5В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: 1 Алматы, 2015 ж Мазмұны


Кофермент HAD+туынды болып табылады



бет9/16
Дата18.02.2017
өлшемі3,98 Mb.
#10350
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

6. Кофермент HAD+туынды болып табылады:


1) пиперидиннің

2) пиридазиннің

3) никотинамидтің

4) адениннің

5) тимидиннің

7. Нуклеин қышқылының мономері болып табылады:

1) нуклеозидтер

2) нуклеотидтер

3) нуклеин негіздері

4) нуклеозидциклофосфаттар

5) нуклеозидполифосфаттар

8. РНҚ мономері болып табылады:

1) цитидинмонофосфат

2) урацил

3) аденозин

4) дезоксигуанозинмоно фосфор қышқылы

5) тимидинмонофосфат

9. Реакция өнімін көрсетіңіз: β-метилпиридин +[O] →

1) пиридин-2-карбон қышқылы

2) N-метилпиридин гидроксид

3) β-гидроксипиридин

4) никотин қышқылы

5) изоникотин қышқылы

10. ДНК мономері болып табылады :

1) уридин

2) цитидинмонофосфат (ЦМФ)

3) тимидинмонофосфат (ТМФ)

4) аденозин

5) дезоксиаденозин

ОСӨЖ №10
ТАҚЫРЫП: №2 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


Мақсаты:

1. Органикалық химияның негізгі сұрақтары бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды бақылау.

2. Жана терминдерді еңгізу және студенттерді оқытушымен әнгімелесу арқылы коммуникативті дағдыларды дамытуын қалыптастыру

3. Аралық бақылауды ауызша және жазбаша өткізу кезінде өзін- өзі көрсете білуін қалыптастыру.


ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушының қабілеттілігі:

  1. Органикалық химиядан теориялық материалдың меңгеруін тереңдете көрсету.

  2. Органикалық қосылыстардың негізгі топтарына сапалы реакцияларды қолдана білу (гомо- және гетерофункционалды көмірсутектердің туындылары, амин қышқылдар, пептидтер, белоктарк).

  3. Интернеттен ақпарат іздеу және кәсіби әдебиетті өз бетімен оқу.


ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:



  1. үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, жазбаша сұрау).

  2. Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: билеттер және аралық бақылаудың тест тапсырмалары.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

Бақылау жұмысына дайындық.


ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Органикалық қосылыстардын құрылысы және реакциялық қабілеті

2. Көмір сутектердің радикалды және электрофильді реакциялары

3. Органикалық қосылыстардың тотығуы және тотықсыздануы.

4. Қаныққан көміртегі атомынын нуклеофильді орынбасуы.

5. Карбонильді қосылыстардын нуклеофильді реакциялары

6. Тіршілік процестеріне қатысатын гетерофункциональды қосылыстар

7.Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер. Химиялық қасиеттері.

8.Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер.

9.Биологиялық маңызді гетероциклді қосылыстар. Нуклеозидтер, нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары

10. Биополимерлер ертінділерінің ерекше физика-химиялық қасиеттері.
ОҚЫТУ ӘДІСІ МЕН ОҚЫТУ:

Жазбаша және ауызша сұрау.


әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- 288 б.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 400 б.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


Бақылау:

Бұл сабақта компетенцияны бағалау әдісі төмендегідей:

Компентенцияны бағалау «Білім»: аралық бақылаудың сұрақтарының жауаптары бойынша ауызша сұрау (оқытушымен әңгімелесу), жазбаша сұрау ( билеттер).

«Коммуникативті дағдылар» бағалау компетенциясы: үшін әнгімелесу кезінде студенттердін көзқарасын көрсету, сұрақтарды қоя білу және нақты жауап беру.


БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

  1. Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатура, изомериясы. Атомдардың электр терістілігі. Индуктивті және мезомерлік электрондық эффектілер. Органикалық реакциялардың түрлері. Реагенттердің түрлері.

  2. Қаныққан көмірсутектерге тән, радикальды орын басу реакциялары. Қанықпаған көмірсутектерге тән, элктрофильді орын басу реакциялары. Ароматты көмірсутектерге тән, электрофильді орын басу реакциялары.

  3. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, аминдердің және қышқылдардың қышқылдық- негіздік қасиеттері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Аминдердің алкилдеу, ацилдеу және дезаминдеу реакциялары. Альдегидтер мен кетондарға тән реакциялар (сумен, спиртпен, тиолмен). Альдольды қосып алу реакциясы. Органикалық және бейорганикалық қышқылдармен жәй эфирлердің, күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі. Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилдеу реакциясы және циклды ангидрид түзу.

  4. Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин. Дофамин, норадреналин, адреналин, олардың гормондар және нейромедиаторлар ретінде биологиялық маңызы. Гидрокси қышқылдары: гликол, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары. Альдегид – және кето- қышқылдары: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздық сірке, α- кетоглутар қышқылы–маңызды метаболиттер. Ацетосірке қышқылының мысалымен кето-енольды таутомерия.

  5. Бензол қатарының гетерофункциональды органикалық қосылыстары. Салицил қышқылы және оның туындылары. П-аминбензой қышқылы.

  6. Тірі ағзаның биополимерлері. Адам ағзасындағы белоктың ролі. Белок молекуласының құрлысы. Шекті және шексіз ісіну. Ісіну дәрежесі. Биополимерлер ерітінділерінің тұрақтылығын бұзатын факторлар: денатурация, қоймалжыңдану, тиксотропия, тұзсыздану, коацервация. Қанның онкотикалық қысымы жіне оның биологиялық маңызы. Галлер теңдеуі. ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. Ақуыз – полиамфолиттер. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері. Электрофорез, ақуыздар мен пептидетрді бөлетін әдіс.

  7. Ақуыздардың сапалы реакциялары: ксантопротеин, нингидрин, биурет. α- амин қышқылдарының жіктелуі. Амин қышқылдарының бифункциональды қосылыста ретіндегі химиялық қасиеттері. - амин қышқылдарының ерекше реакциялары: биполяр ион түзуі; пептидтер түзуі. Пептидтердің қышқылдық және негіздік гидролизі. Глутатион трипептидінің түзілуі.

  8. Көмірсулар, жіктелуі. Моносахаридтер, жіктелуі. Көмірсулардың стереоизомериясы. Энантиомерлер. Диастереомерлер. Эпимерлер. -,-аномерлер. Рацемат. Глюкоза, галактозала, манноза, фруктоза, рибоза, дезоксирибозаның циклооксотаутомериясы. Фишер формуласы. - және -аномерлер. Хеуорстың перспективті формулалары. Гликозидтік гидроксил.

  9. -және -гликозидтердің түзілуі және қасиеттері. Моносахаридтердің тотығуы: он, ар, урон қышқылдары. Урон қышқылдарының декарбоксилденуі. Тотығу реакцияларына негізделген сапалық реакциялар: күміс айна (Толленс) және мыс гидроксидімен (II) (Троммер) және Фелинг реактивімен реакциялар. Моносахаридтердің тотықсыздануы: маннит, сорбит, дульцит, ксилит. Гидроксил тобы бойынша реакциялар: жәй және күрделі эфирлер, органикалық және минералды (Н24, Н3РО4) қышқылдармен. Аминоқанттар: глюкозамин, галактозамин. О- и N-ацил туындыларының түзілуі.

  10. Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза) олардың құрлысы, қасиеттері, байланыс түрі.

  11. Полисахаридтер. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Амилозаның құрлысы. Гликоген. Құрамы. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Гепариннің түзілу схемасы.

  12. Гетероциктер. Жіктелуі. Пиррол, фуран, тиофен, имидидозол, пиридин, пиразол, пиримидин. Пирролдың, пиридиннің қышқылдық – негіздік, тотықсыздану, электрофильді орын басу раекциялары. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

  13. Пиримидиндік негіздер: урацил, тимин, цитозин. Лактим-лактам таутомериясы. Конденсирленген гетероциклдар: пурин. Пуриннің гидрокси туындылары: а) гипоксантин және ксантин, лактим-лактам таутомериясы; б) зәр қышқылы. Зәр қышқылының қышқылдық және орта тұздары. Пуриннің амин туындылары: аденин, гуанин. Лактим-лактам таутомериясы.

  14. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Макроэргтік байланыс. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.

  15. Алкалоидтар. Никотин. Кофеин. Никотин қышқылы және оның амиді (витамин В3) НАД+ және НАДФ коферменттерінің құрылымдық бірілігі. НАД+ - НАДН жүйесінің әсерінен және гидрид-ионының тасымалдануы туралы түсінік.

  16. Липидтер жіктелуі. Табиғи липидтердің құрамына кіретін, негізгі жоғары май қышқылдары. Алмастырылмайтын жоғары май қышқылдарыт (АЖМҚ) – «F» тобының витаминдері.

  17. Триацилглицирендер. Жай және аралас майлар. Қатты және сұйық майлар. Йодтық сан – майдың қанықпағандық мөлщері.

  18. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін аминспирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс. Фосфоглицеридтердің құрылысы. Фосфатид қышқылы. Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Бұл қосылыстардың бифилдігі.

  19. Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану), тотығуы, гидрирлеу, йодпен және броммен әрекетесу рекациялары.

  20. Стериндер: холестерин, эргостерин. Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуі. Д2 және Д3 витаминдерінің түзілуі.

  21. Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Дезоксихол қышқылы. Жұп өт қышқылдары: гликохол, таурохол қышқылдары.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСтарЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Пән аты – химия, Him 1111


Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»


Кафедра - химия







Құрастырғандар:




1 кредит (бейорганикалық химия)

доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.



















2 кредит (органикалық химия)

доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.







































Алматы, 2015 ж
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

СӨЖ, №1
Тақырыбы: Химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі
МАқсаттары:


  • комплексті қосылыстардың құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Вернер теориясы негізінде комплексті қосылыстың құрылысын сипаттай білуді үйрену;

  • комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуының негізін қалау;

  • студенттерде адам ағзасындағы темірдің, кобальттың және т.б. комплексті қосылыстардың құрылысын қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

  • ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.


оқыту міндеттері:

  • Вернердің координациялық теориясын қолдана отырып, комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттай білу;

  • ИЮПАК халықаралық номенклатура ережелері бойынша комплексті қосылыстардың атауын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

  • комплексті бөлшектердің біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру принциптеріне үйрету;

  • тұрақсыздық константасының шамасын пайдалана отырып, комплексті бөлшектің тұрақтылығын сандық жағынан сипаттаудың әдістерімен таныстыру;

  • медициналық практикада қолданылатын комплексті қосылыстармен (хелатотерапия) таныстыру және ауыр металдар иондарымен уланғанда комплекс түзілу реакцияларын пайдалану механизмін түсіндіру;

  • санитарлық-гигиеналық практикада комплексонометриялық титрлеуді пайдалануға болатын мүмкіндігін көрсету (судың кермектілігін анықтау және басқалар);

  • СӨЖ орындалу нәтижелерін қорғауын ұйымдастыру.


ОРЫНДАЛУ ФОРМАСЫ:

    • оқу материалын өздігінен зерттеу;

    • оқытушының нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық байланыс типтері және оларды валенттік байланыстар әдісі тұрғысынан сипаттау. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты.

2. Химиялық байланыс құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.

3. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы.

4. Полидентантты лигандалар. Полидентантты лигандалары бар комплексті қосылыстардың түзілуі. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия. Заттар молекулаларының құрылысы мен олардың физиологиялық әсері арасындағы байланыс.

5. Комплексонометрия. Олардың санитарлық-клиникалық анализде қолданылуы.


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА:

  1. Ақпараттың түрлі көздерін пайдалана отырып, қарастырылатын тақырыптың материалын жоғарыда тізіп көрсетілген сұрақтар бойынша оқып-зерттеу (төменде көрсетілген әдебиетті пайдалануға болады).

  2. Есептер мен тапсырмалар жиынтығынан оқытушының нұсқауы бойынша әр түрлі типті 5-10 есепті шығару [5] (6 тақырып).


ОрЫндалу КритериЙлері:

Есептерді шығаруға қойылатын талаптар:

  • әрбір студент үшін шығару үшін есептердің санын оқытушы жеке түрде анықтайды;

  • есептер СӨЖ-на арналған дәптерге өрнектеліп жазылады;

  • шешуі бар есеп толығынан мәліметтердің берілгені, түсіндірулері мен жауабы көрсетілген, есептің сатылай шығарылу жолы болуы тиіс.


БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

  • мәтінді құрастыру;

  • есептерді шығару – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, комплексті қосылыстың құрылысын түсіндіре білу және оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас есептерді шығара білу қабілеті;

  • тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырып бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білу қабілеті.

Есептерді шығаруда максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;

  • жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;

  • студент әрбір сатыны, біріншілік және екіншілік диссоциациялану процестерінің мәнін, комплексті ионның тұрақсыздық константасының физикалық мәнін түсіндіре алады;

  • студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, ағзадағы комплексті қосылыстардың биологиялық ролін және олардың медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;

  • студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;

  • студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.


ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Үшінші сабақ
Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.95-102.

  2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 649-686.

  3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 86-102.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

  1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.


БАҚЫЛАУ

Бағаланатын компетенция:

  1. Өзін-өзі дамыту.


Бақылау әдістері:

  1. Тапсырмалардың орындалуын тексеру;

  2. Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 95-114 б.)


Бақылау сұрақтары

  1. Комплекс түзуші атомдардың электронды қабатының құрылысының қандай ерекшеліктері болуы тиіс?

  2. Нақты мысалдар арқылы ковалентті байланыстың пайда болудың алмасу және донорно-акцепторлы механизмдерін түсіндіріңіз. ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттаңыз. Сутектік байланыс. Молекулааралық және молекулаішінаралық сутектік байланыс.

  3. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың ерекшеліктері. Аммоний катион мысалға ала отырып, донорлы-акцепторлы байланыстың түзілу механизмін қарастырыңыз.

  4. Вернердің координациялық теориясының негізгі ережелерін айтып шығыңыз.

  5. Комплексті қосылыс деген не? Қандай элементтердің атомдары мен иондары комплекс түзушінің ролін атқарады? Неліктен? Комплекс түзушінің координациялық саны.

  6. Лигандалар деген не? Лигандалар ролін атқаратын иондар мен молекулалардың электронды құрылысының ерекшеліктері қандай? Лиганданың дентанттылығы дегеніміз не? Комплексті қосылыстың ішкі сферасы неден тұрады? Ішкі сфераның зарядын қалай есептейді?

  7. Комплексті иондар қалай жіктеледі? Комплексті қосылыстарда изомерияның қандай түрі кездеседі? Нақты мысалдар арқылы көрсетіңіз.

  8. Комплексті қосылыстар номенклатурасының негізгі принциптері.

  9. Комплексті бөлшектің диссоциациясы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары. Комплексті қосылыстардың құрамына және тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді?

  10. Хелаттар деген не? Хелаттардың медицинада қолданылуы. Ауыр металдардың улылығы немен түсіндіріледі? Ауыр металдар тұздарымен уланғанда антидот ретінде қандай қосылыстар пайдаланылады?

  11. Металлоферменттер және басқа биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл және т.б.) құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз.


Тесттер

Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 98-103 б.


№2 СӨЖ
ТаҚЫРЫБЫ: s-, p-, d- элементердің және олардың қосылыстарының медициналық-биологиялық маңызы
МАҚСАТЫ:

  1. Биогенді эементтер және олардың жіктелуі туралы түсінікті қалыптастыру.

  2. Биогенді элементтердің иондары мен электрондық құрлыстарын жаза білу.

  3. Биогенді s-, p-, d-элементтердің биологиялық білімдері туралы білімді қалыптастыру.

  4. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

  5. Студенттердің биогенді элементтердің ролін қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу және олардың қосылыстарының медициналық практикада қолданылу.

  6. Ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.


ОҚЫТУ ТҮРІ:

  1. қазіргі атом құрлысының теориясымен таныстыру және биогенді элементтердің атомдарының құрлысынан және БСЭ- нің жағдайына тәуелді екенін негізделу;

  2. биогенді элементтердің мүшелері бойынша топографияларымен, тканімен және ағзадағы биосұйықтығымен таныстыру;

  3. химиялық элементтердің иондарының және атомдарының электрондық формулаларын құрастыру дағдыларын қалыптастыру;

  4. биогенді s-, p-, d-элементтердің биологиялық ролімен таныстыру және s-, p-, d-элементтердің медицинада қолданылуы мысалымен безендіру;

  5. эндемиялық аурулардың шығу себептерімен таныстыру;

  6. СӨЖ ді орындау үшін нәтижелерін қорғауды ұйымдастыру.


ОРЫНДАУ ҮЛГІСІ:

    • Оқу материалын өз бетімен оқу;

    • Оқытушының нұсқауы бойынша, реферат жазу (презентация құрастыру).


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Атомның квантты-механикалық моделі. Квант сандары. Атомның электрон бұлттарын толтыру.

  2. Биогенді элементтер.Биогенді элементтердің жіктелуі.

  3. Биогенді элементтер атомдары құрылысының ерекшеліктері.

  4. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

  5. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсері.


СТУДЕНТТЕР ҮШІН ТАПСЫРМА:

  1. Әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып қарастырылатын тақырыптың материалын жоғарда көрсетілген сұрақтар бойынша (төменде келтірілген әдебиетті қолдануға болады).

  2. Оқытушының нұсқауы бойынша тапсырманы орындауға және реферат жазуға болады (презентация құрастыру). Тапсырманы таңдау студенттің дайындалу деңгейіне байланысты.


ТАПСЫРМА:

Электрондық формула жазу (оқытушының нұсқауы бойынша):

а) биогенді элементтер атомдарының: натрий, калий, магний, кальций, селен, хлор, фтор иод, темір, кобальт, мырыш, мыс, молибден, марганец, никель.

б) биогенді элементтер иондарының: Na+, K+, Mg2+, Ca2+, Se2+, Cl-, J-, F-,Fe2+, Co2+, Zn2+, Cu2+, Mo2+, Mn2+, Ni2+.

Оқытушының нұсқауы бойынша биогенді элементтердің қысқаша сипаттамасын келесі жоспар бойынша құрастыру:


  • элементтің топографиясы

  • элементтің биологиялық ролі

  • элементтердің артық мөлшерінен немесе жетіспеуінен ағза тіршілігінің бұзылу

  • оның қосылыстарының медицинада қолданылуы.

Реферат тақырыптарының мысалға алынған нұсқалары:

  • Органогенді элементтердің биологиялық ролі және өсідік пен жануар әлеміндегі олардың қосылыстары.

  • «Өмір металдары» және олардың қосылыстарының тірі ағзадағы ролі.

  • Эндемиялық аурулар: себептері, пайда болуы және профилактика әдістері.

  • Құнсыз тамақтанудан туындайтын ауру себептері.

  • Адам және биосфера. Адам денсаулығына техникалық прогресстің әсері.

  • Биогенді s- элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

  • Биогенді р- элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

  • Биогенді d - элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.


ОРЫНДАУ КритериЙЛЕРІ:

Тапсырманы орындауға қойылатын шарттар:

  • Әр бір студент үшін тапсырма санының орындалуын оқытушы анықтайды;

  • Тапсырма СӨЖ дәптерінде орындалады;

  • Орындалған тапсырма алынған ақпарат бойынша жазылуы тиіс


Рефератты орындау және безендіру үшін қойылатын талаптар:

● реферат 4-5 бет болуы керек (қосымшалар беттің санына кірмейді);

● рефератты орындағанда әдебиеттер саны 8-10 болуы керек,

● реферат мәдениетті тілді сақтай отырып, қатесіз орындалуы тиіс;

● мәтінін жазғанда пайдаланған әдебиеттерге ңұсқауды келтіріп отыру керек,

● әдебиеттердің жазылу реті дұрыс сақталуы тиіс.



Рефераттың құрылымы:

мұқаба бет,

мазмұны(рефераттың тарауларын білу үшін, басталатын парағынан бастап бет нөмерлері көрсетілуі тиіс),

кіріспе (рефераттың мақсаты мен міндеті, қойылған сұрқтардың өзектілігі көрсетілуі тиіс),

негізгі бөлім (рефераттың осы бөлімінің әрбір тарауы бойынша қойылған сұрақтар дәлелденген алдыңғы тараудың логикалық жалғасы болып табылады, нұсқалар, сызбанұсқалар, графиктер, суреттер және т.б. келтірілген болуы керек),

қорытынды (реферат тақырыбы бойынша дұрыс тұжырым жазылады, ұсыныстар беріледі),



әдебиеттертізімі.



БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

  • тапсырманы орындау – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас тапсырманы орындай білу қабілеті;

  • тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырыбы бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.

Тапсырманы орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;

  • жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;

  • студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, биогенді элементтердің биологиялық ролін және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;

  • студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;

  • студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.

Рефератты жазуда максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • СӨЖ бойынша тапсырмаланы кестеге сәйкес тапсыру;

  • рефератты жазу, бектілген талаптарға сәйкес өңдеу, оны қорғау;

  • тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырыбы бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.

Рефератты орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкес болуы тиіс;

  • тақырыптың толық ашылуы және жаңашыл мәлімет көздерінің саны жеткілікті болуы керек;

  • материал жеткілікті түрде жалпыланған, нақты және айқын түрде қорытындылар жасалынған болуы тиіс;

  • графиктер, иллюстрациялар ақпаратты түрде берілуі және жақсы сапада болуы тиіс;

  • рефераттың өңделінуі қойылатын талаптарға толығынан сай болуы керек (төменде берілген);

  • студент тақырыптың материалын терең меңгере алады; қойылған сұрақтарғажүйелі, негізді түрде жауап бере алады.


ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Төртінші сабақ
ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.119-125.

  2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 296-326.

  3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 103-128.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

  1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

СӨЖ №3
ТАҚЫРЫБЫ: Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы және жіктелуі.


МАҚСАТЫ:

  1. студенттердің көмірсутектер жайлы оқып үйренгендерін бір жүйеге келтіру,

  2. студенттердің көмірсутектер жайлы оқып үйренгендерін бір жүйеге келтіру,

  3. ИЮПАК номенклатурасы бойынша органикалық қосылыстардың атауларын және химиялық реакция теңдеулерін жазуға үйретіп дағдыландыру,

  4. биология, экология, биохимия, биология, химия курстарының пәнаралық байланыстарын негізге ала отырып студенттердің танымдық белсенділігін арттыру.


ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  1. Құрылымдық формуласы бойынша функционалдық топтарының бар екенін және органикалық қосылыстың қай класынаа жататындығын анықтуға уйрету.

  2. органикалық қосылыстың атауын ИЮПАК номенклатурасы бойынша, немесе атауы бойынша құрылымдық формуласын жазуға үйрету.

  3. Көміртегі қаңқасының құрылымына орай органикалық қосылыстың класын анықтауға үйрену.

  4. Жаңа тақырыптарды меңгеріп, олардық ішінен ең маңыздысын бөліп алу қабілеттілігін дамыту;

  5. Ақпаратттарды қабылдау, талдау және алдына мақсат қоя білуге, оған жету жолдарын таңдай білу қабілеттерін дамыту.


ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1.

1) Органикалық қосылыстардың жіктелуі: көміртегі қаңқасының құрылымына және функционалды топ табиғатына орай. Функционалды топ.

  1. Құрылымдық формула, құрылымдық изомерлер. Органикалық радикалдар.

  2. Органикалық қосылыстар үшін номенклатура бойынша атауды құрастырудың негізгі ережелері. Органикалық реакциялардың типтері. Реакция механизмдері. Мезомерлік және индуктивтік электронды эффектілер.

2. Тақырып бойынша конспект.

3. Тапсырманы орындау:

  1. 4-метилпентен-2; циклогексан; 2,4-диметилпентан; орто-метилэтилбензол; пентадиен-1,3 формулаларын жазыңыз.

  2. ИЮПАК номенклатурасы бойынша келесі қосылыстарды атаңыз:

3. Гексанның үш изомерін жазыңыз және атаңыз. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік көміртек атомдарын көрсетіңіз.



Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2015
uploads -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
uploads -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
uploads -> Химиялық өңдіріс орындары қоршаған
uploads -> Ошакбаева Ж. О
uploads -> «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
uploads -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
uploads -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2015 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет