6 дәріс. Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет3/3
Дата20.12.2023
өлшемі34,71 Kb.
#197799
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
лекция 6

Отындық элемент. Онда отынның (көмірдің, кокстың, жанар газдардың және т.б.) немесе оларда қайта өңдеу өнімдерінің (сутектің, көмір оксидінің және т.б.) оттекте жану реакциясы жүреді. Бөлінетін энергия бірден тікелей тұрақты тоққа айналады. Отындық элементтердің тиімді жұмысы үшін катализаторларды (мысалы металл пластинасы немесе қоспасы, Co және Al немесе FeMn және Ag) электродқа жұқа қабатпен қаптайды. Отындық элементтердің пайдалану коэффициенті өте жоғары (80%-дан жоғары), үздіксіз жұмысы және т.б. оларды келешекте кеңінен қолдануға жол ашады.
Сонымен стандартты электродтық потенциал деп, электродтық процеске қатысатын заттардың концентрациясы бірге тең болғандағы электродтың потенциалын айтамыз. Электродтың атауы – онымен жүзеге асатын реакцияның түрімен аталады: тотығу процесі өтетін электрод – анод деп, ал тотықсыздану процесі өтетін электрод – катод деп аталады.
Гальваникалық элементтің жұмыс істеуіне қажетті шарт – электродтардағы потенциалдар айырымы, ол гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші (ЭҚК) деп аталады. Әрбір жұмыс істейтін электр қозғаушы күші – оң таңбалы болады. Кез-келген бейметалдық элементтің электр қозғаушы күшін электродтық потенциалдардың айырымынан есептеп алуға болады. Ол үшін үлкен оң мәннен кішісін алып тастау керек.
Гиббс энергиясы электродтық потенциалмен мына теңдеу арқылы байланысқан:
.
Гальваникалық элементтің ЭҚК-н біле отырып, гальваникалық элементте жүретін реакциядағы Гиббс энергиясын есептеуге болады.
Тоқтың химиялық көздеріне гальваникалық элементтер, аккумуляторлар және т.б. элементтер жатады. Аккумулятор деп – бірнеше рет қолдануға болатын қайтымды гальваникалық элементтерді айтады. Олар жиналған химиялық энергияны электр энергиясына айналдыра алады (разрядтаған кезде) және электр энергиясын химиялық энергияға айналдырады. Аккумулятордың энергиясын қолданғаннан соң, оны тағы тоқ өткізу арқылы қалпына келтіруге болады. Химиялық энергияны тотығу-тотықсыздану негізінде электр тоғына айналдыру қазіргі ғылым алдында тұрған ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оларды отындық элементтер деп атайды. Тотықтырғыш зат ретінде кәдімгі отын – көмір, кокс, табиғи және қолдан жасалған табиғи газ қолдануда. Тотықтырғыш ретінде оттегі мен ауаны пайдаланады. Энергетикалық тұрғыдан сутегі ыңғайлы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет