Әлсіздік, тез шаршау сияқты белгілер сирек болса да, кейбір ауруларда кездеседі. Алдымен еңбекке қабілеттілік төмендей бастайды да, жұмыс соңында ол шаршағаны сондай жатқысы келіп, дем алуды ойлап тұрады. Бұл белгілер үдей түседі, егер ісік асқазанның антрум бөлімінде орналасса. Себепсіз әлсіздік, тез шаршау асқазанның басқа ауруларында сирек кездесетіндіктен бұл белгілерге анамнез жинағанда ерекше көңіл бөлген жөн.
Осы көрсетілген белгілерден басқа, асқазан рагының алғашқы белгісі, ол психологиялық өзгерістер: ауру адамның қоршаған ортаға көңіл бөлмеуі, жеке дара болуы, ешнәрсемен қызықпауы, тұйық мінезді қалыптастыруы сияқты белгілер. Осындай өзгерістер туралы ауру адам өз бетінше дәрігерге шағымданбайды, себебі біріншіден бұлар өте сирек кездеседі; екіншіден ауру адамдар бұл белгілерге еш мән бермейді, үшіншіден көп адамдар (соның ішінде дәрігерлер де) бұларды басқа аурулармен байланыстырады, сөйтіп невропатологқа, психиатрлерге көрініп, уақытты созып, өткізіп алады.
Асқазан рагының «шағын белгілер» синдромы
Асқазан рагында көп белгілердің болуы ісіктің ерте өсу кезеңдерін анықтауға едәуір кедергі жасайды. Ауруды асқынған кезде анықтау оңай болғанмен, оны алғашқы сатысында дер мезгілде байқап, анықтау өте қиын. Оның себебі ісіктің бұл өсу сатысында білінуі, біріншіден бірнеше басқа ауруларға ұқсас келетіндігінен, екіншіден дәл осы белгі - асқазан рагының алғашқы өсу дәрежесіне ғана тән қасиет деп айту - қате пікір екендігінде. Осы клиникалық көріністер бүкіл ағзаның жалпы күйзелістерінен туындайды.
Осылардың бәрін ескеріп, А.И Савицкий 1947 жылы асқазан рагының алғашқы белгілері ретінде, оларды асқазан рагының «шағын белгілер синдромы» - деп атаған.
Олар:
ауру адамның ойы мен көңіл күйі, психологиясы өзгеріп,себепсіз әлсіздік, тез шаршау мен еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі,
психологиялық депрессия - ешнәрсемен қызықпаушылық, жалпы көңілсіздік және ортаға деген қызығушылық жоғалып, адам өзінше жеке дара өмір сүруге ұмтылып, барлығыда бірдей сенімсіздіктің (апатия) қалыптасуы,
тамаққа деген тәбеттің себепсіз бұзылып, оның біртіндеп төмендеуі, тіпті, бұрын сүйсініп жейтін тағамға енді «жүрек айнуы» мен лоқсуы,
асқазанда «қолайсыздық» белгісі туындап, іштің кебуі, толықсуы, Тамақ ішпесе де, ішкендей болып тұруы, асқазанға бір ауыр жүк түскендей сезініп, іштің жоғары бөлігінде ауырсынуы,
себепсіз дене салмағын жоғалтуы - арықтау, қан азаю, тері-көз айналасының бозарып, сарғыштануы.
А.И. Савицскийдің бұл белгілердің дені сау адамдарда да болуымен қатар бұлардың көбісі тек асқазан ауруларында кездесетіндігін баса айтып көрсетті.
Алғашқы, ерте пайда болған асқазан рагында - жоғарыда көрсетілген белгілер бір-бірімен байланыста және неше түрлі өзгерісті кездесуіне сәйкес, асқазан рагының алғашқы өсу сатысындағы белгілерін, ісік асқынып, өршіген кездегі белгілерден ажыратып алу - өте маңызды жұмыс болып саналады.
Ерте пайда болған алғашқы рак ешқандай клиникалық белгі бермейді. Оны тек кездейсоқ жағдайда немесе күдіктенгенде рентген және әсіресе, эндоскопиялық тексеру кезінде анықтауға болады. Жалпы клиникалық белгісіз жүру 15-40% ауруларда болады, қалғандарында - қосарланған асқазан ауруларына байланысты әртүрлі шағым болуы мүмкін.
Алғашқы рактың ең бірінші белгісі іш қуысының жоғары бөлігінде оқта-текте пайда болатын ауырсыну сезімі жатады. Бұл ауырсыну сезімі тамақ қабылдағаннан соң болып, бірақ ол тамақ қабылдау үстінде еш уақытта кездеспейді. Ауырсыну сезімі кейде кетіп қалып, біраз уақыттан кейін қайталанады. Бұдан басқа кекіру, «жүрек қыжылдау» іштің кебуі, толықсуы сияқты белгілер қосарланып жүреді.
Асқазан денесіндегі ракта мүше қысылады, сығылады (компрессия) және ағза уыттана бастайды, ал ісік кіші иін аймағында орналасса. осыларға байланысты белгілер іштің жоғары бөлігінде, ауырсыну сезімін туғызады, ол тамаққа байланыссыз, бірақ тамақтан кейін біраз үдей түседі, тамаққа тәбет төмендеп, себепсіз әлсіздік, шаршаушылыққа сенімсіздік енеді.
Ауруды тексергенде одан терінің бозарып, бозғылттанғанын көруге болады. Сипау арқылы іштің жоғары бөлігінен кейде, ісік түйінін сезуге болады. Сонымен бірге асқазан белгілері біртіндеп күшейеді. Егер бұрыннан созылмалы асқазан аурулары бар болса, онда олар туралы аурудың шағымы, өтініші өзгереді. Ең негізгісі - ауырсыну сезімнің тұрақтануы, оның тамақпен байланыста болмауы.
Кардий бөліміндегі ракта ең негізгі белгісі - мүше қыспағы осы жерде тарылып, дисфагияның – тамақ өту - үрдісінің нашарлауы байқалады. Тамақтың төс асты тұсында тұрып, жүрмей қалғанын ауру адам өзі дәрігерге дәл қолымен көрсетеді, ауру адам жүдейді, әлсіздік ұлғаяды, тағамданғаннан кейін құсу басталады.
Осы айтылған көрініс тек ісік таза кардийді зақымдаса болады. Егер кардийден төменгі жерінде болып, жоғары көтерілсе, дисфагияның алдында ауырсыну сезімі пайда болады да, содан кейін барып дисфагия қосылады. Міндетті түрде асқазан рагына тән белгілер - тәбеттің жоғалуы, салмақтың төмендеуі және әлсіздіктің біртіндеп күшейуі тұрақтанады..
Асқазан күмбезіндегі ракта, көпке дейін ісік белгісіз жүреді. Тек ісік өсіп, зақымданғанда қан кету байқалады, сол кезде бас айналу, әлсіздік, тері ағарып, бозғылттанады; қан қысымы төмендеп, тамыр соғу нашарлайды.
Қан азаюға ешқандай себеп болмаса, онда бұл көрінісасқазан күмбезінде рак болуын білдіреді. Кейде ісіктің бұл түрінде ауырсыну жүрекке беріліп, стенокардия белгісін туындатады, бұл ісіктің диафрагмаға көшкенін көрсететін белгі.
Пилорус бөліміндегі рак - қыспақтың бітелу, жабылу көріністерімен білінеді, бұл кезде асқазан толып, оған жүк түскен сияқтанады, себебі ішкен тамақ ішекке өтпейді, сондықтан асқазан асқа толғандықтан құсық пайда болады. Құсықта жаңа ішілген тағам қалдықтары көрінеді. Көбінесе, аурулардың өздері аузына қолын салып, құсықты шақырады, себебі бұдан кейін олар, әжептәуір, жеңілденіп қалады. Сипау кезінде асқазанда судың шайқалған дыбысын, кейде ісік түйінін байқауға болады. Үдемелі құсық, ағзадағы су мөлшерін кемітеді, адам шөлдейді, салмағы жоғалады, денесі құрғап, әлсірейді.
Достарыңызбен бөлісу: |