Свердловск, Тбилиси қалаларынан – барлығы 2169 адам жұмылдырылды.
“Ығыстыру операциясы” деп аталатын шаралар заңға қайшы, адамшылыққа
жат әдіс-тәсілдерді пайдаланумен, әрі ақтаушысы жоқ, мәнсіз қатыгездікпен
жүргізілді. Солдаттар мен милицияның қимылы шабуылды тойтару, не
қорғаныс мақсатына емес, адамдарды, оның үстіне қашып бара жатқандарды
қуалауға бағытталды. Ұрып-соғудың қатыгез қаталдығына адамдардың
көпшілігінің қабырғасының сынығы, іш құрылысының езіліп кетуі куә. Дене
жарақатын 1,7 мыңнан астам адам алды. Қуып таратудан кейін ыдырап,
бөлініп-бөлініп кеткендерді алаңнан алыс жерлерде іздеріне түсіп, итпен
аулау, подъездерде жасырынатын жер іздеп қашып жүрген кезінде ұстап алып,
ұрып-соғудың қаншалықты қажет болғанын түсіндірудің өзі ауыр соқты.
Қанды қырғынға қазақтар ұшырады. Бұл оқиға туралы мына сілтемеден
Достарыңызбен бөлісу: