒТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

2-кесте. Пәннің мазмұны. Сабақ түріне сағаттардың бөлінуі.

Тақырыптың атаулары және мазмұны

Сағат саны


ЛК

ПЗ




ОБСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1 Кіріспе. Толқындық функция және оның физикалық мағынасы. Физикалық шамалардың операторлары. Динамикалық айнымалыларды оператор арқылы бейнелеу. Операторлардың сызықтылығы және эрмиттілігі.

1

2




3

3

2. Физикалық шамалардың орташа мәні. Коммутаторлар. Операторлардың меншікті мәндері мен меншікті функциялары, дискретті және үздіксіз спектр.

1

2




3

3

3. Дирактың дельта функциясы. Физикалық шамалар үшін анықталмағандық қатынас. Гамильтон операторы. Стационар күй және оның қасиеттері.

1

2




3

3

4. Кванттық механикалық шамалардың уақыт бойынша өзгеруі. Қозғалыс интегралдары. Бірөлшемді тікбұрышты шексіз терең потенциалдық шұңқыр.

1

2




3

3

5. Келтірілген масса. Орталық өрістегі қозғалыс. Кванттық механикадағы үздіксіздік теңдеуі. Сызықтық гармоникалық осциллятор.

1

2




3

3

6. Кванттық көріністер теориясы. Импульстік көріністегі толқындық фугкция және операторлар. Импульстік көріністегі сызықтық гармониялық осцилятор.

1

2




3

3

7. Қозғалыс интегралдары. Қозғалыс мөлшері моментінің жалпы теориясы. Операторлардың матрицалық элементі. Екі моментті векторлық қосу. Клебш-Гордан коэффициенттері және оның қасиеттері.

1

2




3

3

8. Атомның магниттік моменті және оның квантталуы. Штерн-Герлах тәжірибесі. Электронның спині. Қозғалыс мөлшерінің толық моментінің операторы.

1

2




3

3

9. Еркін қозғалыс кванттық ротатор. Сфералық потенциалдық шұңқыр. Үш өлшемді осциллятор. Ядролық қабыршық жөніндегі түсінік. Сутегі тәрізді атомдардың теориясы. Ядро қозғалысын ескеру.

1

2




3

3

10. Фермиондар және бозондар. Симметриялы және антисимметриялы толқындық функциялар.

1

2




3

3

11. Паули принципі. Гелийге ұқсас атомдар теориясы және оның физикалық мағынасы. Менделеевтің периодты жүйесі.

1

2




3

3

12. Спектральдық термдер. Хунд ережесі. Кванттық механиканың релятивтік теңдеулері. Релятивтік теңдеулерге қойылатын жалпы талаптар.

1

2




3

3

13. Клейн-Гордан және Фок теңдеуі. Спині нөлге тең бөлшектер үшін заряд тығыздығы мен ықтималдық тығыздығы.

1

2




3

3

14. Дирак теңдеуі, Дирак теориясындағы ықтималдық тығыздығымен тоғы. Спинді енгізудің қажеттілігі.

1

2




3

3

15. Вакуум, позитрон. Сутегі атомы деңгейлерінің нәзік құрылымы.

1

2




3

3


3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Кванттық механика» пәнін оқытуға қатыстылар:

- оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау;

- рлекция материалдарымен жұмыс жасау және лекцияға дайындалу;

- семинар сабақтарына дайындалу.

3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау:

3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып, студент оны оқып және оқыған әрбір абзацна ат қояды. Егер студент абзацқа ат қоя білсе, онда оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді.

3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап, студент келесі тексттің абзацна көшеді.

3.1.3 Егер студент тексттің әр абзацна ат беруге қиналса, онда материалдың мөлшерін үлкейтуге болады. Сонда студент материалды конспекті жасап, оған ат беруі мүмкін. Сөйтіп параграфтың барлық текстін өтуі керек.

3.1.4 Осылайша материалды оқып және конспекті жасап, текстке қатысты сұрақтарға жауап беруі қажет.

3.1.5 Егер текстке қатысты сұрақтар жоқ болса, онда өзінің оқыған материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.

3.1.6 Соңында студенттің параграф бойынша оқығған материалдарын мазмұндап бергені тиімді.

3.2. Дәріске дайындық.

Қолдарыңыздағы жұмыс бағдарламасында пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, негізгі әдебиетте көрсетілген, дәріс сұрақтары берілген, практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.

3.2.1 Сабақ кестесі Сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.

3.2.2 Дәріс кезінде белсенді түрде жұмыс істеуге дайындық жасау үшін көрсетілген әдебиет бойынша дәріс материалын өзбетіңмен оқуын қажет, тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді қарастыру қажет, өз ойыңыз бойынша тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.

3.2.3 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз конспектінді толықтыруға мүмкіндігіңіз бар, өз сұрақтарыңызға жауап алуыңызға болады. Өз конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы емтиханды және курстың соңында өткізілетін мемлекеттік емтиханды ауызша тапсыратын боласыз.

3.3. Практикалық сабаққа дайындық.

3.3.1 Практикалық сабаққа дайындалу үшін Сізге бақылау сұрақтары белгілі, осы сұрақтардың жауабын білу қажет.

3.3.2 Сабақ кезінде шығарылатын есептер нөмірлері белгілі болғандықтан, ол есептерді өзбетіңізбен шығаруға тырысыңыз, себебі сабақ кезінде осы жұмыс үшін балл алуға болады.

3.3.3 Егер есептерді шығара алмасаңыз, ұсынылған, физикалық есептерді шығару жолдары көрсетілген әдістемелік нұсқауларды пайдаланыңыз.

3.3.4 Практикалық сабақтар кезінде, ОКӨЖ – та, консультацияларда шығарылған есептер де Сізге өзбетімен жұмыс тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.

3.3.5 Практикалық сабақ кезінде есепті шешуге ұсынылған әр қадам 1 баллға бағаланады.

3.3.6 Есепті шығарудағы өзбетімен жұмыс 5 баллға бағаланады.

3.3.7 Практикалық сабақ кезінде тест бойынша жауап алу жүргізілуі мүмкін, әр сұрақ 1 баллға бағаланады.



3.3.8 Барлық алынған баллдар аралық және межелік аттестация кезінде қосылады.

Студентке қойылатын талаптар:

Сабаққа қатысу: Лекцияға қатысу міндетті. Егер сіз қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз да, Сіз мерзімінде тақырып және тарау бойынша өздік жұмыстарды тапсыруыңыз керек, босатылған семинар сабақтарының тақырыптары бойынша Сіз бақылау жұмысын жазуыңыз немесе тақырып бойынша жауап беруіңіз керек.

Тәртібіңіз: сабақ уақытында пәнде жүйелі түрде бұзған студент аудиторяидан шығарылады немесе барлық курсқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Бақылау тапсырмасы: Оларды орындау міндетті және мерзімінде тапсырылуы қажет. Кешіктіріліп орындалған жұмыстар автоматты түрде бағасы төмендетіледі.

Аралық аттестация: Аралық аттестацияның қорытындысы сабаққа қатысу, мерзімінде орындалған өздік жұмыстарды, сабақ үстінде жазбаша немесе ауызша түрде жауап беруі ескеріліп қойылады.

Списывание и плагиат: Любое списывание или плагиат (использование, копирование готовых заданий других студентов) будет пересекаться в виде исключения из аудитории и/или наказания оценкой «неудовлетворительно».

Ұялы телефондар: Сабақ жүргізілуі уақытында өшірілуі керек.

Емтихан: Қорытынды аттестация ауызша емтихан арқылы өткізіледі. Әрбір билетте екі теориялық сұрақ жяне бір есеп болады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет