жандар
екендігін, сондықтан да олардың нақақтан нақақ отаршыл, зымиян,
әділетсіз жүйенің рахымсыз құрығына іліккендерін іштей түсінді де тыңды.
Желтоқсан ерлерін соттау барысында билік саясатына жол берілді. Оқиғаларға
қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде заңдылықтың
өрескел түрде бұзылуына жол берілді. Солар бойынша тергеу қысқа мерзімде,
үстірт және айыптауға айқын бейімділікпен жүргізілді. Өлім жазасына
кесілген Қ.Рысқұлбековтың ісі оның айғақты дәлелі еді. Желтоқсан қозғалысы
қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның шығу, өрбу
себебі – жүйенің шала дүмбілездігінде,
оның империялық, тоталитарлық,
казармалық табиғатында жатты.
Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық
болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде
орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын.
Бұл ереуіл саяси сипаттағы
бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты.
Бірақ
республиканың
және
орталықтың
партиялық-бюрократиялық
құрылымы тарапынан ол экстремистік (Экстремист – шектен шыққан
көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп.
бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны “Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптауға
дейін барды.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264
адам
жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164
комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП
қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық
сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары
оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
Қорыта
айтқанда, жастар нан үшін, күн көріс қамы үшін ғана емес, ең
алдымен халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі үшін күресті.
Желтоқсан оқиғасы:
Кеңестік империяның іргесін сөккен пәрменді соққы еді.
Бұл қозғалыс – тәуелсіздікке жол ашқан алғашқы қадам болды.
Ұлт республикаларының енді орталықтан басқаруға көнбейтіндігін
дәлелдеген қозғалыс болды.
Социалистік жүйенің тұйыққа тірелгендігін айқындап берді.
Қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті.
Желтоқсан
қозғалысында қала көшесін кернеп, алаңды толтырған жастар халқының
намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан қозғалысы
ел есінде сақталды. Бұл тәуелсіздік үшін және Қазақстанның егемендігі үшін
күрестің бастамасы болды.
Достарыңызбен бөлісу: