.
Заңның
бірінші
бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды
.
Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз
сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық
құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас
халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және
мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары
өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына,
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне,
тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей
міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі
мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін
құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,
оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16
желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды
.
Осылайша 70 жыл бойы салтанат құрған КСРО деген алып мемлекет өмір
сүруін тоқтатып, іргесі сөгілген жіптей ыдырап кетті.
Экономикасы
құлдырап,
одақтас
республикалардағы
ұлттық
шиеленістердің ушыға түсуі КСРО-ның әрі қарай өмір сүруіне мұрша бермеді.
Ақырында одақтың құрамынан шығып, өз мемлекеттерінің тізгіндерін
өздері ұстаған республикалар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды.
Ал Кеңес Одағының құрамында болған Балтық бойы елдері бұл одақтан
іргесін аулақ ұстап, дербес даму жолына түсті.