7. 3.Банктің айналым және операциялық кассасы, оларды реттеу тәртібі Айналымдағы ақша құндылықтарының есебі үшін Ұлттық Банк мекемесінде айналым кассалары құрылады. Айналым кассасының есебі үшін төмендегі шоттар белгіленген:
10100-Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі ұлттық валюта банкноттары.
10200- Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі ұлттық валюта монеталары.
Айналым кассасы бойынша Ұлттық Банк бөлімшелеріне операциялық күн соңына лимит белгіленген. Айналым кассасы айналымға қосымша ақша белгілері есебінен, яғни резерв қоры арқылы реттеледі. Айналым кассасы ІІ деңгейлі банктерден қабылданған жарамды және жарамсыз ақшалар, түсімдерді инкассациялау, ақша эммиссиясы есебінен ұлғайып отырады. Ұлттық Банк бөлімшелері арасында айналым кассасына бекітім жасау үшін ақша құндылықтарын жолдау жүргізіледі. Олардың есебі үшін төмендегі шоттар белгіленген:
10300-«Жолдағы ұлттық валюта банкноталары».
10400-« Жолдағы ұлттық валюта монеталары».
Ұлттық Банктің басқа бөлімшесіне ақша құндылығын жолдау кезінде, шығыс кассалық ордері, жолдама құжаттар толтырылады.
Жолдау кезінде;
ДТ-10100,10200
КТ-441x1
Құндылықтарды қабылдаушы банк кіріс кассалық ордері бойынша құндылықтардың нақтылығын тексерген соң, айналым кассасының қалдығын көбейтеді, 441-топ бойынша кредиттік тапсырысты жіберушіге жолдайды:
ДТ-10100,10200
КТ-441x1
Жіберуші банк алынған кредиттік тапсырысты 241-топ бойынша жауапты өткізбеи қабылдайды:
ДТ-241x1
КТ-10300,10400
ІІ деңгейлі банктердің операциялық кассасындағы нақты ақшалар есебін жүргізу үшін 1001-«Кассадағы нақты ақшалар» және 1002-«Жолдағы банкнота және монеталар» шоттары ашылған. Операциялық кассаға бекітім Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттан нақты ақша алу арқылы жүргізіледі. Ұлттық Банк нақты ақша ұсыну кезінде:
ДТ-36214
КТ-10100,10200
Екінші деңгейлі банкте;
ДТ-1001
КТ-1051.
Банк мекемелері алынған тапсырыстарға сәйкес, өз филиалдарының операциялық кассаларын нақты ақшамен қамтамасыз етуі тиіс. Нақты ақша бекітімін жолдау кезінде бас банк операциялық кассадағы қалдықты уақытша азайтады және жолдағы қаржылар шотына қояды:
ДТ-1002
КТ-1001.
Филиал алынған нақты ақша бекітімі кіріске алады, ішкі корреспонденттік шоттағы қалдықты азайтады да, нақты ақшаның түскендігін дәлелдейтән құжаттарды бас банкке жолдайды:
ДТ-1001
КТ-1351
Бас банк алынған бекітімге сәцкес қаржыларды жолдан өшіреді және филиалдың ішкі корреспонденттік шотын азайтады: ДТ-2151 «Бөлімшенің бас банкпен есеп айырулары».
КТ-1002.
Ақша мен касса тексеруі, оның қорытындысын безендіру.
Ақша мен құндылықтардың сақталуын бақылау мақсатында әрбір банк мекемесінде кассаның және қойманың тексеруі жүргізіледі. Тексеру міндетті тәртіпте және кенеттен жүргізілуі мүмкін. Міндетті тексеру тоқсанда бір рет, бірінші қаңтарға белгіленген және материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде жүргізілед. Кенеттен тексерулер шаруашылық ұйымның талабы бойынша, банк басшысының шешімі бойынша және жоғары тұрған мекеменің белгілеуі бойынша жүргізіледі.
Тексеруді банк басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізеді және тексеру материалды жауапты тұлғалардың қатысымен жүзеге асады. Тексеру қорытындысы актпен толтырылады және жоғары тұрған мекемеге жылдық есеппен бірге ұсынылады. Онда комиссия мүшелері мен материалды жауапты тұлғалардың қолдары қойылуы итіс.
Егер міндетті тексеру кезінде есеп берілгендерінде ешқандай қателіктер табылмаса, онда акт құрылмайды. Тексерудің жүргізілгендігі туралы қойма кітабында белгі қойылады. Егер тексеру қорытындысында, есеп берілгендерінде қателіктер табылса, онда оның реттелу уақыты мен қорытындысына тәуелсіз сома есепте бейнеленуі тиіс. Нақты ақша жетіспеушілігі кінәлі тұлғаға жіберіледі және касса бойынша нақты ақша қалдығы азаяды. Кінәлі тұлғаға 1860 шот ашылған, егер сол күні жетіспеушілік жабылмаса, міндеттеме сомасы кассирдің жеке ісінде сақталады:
ДТ-1860
КТ-1001.
Кінәлі тұлғадан міндеттеме алынады, онда қарыздың қандай жолмен және қандай мерзімде қайтарылатыны көрсетілуі керек. Жетіспеушілік сомасы кінәлі тұлғаның депозитінен, жалақысынан ұсталынуы немесе нақты ақшамен құйылуы мүмкін. Жетіспеушілікті толтыруға ақша түскенде:
ДТ-1001,2211,1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айыру».
КТ-1860
Егер тексеру қорытындысында ақша артығы жабылса, онда касса бойынша кірістеледі және банк кірісіне есептеледі:
ДТ-1001
КТ-4920 «Басқа да кірістер».
Ақша құндылықтарымен қатар құжаттар мен әр түрлі құндылықтардың нақты қалдығы тексеріледі. Есеп берілгендерімен сәйкессіздігі баланстан тыс кіріс және шығыс ордерлері бойынша, қайтару немесе кіріске алу тәртібімен реттеледі. Ұлттық Банк мекемесінде табылған артықшылық сомасы банк бөлімшесі кассасына кірістіріледі және VII кластың кіріс шоттары бойынша есепке алынады;
ДТ- 10100,10200
КТ- 70900 «Қайта санау кезіндегі артықшылықтан кірістер»
Егер Ұлттық Банк бөлімшесін тексеру кезінде жетіспеушілік табылса және кассир кінәсі анықталса, онда соманы қайтару мерзімі мен сома көлеміне қарамастан, 27711 «Басқа да дебиторлармен операциялар бойынша анықталмаған сомалар» шоты бойынша, кінәлі тұлғаға қойылады;
ДТ-27710
КТ-10100,10200
Егер кассир кінәсі анықталмаса, онда жетіспеушілік сомасы себептер анықталғанға дейін, келесі шоттарға қойылады:
19611- «Касса жетіспеушілігінен анықталған сомалар».
19612- «Кассадағы төлемге жарамайтын және жалған банкноталар есебінен анықталған сомалар».
19613- «Кассадағы жымқыру мен жетіспешіліктен болған сомалар».
ДТ-19611,19612,19613
КТ-10100,10200
Ұлттық Банк бөлімшесі жетіспеушілік сомасын банк шығынына қайтару туралы хат-өтініш (ходатайство) жазып, Ұлттық Банктің орталық аппаратына жібереді:
Ұлттық Банктен банк шығынына қайтару туралы рұқсат алған соң, төмендегідей өткізбелер құрылады. Қабылданған көлемге жарамайтын жалған банкноталар сомасына:
ДТ-90600 «Қабылданған төлемге жарамайтын жалған банкноталар бойынша шығындар».
КТ- 19612
Анықталған жетіспеушілік сомасына:
ДТ-90700 «Кассада анықталған жетіспеушілік сомасына».
КТ-19611
Банкноталардың жымқырылған және жетіспеген сомасына:
ДТ-90800 «Жымқырылған сомаға».
КТ-19613.
Кешкі касса жұмысын ұйымдастыру және түсімді инкассациялау.
Ақша түсімін инкассациялаумен ІІ деңгейлі банктің келісімі бойынша Ұлттық Банк айналысады, ал шаруашылық ұйымдар бойынша ІІ деңгейлі банктер айналысады.
Ақша қаржыларының инкассациясы нақты ақшаны сақтау мақсатында және шаруашылық ұйымның шотына қаржылардың түсуін жеделдету мақсатында, яғни шаруашылық ұйымның шотына келесі жұмыс күнінің басына есептеу үшін жүргізіледі.
Инкассациялау үшін банк пен шаруашылық ұйым арасында келісім шарт жасалынады,онда бекітілген инкассациялық сөмке нөмірі(кемінде екі сан) әкеліп, әкету уақыты, инкассация бойынша қызметтерді төлеу шарты және т.б. көрсетіледі.
Әрбір шаруашылық ұйымға ай сайын келу(явочная) карточкасы жүргізіледі, онда түсімді өткізу шарты бойынша инкассациялық сөмкені алу мерзімі, қандай уақытта және қандай сомада екендігі тіркеледі.
Оны клиент толтырады, сондай-ақ клиент инкассациялық түсім сомасына жолдаушы (препроводительная) ведомостьің 3 данасын толтырады. Ал темір жол бөлімдерін инкассациялау кезінде 4 дана толтырылады.
1 данасы- сөмкенің ішкі қалтасына салынады;
2 данасы «Жөнелтпе құжат» (Накладная)» Инкасатор қолына беріледі;
3 дана - шаруашылық ұйымда қалады;
4 дана – темір жол басшылығына жіберіледі
Инкассациялық сөмкелер ақша түсісмімен бірге қол хат бойынша кешкі кассаға, содан кейін қайта есептеу кассасына түседі. Қайта саналған түсім операциялық касса кірісіне алынады да, клиенттің ағымдық шотына жазылады:
ДТ – 031 (1001)
КТ – ағымды шот (2203)
Егер операциялық шот күнінің басында нақты ақша қайта саналмаса, онда жөнелтпе құжатқа сәйкес көрсетілген сомада шаруашылық ұйымның шотына ақша қаржыларын алдын ала есепке алуға жазба құрылады.
Транзитті 729 «нкассациялық түсім» (1870»Басқа да транзиттік шоттар) деген шот ашылады.:
ДТ -729 (1870)
КТ- корреспондеттік шот (1051) 2203
Нақты ақшаны қайта санаудан кейін мәліметтер операциялық бөлімге қайта санаудың қорытындысын кіріс кассалық журналға жазу үшін тапсырылады және бух. есепте бейнеленуі үшін 729 шот жабылады және қаржы кассаға кірістелінеді:
ДТ – 031 (1001)
КТ – 729 (1870)
Егер қайта санау кезінде жөнелтпе құжат берілгпннен қате табылса онда жөнелтпе құжатқа акт толтырылады және оның қорытындысымен клиентті таныстыру қажет. Жетіспеушілік сомасы шаруашылық ұйымның шотынан өшіріледі:
ДТ ағымды шот (2203)
КТ – 723 (1870)
Кайта санау бойынша артықтар қосымша клиент шотына есептелінеді.
ДТ – 729 (1870)
КТ – 2203
Келісім шартқа сәйкес банк клиенттен нақты ақшаны инкассациялау бойынша шығындарды жабу үшін комисиондық өлемдер алынады:
ДТ- 2203
Бақылау сұрақтары:
Банктегі касса операцияларының негізгі түрлері.