Байланысты: Бес жастағы балалардың геометриялық пішін туралы түсініктерін қалыптастыру- ҚМҰҚ 31.03
Екінші кезеңде заттардың ғана пішінін емес, сонымен бірге бөлшектердің де пішінін таба білу. Ойындарды және жаттығуларды ойша затты белгілі пішіндегі бөліктерге бөлуге және бөліктерден затты құрастыруға үйрету мақсатымен таңдау. Бұл жұмысты сабақтан тыс та өткізуге болады. Сонымен қатар, екінші кезеңде балаларды түрлі фигураларды түрлендіру арқылы жазық геометриялық фигураларды салыстыруға үйрету (үшбұрыштардан шаршы немесе тікбұрыш жасау немесе шаршыларды бүгу арқылы үшбұрыштар, тікбұрыштар жасау және т.б.).
Балаларды геометриялық фигураларды құрамдастыруға, бір ғана фигуралардан түрлі композия құрастыруға үйретуге жаттықтыру өте маңызды. Бұл кез келген заттың түрлі бөлшектерін мұқият зерделеуге, құрастыру кезінде техникалық суретті оқи білуге баулиды. Мысалы, таяқшалардан фигура құрастыру: жеті таяқшадан шаршы, он таяқшадан үш
тең шаршыны құрастыру
Ойындар мен жаттығулар барысында балалардың пішін туралы ұғымдарының дамуы. Заттың және геометриялық фигуралардың пішіндерін қабылдау тәжірибесі балаларда заттармен және мозаикамен ойындар барысында, жазықтықта «картиналарды» құрастыру кезінде алуан түрлі геометриялық фигуралармен күрделі іс-қимылдар жасау процесінде, құрылыс материалдарынан құрылыс жасау кезінде, модульдерден конструкциялар жасау және т.б. барысында жинақталады. Ылғалды құммен ойын кезінде балалар пішін құрайтын іс-әрекеттерді сәтті игереді.
Балалар үшін жасалған геометриялық фигуралар мен бейнелер практикалық іс-әрекетке қызықтыратындай, ал кейде жай ғана оларды қарауға, қолмен ұстап көруге жетелейтіндей орта құру қажет. Балалардың
қабылдауы үшін ең оңай – шеңбер болып табылады. Көз оның контур бойымен ешбір кедергіге тап болмай, «сырғып өткендей» болады. Шармен
және шеңбермен ойындар алуан түрлі. Мысалы, тәрбиеші балалармен бірге
машианы гараждан шығаруға даярлайды: олар доңғалақтары мен шанақтың
ішіндегісін зерттейді.
Дьенештің логикалық блоктарын және олармен түрлі ойын жаттығуларын, түрлі-түсті модульдерді пайдалану кішкентай балаға заттардың алуан түрлі қасиеттерінде бағдарлануға жол береді. Қажетті тәжірибе бар болған кезде, балалар пішіні, түрі мен түсі, көлемі мен пішіні жағынан салыстыру негізінде практикалық мақсаттағы күрделі емес конструкцияларды жасайды.
Ересек кезеңінде (5-6 жас) балаларға жазық геометриялық фигураларды және денелерді жылдам тану және атау; конфигурациясы және қабырғаларының арақатынасы бойынша біртекті түрлі фигураларды ажырату; ойындарда және іс-әрекеттің нәтижелі түрлерінде фигураларды дұрыс пайдалану секілді дағдылар тән.
Фигураны қабылдай отырып, балалар негізінен оның ішіне емес, оның контурына бағдарланады. Әдетте, бұл жаста сезу-ұстау арқылы зерттеу тек проблемалық жағдай шарттарында ғана қажет: фигуралардың қандай да бір
ерекше орналасуы, оны күрделі оюдың ішінде ажырату және көрсету, жаңа
пішінмен танысу, пропорциялардың өзгеше арақатынасы және т.б. фигураны
зерделей отыра, балалар оның құрылымдық компоненттерін нақты ажыратады: ұштары (нүктелер), бұрыштар (жазық бөліктері), қабырғалар (фигура қабырғалары). Бұл жаста үйренетін геометриялық пішіндердің шеңберін кеңейтуге болады. Балалар конус пен пирамидалар, призма, трапеция мен ромб, параллелограмдар мен параллелепипедтерді атайды және
іс жүзінде пайдаланады.
Балалармен бірге жұмбақ құрастыру объектілердің қасиеттерін нақтылауға септігін тигізеді. Ойдан құрастырылған әлем объектілерімен іс-әрекеттерді жүзеге асыру балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, салыстыру, өзгерту, түсіндіру мұқтаждығын белсендіреді. Мысалы, белгілісіз ғаламшарға түскен балалар онда көрген геометриялық пішіндерге, заттарға атау береді.
Зерттеу іс-әрекетінде балалар сызу, фигураларды түрлендіру, композиция құрастыру үшін қарапайым құралдарды пайдаланады.
Педагогпен ұйымдастырылған эксперимент өзіндік сипатқа көшеді, бұл балаларды заңнамалықты анықтауға жетелейді. Мысалы, балаларға сызбалар
ұсынылады. Балалар тек шеңберлерден ғана өрнекті қалай құрастыруға болатыны, шеңберлерді үшбұрыштың ішіне қалай жайғастыруға болатыны
жайлы ойланады .
Балалар зерттеулеріне арналған тақырыптар. «Паркет төсеуші болған оңай ма?». Балалар паркеттер құрастырады. Бұл жерде «Кішкентай дизайнер» ойыны қолданылады. «Біздің айналамыздағы геометрия!». Балалар панно салады және фигуралардан картина құрастырады. Салыстыруға, қарама-қайшы салыстыруға, жұмбақ құрастыруға, шытырман оқиғасы бар ертегілер мен әңгімелерді ойлап шығаруға ойын жаттығулары ұйымдастырылады. Мұндағы «қатысушылар» түрлі пішіндер болып табылады, олар балалардың дүниетанымын кеңейтеді, байқампыздықты, көзбен шамалауды, яғни, негізгі сенсорлық қабілеттерді дамытады.