6-бөлім. Синтаксис: Қоршаған орта мжәне энергия ресурстары 7-бөлім. Синтаксис: Жасөспірім және заң



бет2/5
Дата03.01.2022
өлшемі95 Kb.
#108196
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-ТЖБ-ҚТ-3
Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым сынып сағат
Бағалау критерийлері:

Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану, талдау, бағалау

Орындау уақыты: 40 минут



1-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін, тақырыбы мен тілдік құралдарын ажыратыңыз. Асты сызылған сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз.

Әлемдік энергетика дамуын сараптау қазіргі негізгі мәселе негізгі энергетика салаларының қоршаған ортаға, халық тіршілігі мен денсаулығына келтіретін әсерінің салдарын жан-жақты мүмкіндігінше бағалау жағына көбірек ауысқанын дәлелдейді.

Қазіргі уақытта энергетикалық қажеттілік негізінде үш түрлі энергия қоры арқасында қамтамасыз етіледі: органикалық отын, су және атом ядросы. Адам су мен атом энергиясын электр энергиясына айналдырып пайдаланады. Сонымен бірге органикалық отындағы энергияның орасан көлемі жылу энергиясы және тек кішкентай бөлігі ғана электр энергиясы ретінде қолданылады. Алайда бұл екі жағдайда да органикалық отыннан энергия алу оны жағумен байланысты, ал бұл қоршаған ортаға жану өнімдері түседі деген сөз.

Энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерінің салдарын кейбір шағын деңгейде, мысалы, әлеуметтік мүмкіндік дәрежесімен шектеп отыру қажет. Мекен ететін орта сапасы мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеп отыратын экономикалық тетіктер қолданылуы қажет.

Осындай мәселелерді жылу энергетика нысандарының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына анықтама бергенде есте сақтау керек: қоршаған ортаға жылу және химиялық, суытқыштар әсерін есептеу және т.б. Одан басқа қатты отын қолданатын (жанатын тақтатас, шымтезек) ЖЭС үшін берік және қауіпсіз күлжинақтаушы мәселесі туындайды.

Энергетика – барлық өнеркәсіп салаларының, көліктің, коммуналдық және ауыл шаруашылығы дамуының негізгі қозғаушы факторы, еңбек өнімділігі мен халық ахуалының өсу базасы. Энергетика кәсіпорындарының зиянды қоспалары бар органикалық отын түрлерімен, әсіресе жану өнімдерімен, қоршаған ортаны ластау үлесі жоғары. Олардың қоршаған ортаға әсері де энергия құралдарының түріне байланысты.

(https://ikaz.info/energetikaly-resurstar-zh-ne-ony-orsha-an-orta-a-seri/)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет