Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1,2,5; Қосымша 2,6,7,9
Тақырып 13. Банктің меншікті капитал операциялар есебі Сабақтың мақсаты: банктің меншікті капиталын қалыптастыру бойынша операциялармен таныстыру.
Сұрақтар: 13.1. Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі
13.2. Банктің жарғылық капиталының есебі
13.3. Акционерлердің өтеуін төлеп алынған акциялар есебі
Түйінді түсініктер:меншікті капитал, жарғылық капитал, төленген капитал, төленбеген капитал, бөлінбеген табыс, өтелмеген зиян, резервтік капитал.
13.1. Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі Банктің меншікті капиталы капиталдың экономикалық сана-тының бір түрі болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие.
Банкті ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы қызметін ұйымдастыру ушін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар банктік капитал несиелік мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қоргануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, банкке деген клиенттің сенімін арттырады, клиентураның коммерциялық және тұтыну несиелеріне деген қажеттіліктерін канағаттандырады.
Сондықтан банктерге экономикалық тәртіп нормасын тапсырыс ететін мемлекеттік органдар оларды бұзу туралы белгі алған кезде салымшылар мен инвесторлар мүдцелеріне жауап беретін банктік капиталға экономикалық ықпалшаралар қолданады. Осылайша, банк қызметінің ең үлкен мәселелерінің бірі банктің меншікті капита-лының жеткіліктілігін анықтау болып табылады. Оған осынша көңіл бөлудің бір себебі банктің айналымындағы қарыз капиталы үлес салмағы банктік емес саладағы кәсіпорынның айналымындағы қарыз капиталы айтарлықтай жоғары болып келуінде.
Оның үстіне меншікті капитал салымшылардың мүдделерін бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып алу үшін, сонымен қатар, қаражатты қаржыландыру үшін несиелік, факторингтік лизингтік операциялар бойынша банктік айналымды авансылау кезінде күтілмеген шығындардан қорғайды, яғни банк тәукелдіктің орнын толтырады. Сонымен қатар меншік капиталдың бір бөлігі есебінен банктің төлем қабілеттілігін сақтап қапуын қам-тамасыз ететін және шығындар пайда болу кезінде оған калыпты қызмет етуіне жағдай жасайтын қаржылық резерв калыптасады.
Банктік қызмет әрқашан белгілі бір тәуекелдікпен жалғасатын болғандықтан, олардың активтері сәйкесінше топтарға бөлінеді.
Тәуекелдікті ескере отырып активтерді жіктеу және олардың мен-шікті капитал көлемімен өзара тәуелділігі банкті басқару сапа-сының жоғарылауына және оның қаржылық тұрақтылығының жоғарылауына жағдай жасайды. Банктің меншікті қаражатына салымның өсуі қаржыландырудың ең кауіпсіз түрі болып табылады және жүйелі сипаттағы сілкіністерге жолықпауға мүмкіндік береді.
Меншікті капитал банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған қаражаттармен тығыз байланысты және солармен бірге айналымды жүзеге асырады. Ол тартылған қаражаттарға қарағанда сенімдірек ресурс болып табылады. Активті операцияларды жүзеге асыру барысында ысырап болуын жоққа шығармайды. Олар өз кезегінде резерв құруды талап етеді. Егер қызмет ету нәтижесінде банкте шығындар калыптасса, ол жарғылык капиталдың бір бөлігін жоғал-тады. Резервтер болған жагдайда, соңғысы резервтік капитал есебінен қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл банктің үзіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Банктер «ең төмен резервтік талаптар туралы» Ережеге сәйкес тартылған несиелік ресурстың бір бөлігін активті операциялардан олардың өтімді активтері мен табыстарын азайтатын бөлек шотқа депозиттеуге міндетті, ал меншікті капитал есебінен құралған резерв Қазақстанның Үлттық банкінде депозиттелмейді, себебі, ол банктің айналым капиталының бір мүшесі болып табылады. Бірақ оның жарғылык капиталға катынасы тартылған ресурстарды депо-зиттеу негізіне салынған үйлесімдіктен аз болмауы керек.
Осылайша, банктің меншікті капиталы бір жағынан өлшенген тәуекелдік көзі, екінші жағынан, каржылық ысыраптың орнын толтыруды қамтамасыз етуші жинақталған қаражат болады. Банкке қатысты үлестегі өлшенген тәуекелдік сомасы мен айналымдағы меншікті қаржылар сомасы арасындағы айырма банктің төлем қабілеттілігін көрсетеді. Банктің қарыз алушыларын банктік опера-циялардан қорғау мәселесі тәуекелдікті ескере отырып өлшенген активтердің орнын толтыру үшін банктің меншікті капитал мөлше-рін анықтауды қажет етеді, яғни қандай үйлесімдікте өлшенген тәуекелдік банктің меншікті капиталы болып кұрылуы қажет.
Несиелік тәуекелдік деңгейі бойынша активтер санаттарға сәй-кес бөлінген. Активті операциялардың өлшенген тәуекелдік коэффи-циенттері пайыздык белгілеуде Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттары бойынша нөлден бастап ссудалық мерзімі өткен қарыз бойынша жүзге дейін тағайындалған. Үлттық банк белгілеген меншікті капиталдың жеткі-ліктілігінің ең төмен нормативтік деңгейі қаржылық жағдайы түрақсыз банктік мекемелердің көбеюіне, мүмкіндік туғызады. Сондықтан соңғы уақытта банк олардың кызметін реттейтін норма-тивтерді қатайтып, жарғылық капигалдың ең аз мөлшерін жогарылатгы.
Айта кететін жәйт, коммерциялық банктер банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің стандарттарымен белгіленетін халық-аралық стандарттар бойынша нарықтық тәуекелділікпен басқаруға ауыспайынша олар тәуекелділіктің әр түрін жеңіп шыға алмайды. Меншікті капитал екі бөлікке бөлініп қарастырылуы қажет: «Қатты ядро» деп аталатын базалык және қосымша капитал.
Базалық капитал ең тұрақты және орнықты көздерді қамтиды: акционерлік капитал, басылымдарға шығатын резервтер және жалпы банктік тәуекелдердің қорлары. Қосымша капиталға умітсіз қарыздар мен басқа да тәуекелді операциялардың орнын толтыру үшін құрылатын әр түрлі резервтер және мәжбүрлі шығындар (провизиялар) түрлері жатады. «Қатты ядро» мен косымша капитал арасында белгіленген ара қашықтық сақталады.