6- орыс сыныбындағы сабағымның тақырыбы: «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт»



Дата12.11.2016
өлшемі133,13 Kb.
#1581
түріСабақ

Атырау облысы Индер ауданы

М. Әуезов атындағы орта мектептің орыс сыныптарындағы мемлекеттік тіл және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
6- орыс сыныбындағы сабағымның тақырыбы:

«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт»



а) білімділік мақсаты: «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» тақырыбы туралы

мәлімет беру, Қорқыт бейнесі арқылы күй өнерінің

құдіретін таныту.

ә) дамытушылық мақсаты: Оқушыларды деңгейлік тапсырмалар арқылы

ізденіс- шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын

дамытуға дағдыландыру.

б) тәрбиелік мақсаты: Қорқыт бейнесі арқылы адамгершілік, ізгілік,

өнерпаздық қасиеттерге тәрбиелеу.



Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, «Қорқыт ата кітабы» Қоңыратбаев, Ысқақов

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Түрі: «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы, «СТО» технологисының элементтері

Сабақ барысы: I кезең

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиеті

Сұрақтар:



  1. Ертеде қандай тайпалар бірігіп көшіп- қонып жүрген?

  2. Олардың мемлекеті қалай аталды?

  3. Түркілердің қандай қалалары болды?

  4. Түркі ақындары жырларын неліктен құлпытастарға қашап жазған?

  5. Бұл құлпытастар қай жерден табылды?

  6. Жырлар кімдерге арналған?

II кезең

  1. Жаңа сабақ

Түрік қағанаты VIII ғасырда құлағаннан кейін, оның орнына тарих сахнасына шыққан оғыз мемлекеті де әдебиетімізде айтарлықтай із қалдырған.

Бұл дәуір әдебиетінен белгілі екі ескерткіш бар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз қаған жыры»

Сұрақтар:


  1. Қорқыт ата кім?

  2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» туралы реферат қорғау

III кезең


  1. деңгей

Сұрақтар:

  1. Қорқыт кім, ол жөнінде не білесіңдер?

  2. Ол қандай музыкалық аспап жасады?

  3. Қорқыттың жырларын халық қалай сақтап келеді?

  4. «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр?

  5. Қорқытқа ажал неліктен жақындай алмады?




  1. деңгей

Сөздікпен жұмыс

күйші- сочинитель и исполнитель музыкальных произведений на домбре

желмаясына мініп- верхом на верблюдице

құтылуға болмайтынын- о невозможности
Бұл сабағымның екінші деңгейінде оқушылардың ізденіс- шығармашылық қабілеттерін шыңдауда «Ой толғаныс» сатысы бойынша «Қорқыт ата кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Ой шақыру арқылы білімдерін жинақтап, өз ойларын интерактивті тақта арқылы ортаға салады.

жыраулық өнердің атасы


Қорқыт ата кім?

күйші


халық даналығын

жинап сақтаушы


ойшыл

«Венн диаграммасы» («Салыстырмалы мінездеме» арқылы (Қорқыт ата мен Құрманғазы Сағырбайұлының) ортақ қасиеттерін табуға тапсырма беріледі.


Қорқыт ата кім?



Құрманғазы ата кім?




  1. деңгей

Электрондық оқулықтан Қорқыт атаның күйі жіберіліп, осы әуенді тыңдай отырып оқушылар «Қорқыт ата аңсаған арманы орындалды ма?» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылады.

Сонымен, оқушылар бүгінгі сабағымызда «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» тақырыбы бойынша кеңірек таныстық. Қорқыт тек қана мәңгілік өмірді аңсаушы арман иесі ғана емес, күйші, сәуегей, ақын екенін білдік. Бүгінде Қорқыт атаның арманы орындалды, өзі өлгенімен, оның күйлері халықпен бірге мәңгілік жасап келеді. Мәңгілік өмір дегеніміз- өзің өлсең де артыңда өлмейтін, өшпейтін халық үшін жасаған игілікті істерің екен. Қорқыт атаның ізгі жолын жалғастырушы өнер тарландары Ә. Есқалиев, Е. Нығыметов, Қ. Махметоваларды атап айтуға болады.

Бүгінгі сабақта не түйдім? сұрағы бойынша топтастыру әдісін жүргіздім.



Бүгінгі сабақта не түйдім?

Өнер- өмір

Өнер- мұра

өнерде халық өмірі

Өнер- дарындылық өнер- мәңгілік

Өнер- таусылмайтын кен



Сабағымызды қорытындылай келе , «Болжау кестесі» арқылы Нені үйрендім? сұрағы бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бұл сабақта оқушылар Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығы туралы біліп қана қоймай, өнердің мәңгілік екендігін, ұрпақ үндестігі Қорқыт, Құрманғазы бабаларымыздан бастау алып, жалғасын кейінгі ұрпақ жалғастыратынын білді, өнердің мәңгілік екендігін түсінді.
Үйге тапсырма : 4- деңгей «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» атты шығарма жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет