Резервтеу мөлшері факторының ерекшелігі депозиттерді тарту қүнын банк операциялары сиякты ұлғайтады. Бүгінгі күні салым және депозиттермен жұмыс істеуде Ұлттық банк айтарлықтай нормативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуі несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мелшерлеменің азаюына әкеледі. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлеміне банктің тиісті шығындары мен қажетті табыстылығы кірмейді. Сондықтан колданылып жүрген нормативтер банк белсенділігін сақтайды, оның қызметін депо-зиттер нарығында әлеуетті инвесторлар ушін тартымды етеді. Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес, сол себепті мерзімдік депозиттерді тарту тиімділігін төмендетеді. Республикада резервтеу механизмі жетідірілетін болады, сол себепті аталған кезеңде калыптасқан банктік жүйе тәжірибесін қолдану өте орынды.
Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа әсер етуші факторлардың бірі Ұлттык банк бекітетін қайта қаржылан-дыру мөлшерлемесі болып табылады.
Депозиттік операциялардың дамуына әсер етуші факторлардьщ екінші тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзімді жинақтау кор-ларын енгізуді және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін, банк беделін және баскаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бірі - салымдарды ин-дексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында. Осы мәселе банктердің ірі жинак жобаларын жүзеге асыруда ете орынды. Үзақ мерзімді жинақтау тәжірибелерін енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейінде болганда ғана тиімді болып саналады. Қазіргі кезде банктердін депозиттік каржыны талап ету және қыска мерзімді депозиттер құрағанына карамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар каржыларын неғұрлым ұзақтау мерзімге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.
Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңыз-ды факторларының бірі - банктің басқа каржылық ұстамдармен салыстырғанда беделді және баска салым түрлерімен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердің бәсекеқабілеттілігі, сондай-ақ депозиттердін. бір түрінің аумағында банктің кызмет спектрын ұлғайту - арнайы депозиттерде, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін корғауда жоғары икемділікке ие.