6- сабақ. Асқазан рагы Кіріспе


өңеш ұшымен ішек қабырғасы арасына салу (А), Ру бойынша көлденең эзофагоеюноанастомоз (механикалық тігіс ПКС аппаратымен) ішек аралық анастомозбен



бет22/37
Дата21.12.2023
өлшемі1,2 Mb.
#198223
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
askazan

өңеш ұшымен ішек қабырғасы арасына салу (А), Ру бойынша көлденең эзофагоеюноанастомоз (механикалық тігіс ПКС аппаратымен) ішек аралық анастомозбен.



№20- сурет. Вертикальды (тік) эзофагогастроанастомоз - өңеш ұшын асқазан қырына қолмен тігіс салу жолдары, Федоров қысқышымен өңешті анастомоз салып біткенше қысып тұру (а,г)





№21- сурет. Гастроеюнодуоденопластика жасау жолдары




Асқазан рагын емдеу жолдарының нәтижелері
Асқазанға радикальды операция І- өсу сатысында жасалынса, онда науқастың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 87-100% жетеді, ал ІІ- өсу сатысында – 70-80,0%, ал ІІІ –сатысында 20,0% тең болады.
Лимфа бездерінде бөгелме ісік жоқ болса, онда операциядан кейін 50-60,0% адамдар бес жыл өмір сүреді, ал бөгелме ісік болса, бұл көрсеткіш (10-20,0%) үш есе төмендейді. Жалпы эндофитті ракта және ісік мүшенің сыртына шығып кетсе, асқазанның жоғарғы бөліктерінде орналасса емдік нәтиже төмендейді. Қосарлы операциялардан кейін - 20-30,0%-дай емдік нәтижеге жетуге болады.
Асқазан рагының асқынған түрінде науқастың орташа өмір сүруі 4-5 айға жетеді. Химиотерапиялық әдістен кейін 15-40,0% ауруларда олардың өмірін, 10-12 айға созуға болады. Ал кейбір кездерде, ісікке паллиативті операция жасалып, химиотерапия қолданса, бұл мерзім 2-3 жылға жетуі мүмкін.
Асқазан рагымен ауырған адамдардың еңбекке жарамдылығы мен реабилитациясы
Еңбекке жарамдылық науқас ісігінің өсу сатысына және ем жүргізілген кездегі оның жағдайына байланысты. Радикалды операция жасалғандар 2- немесе 3- мүгедектік топқа жатады, сөйтіп олар 1-2 жылдан кейін қайтадан комиссиядан өтеді. Ал енді бөгелме ісіктер пайда болып, ісік қайта өссе (рецидив), оларға І- топтық мүгедектік беріледі.
Химиотерапия алатындар, ем кезінде ешқандай еңбекке жарамайды. Егер бөгелме ісіктер жоқ болса, ісік қайта өспесе, онда басқарушы қызметте, немесе есеп-санақ, ой жұмыстарында істей алады. Ыстық цехтарда жұмыс істеу, ауыр физикалық жұмыстарды орындау қарсы көрсеткіш болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет