6-КҮн оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар əзірлеу 1-дəріс



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата11.01.2022
өлшемі146 Kb.
#110916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 6.1
Әлі Жансая МФЖІН 5, 7 сыныр БЖБ, Есіл аудандық сотына, Сабақты зерттеу рефлексивті зерттеу, Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары
Жабық тапсырмалар

– педагогика мен психологияда кең қолданылатын

тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай жəне олар

оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны

сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы əр алуан болуы

мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық жəне сапалық

сипаттамалары əртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.

Алайда оқу процесінде үнемі тек жабық тапсырмаларды қолданған

жағдайда оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі

болады.


Практикада

жабық


тапсырмалардың

бірнеше


түрлері

кеңінен


қолданылады:

Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау



немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;

сəйкестендіруге арналған тапсырмалар;



реттілікті анықтау тапсырмалары;

тұжырымның шындық немесе жалған екенін  анықтауға арналған



тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)

Біз əрі қарай осы тапсырма түрлеріне тоқталамыз.

5

Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған



тапсырмалар

.

«Шындық/Жалған» тапсырмасы – бұл тұжырым түрінде берілетін жабық

тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін

анықтауы қажет. Басқаша айтқанда, əр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады,

оқушы сол екеуінің біреуін таңдайды. Мұндай тапсырмалар білу жəне түсіну

дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап

беруі мүмкін; мұндай тапсырманың көмегімен үлкен мазмұнды қысқа уақыт

ішінде қамтуға болады.

Мұндай

тапсырмаларды



қызығушылықты

арттыру


жəне

талқылау


сұрақтарын енгізу үшін

сабақта тиімді қолдануға болады. Бұл алдыңғы

сабақтағы

жетілдіруді

қажет

ететін


проблемалық

тұстарды


анықтау,

оқушыларды жаңа тапсырмаларды орындауға ынталандыру, күнделікті сабақта




сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу үшін қолдануға ыңғайлы құнды

құрал болып табылады.

6

Келесі жабық тапсырма түрі –



сəйкестендіру тапсырмалары

.

Сəйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым



түрлерінің бірі – екі бағанды салыстырып, сəйкестендіру тапсырмасы: бірінші

бағанда жауап беруге тиісті сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші

бағанда сəйкестендіруге арналған олардың жауаптары көрсетіледі. Мұнда

бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен сəйкес жауаптар саны бірдей

болады. Алайда бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар жауапты болжамдап

дұрыс табуы мүмкін. Сонымен қатар егер оқушы бір жауабында қателессе,

бұл оның одан əрі де қателесуіне себеп болады. Мынадай жағдай болуы да

мүмкін: егер оқушы біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сəйкестікті дəл

білсе, жауабын білмейтін сұрақтың шешімі өздігінен айқын болып шыға

келеді.


Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тəсілі –

бірінші бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптар

санының көп болуы. Бұл жағдайда да оқу материалы негізінде біртекті

белгілері бойынша екі бағаннан тұратын тапсырма анықталады. Екінші

бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар артық болуы қажет, ал

дұрысында екі есе көп болғаны жөн.

Нəтижені өңдеуге қолайлы болуы үшін сол бағандағы қатарларды санмен,

ал оң бағана қатарларын бас əріптермен белгілеу ұсынылады. Оқушы

тапсырманы қолайлы психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауап

беруі үшін жазу қарпі өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы

тақырыпшалар бас əріптермен жазылады, бағандағы сөздер кіші əріптермен

жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен аспауы қажет екенін

ескерген жөн.

Əрине, жекелеген мысалдарда, жоғары деңгейде құрастырылған жағдайда

бір сұраққа бір жауап келетін сəйкестендіру тапсырмасын құрастыру орынды

болады.


Сəйкестендіру тапсырмалары оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған

жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайларда білімді тексерудің

барынша тиімді тəсілі болып табылады.

Сəйкестендіру

тапсырмалары

əр

түрлі эксперименттерді, олардың



нəтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет

ететін жаратылыстану ғылымы сабақтарында қолдану үшін ыңғайлы.

7

Олардың кеңінен қолданылатын келесі түрлерін атап өтуге болады:



-

Терминдерді олардың анықтамасымен сəйкестендіру;

-

Бір-бірімен байланысты фразаларды сəйкестендіру;



-

Себебі мен салдарын сəйкестендіру;

-

Өлшем бірлікті одан ірі немесе ұсақ басқа өлшем бірлігімен



сəйкестендіру;

-

Есепті оның шешімімен (жауабымен) сəйкестендіру.



8

Жабық тапсырмалардың келесі түрі – көп таңдаулы жауабы бар тест

тапсырмасы. Мұнда бір дұрыс жауабы бар жəне бірнеше дұрыс жауабы бар

тест құрастыруға болады.

Көп таңдауы бар тапсырма – оқушының жауабы ұсынылған тізімнің

көлемінде шектелген, дəйекті жауабы көрсетілген сұрақ түріндегі тапсырма.

Мұндай тапсырма екі компоненттен тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет