5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған


жұмыс АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАУЛАР



бет24/24
Дата26.08.2017
өлшемі11,3 Mb.
#29677
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

15 жұмыс АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАУЛАР

Агрометеороглогиялық болжаулар дегеніміз-агрометеорологиялық элементтердің ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне,дамуына және өніміне тигізетін әсері ертеден болжау және есептеу болып табылады.Бұндай болжаулар ертерек жасалады,кей кездерде екі-үш ай бұрын метеорологиялық жағдайлардың қалай болатының анықтайды.

Агрометеорологиялық болжаулар қолайлы ауа-райын тиімді пайдалануға,ал қолайсыз жағдайлардың зиянды әсерін азайтуға үлкен мүмкіншілік береді.Енді осы агрометеорологиялық болжауларды жасау үшін ең бірінші,сол кездегі ауа-райының жағдайы және олардың ауыл шаруашылық дақылдарына әсерін білу керек.Оны білу үшін бұрынғы көп жылғы жасалынған болжауларды сол агроклиматтық анықтамаларынан алып пайдалану керек.Барлық,осы күнге пайдаланып отырған агрометеорологиялық болжауларды анықтау әдістерді сол аймақтың (ауданның) ауа-райына тәуелділігіне негізделген,осының ішінде жылылықпен ылғалдылықтың маңызы жоғары.Енді осы болжауды жасау үшін ауылшаруашылық дақылдарының қайсысы өсу кезеңінде жылылққа және ылғалдылыққа сезімтал екенің естен шығармаған жөн.

Ауылшаруашылық дақылдарынан даму фазаларын болжау үшін,жылылықты пайдалану керек,себебі өсімдіктің өсу жылдамдығы осы факторға байланысты.Көп жылдық бақылаудың тәжірибесіне қарағанда астық және басқа дақылдардың өсіп дамуына +5оС жылықта жеміс ағаштарының (алмұрт,шие т.б.)+7 оС та және жылу сүйгіш дақылдардың (көкөніс,бақша) +10 оС та басталатыны белгілі болған.Бұған байланысты осы фазалардың басталу уақытын білу үшін пайдалы температураны жиынтығын есептеп (бұл тәуліктің орташа температурасы +5 оС қа немесе 10 оС биологиялық 0 оС тан жоғары болу керек)және әрбір өсімдіктің өсу кезеңі өту үшін оған тиімді температураның жиынтығы керек.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ-ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ № 13-14

Сабақтың мақсаты: Топырақ ылғалдылығың,бидайдың қамырлана пісу кезеңін,жеміс-жидек дақылдарының гүлдену кезеңдерін болжау және сол болжамдарды жасау үшін тапсырмалар орындау.

1 тапсырма Вегетациялық кезеңнің алдында топырақтың ылғалдылығын болжау.

Топырақтағы ылғалдылық қорын анықтау немесе болжау арқылы топырақтағы ылғалдылықтың егістікке жететіні немесе жетпейтінін білуге болады.Осыған қарап,егіс кезіңде көп өзгерістер еңгізіледі.Мысалы,себу нормасын,тұқым жататын тереңдікті,сонымен бірге кейбір агротехникалық жұмыстарға бірнеше өзгерістер жасайды.

Топырақтағы ылғалдылықтың қорын өзгертетің негізгі фактор-ол қыс айларында жауатын жауын-шашын және қысқа дейінгі топырақтағы жетіспейтін ылғалдылық.

Енді топырақтағы ықтимал өнімділік ылғалдылықтың қорын анықтау үшін Л.А.Разумованың екі теңдеуін пайдаланамыз.

1.Тұрақты қыс болатын аймақтар үшін

W=0,115Х+0,56Һ-20,(солтүстік аймақтар)

2.Тұрақсыз қыс болатын аймақтар үшін,



W=0,21Х+0,62Һ-33,(оңтүстік аймақтар).

мұнда:W-суық кезеңде 1 метр тереңдіктегі пайдалы ылғалдылықтың өзгеруі (мм).бұл күз кезеніңде.

Һ-топырақтағы ылғалдылықтың ЕСС(НВ)жетіспеген мөлшері

Егерде ЕСС(НВ) көрсеткіші анықталмаған болса,онда:

-саз топырағы үшін 170-190 мм:

-құм дауыт топырағы үшін 150-170 мм:

-құм топырағы үшін 80-120 мм.

22-кесте




Көрсеткіштер

Солтүстік аймақ

Оңтүстік аймақ

Пар

Сүдігер

Күздік

Сүдігер




1.Бастапқы көрсеткіштер













1

Күзде топырақтағы ылғалдылықты анықтау













2

Күздегі топырақтағы ылғалдылықтың қоры (мм)













3

ЕСС (НВ)













4

Жауын-шашынның күзден бастап,көктемге дейінгі жиынтығы (мм)∑
















2.Ауа-райының болжау көрсеткіштері













5

Температураның to+5oC өтуі













6

+5oC кейінгі жауған жауын-шашынның мөлшері (мм)
















3.Көрсеткіштерді есептеп шығару













7

Барлық жауын-шашынның күзден бастап, 5oC температураға дейінгі мөлшері t+5oC (Х)













8

Жетіспейтін ылғалдылық (һ)













9

Ылғалдылық қорының өзгеруі (ΔԜ)













10

Ылғалдылықтың алдағы көктемдегі мүмкіндік қоры













11

Ылғалдылықтың қоры (%ЕСС)













12

Ылғалдылықтың қорын бағалау













1 тапсырма. Вегатациялық кезең басталар алдында топырақтағы ылғалдылық қорының өзгеруін анықтау.

2 тапсырма. Жаздық бидайдың қамырлана пісу кезеңін алдын-ала болжау.

Қазақстанның солтүстік бөлігі үшін жаздық бидайдың сүттені және қамырлана пісу кезеңін қай уақытта басталатының бір ай бұрын агрометеорологиялық болжау бөлімі анықтайды.

Жаздық бидайдың қай уақытта қамырлана пісу кезеңі басталатының анықтау бидайдың масақтану кезеңінен басталады.Осы кезден бастап,тиімді температураның жиынтығын (∑эфф. tо) табады.Қазақстан үшін бұл температура жиынтығы(масақтану кезеңінен суттену кезеңіне дейін) 300 оС,масақтанудан бастап қамырлануға дейін

460 оС.

Болжам масақтанудан кейін 10 күннен соң басталады.Осы 10 күннің нақты температурасы,ал кейінгі күндердің ауа-райының көрсеткіштерін көп жылдық синоптикалық болжау анықтамаларынан алады.

Қамырлану немесе сүттену кезеңінің басталу күнің әр күнгі тиімді температураны қосу арқылы табады,ол мына формуламен анықталады:



D=D1+A∕ tо-5

Бұл жерде: D-келешектегі қамырлану кезеңінің басталатын күні;

D1-масақтану кезеңінің нақты басталу күні;

A-∑Еэфф. tо (масақтанудан бастап қамырлануға дейін);

tо-кезеңдер арасындағы орташа темература.

23-кесте


Көрсеткіштер

Климаттық анықтама бойынша

Болжау бойынша







Шілде

Тамыз

Мақсаттанудың негізгі мерзімі













Орташа ауа температурасы













Тиімді температураның қосындысы













2 тапсырма.Бидайдың сүттену және қамырлану кезеңдерінің басталу күнін (D) анықтау.

3 тапсырма.Алма,алмұрт,алхоры(орман түрлерін)дақылдарының гүлдеу кезеңінің мерзімін анықтау.

1.Тәуліктік орташа температураның 5,10 оС жоғары өтуін айлық болжамман және агроклиматтық анықтамалардан алуға болады.

2.Тиімді температуралар жиынтығын агроклиматтық анықтамалардан (10 күндік мәліметтер) алуға болады.

24 кесте


Ағаш тұқымдас өсімдіктердің аталуы

Вегетация кезеңінің басталуынан жапырақ пайда болғанға дейінгі тиімді температуралар жиынтығы ∑тиім to˃5o

Қара қарақат,қарлыған (крыжовник)

30

Қара мойыл (черемуха)

44

Балқарағай (европалық,сібірлік)

50

Қайың,жұпаргүл (сирень)

70

Терек

75

Көктерек (осина)

80

Үйеңкі (клен)

100

Шаған (ясень),емен (дуб),боз қараған (акация)

120

Бақылау сұрақтар

1.Агрометеорологиялық болжамдар не үшін жасалады?

2.Агрометеорологиялық болжамдардың түрлері?

3.Фенологиялық болжау не үшін жасалады?

4.Жеміс жидек дақылдарының гүлдену мерзімін болжау?

5.Топырақ ылғалдылығын болжау?

6.Ауылшаруашылық дақылдардың даму кезеңдерін болжау?

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат, 1971-1978.

2.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациялары. Алматы, 2003-200 б.

3. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 1998-34 б.

4. Павлова М.Д. Практикум по агрометеорологии, - Л.: Гидрометеоиздат, 1984-318 с.

5. ЛОсев А.П. Практикум по агрометеорологическому обеспечению растениеводства.

6. Шульгин А.М. Растение и солнце.



7. Руководство по агрометеоролгическим прогнозам.

8. Косарев В.П. Лесная метеорология., Ленинград, 1983-58 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет