6 саны мен цифры Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі62,23 Kb.
#33599
6 саны мен цифры

Мақсаты: 6 санымен және оның құрамымен таныстыру, 1-ден 6-дейін ауызша тура және кері санап, ойын элементтерін, ертегіні қолдану  тәсілдері арқылы баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Білім беру аймағы : Таным

Өткізілетін аймағы: Математика

Көрнекі құралдар: аңдар, бауырсақ суреттері, карточкалар, сандар, слайд.

Сабақтың барысы:

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, бар білгенімізді, қандай бала екенімізді көрсетейік. Алдыменен амандасайық.

- Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, Күн Ата!

Иіліп сәлем береміз,

Қош келіпсіз қонақтар! (хормен).

-Олай болса балалар, біз өткен сабақтарды қайталап 1ден 5 ке дейін және кері санайық. (қазақша, орысша, ағылшынша санау). «Кім жылдам» ойыны



- Аспанда неше ай бар?

- Бағдаршамда неше көз бар?

- Қонжықтың табаны нешеу?

- Адамда неше көз бар?

- Қолғапта неше саусақ?

- Қоянда қанша құлақ бар?

- Аспанда қанша жұлдыз бар?

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі.         

- Ия, күз мезгілі.

Қазір қай ай?

Қараша айы.

-Ия, қараша күздің соңғы айы. Сондықтан да күн суық, жерде қар жатыр. -Күздің негізгі белгісі не? –Күздің белгілері: күн суытып, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. –Ия, жапырақтар жерге түсіп жатыр. Қараңдаршы мына жапырақтарда сандар жазылған, сандар шашылып жатыр, сол сандарды ретімен орналастыр. (1ден 5ке дейінгі сандарды ретімен тақтада орналастырады).

Жаңа сабақ.

–Балалар, біз бүгін сабақта күзгі орманға дем алуға барамыз. Барғыларың келе ме?

- Немен барамыз? Біздің қандай көлік түрімен баратынымыз алдарыңда жатқан конвертте жасырынған. Барлығымыз алып, пішіндерді пайдалану арқылы көлікті құрастырайық. Егер дүрыс құрастырсаңдар соған мініп барамыз. (Балалар машина құрастырады және қандай фигураны пайдаланғандарын атайды). 

Көлікке отырғанда арқамызды тік ұстау керек, қанеки түзу отырамыз. Көліктің жүрген дыбысы шығады.

Жолдан шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып дем алайық. Сергіту сәті. Слайд.

-Балалар, қазір күздің соңғы айы дедік қой, ормандағы құстар қайда кеткен? (жылы жаққа ұшып кетті)

- Барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді екен,көптеген құстар қыстап қалады.Олар қыстайтын құстар деп аталады. Ол құстар мына ағаштардың жан- жағында қонақтап отыр, кәне айтыңдаршы ағаштың қай жағында? (оң жағында, сол жағында, жоғарғы жағында, төменгі жағында т.с. с.) Енді осы құстарға ұя жасап,қамқорлық көрсетуіміз керек . Олай болса қыстап қалған құстарды тамақтандырайық.(слайд)

-Балалар жемсалғышта неше құс болды? (6).

–Балалар, біз 6 санымен және цифрымен таныспыз ба? (жоқ)

-Олай болса біз бүгін сабағымызда 6 санымен және цифрымен танысамыз. Сабағымыздың тақырыбы 6 саны және цифры. Слайд.

–Балалар, сендер жаңа байқаған боларсыңдар, жемсалғышта 5 құс отыр еді, олар қалай 6 болды? (5 құсқа тағы 1 құс келіп қосылды). Яғни 5 ке 1 қоссақ 6 болады екен. Сонда 6 саны 5 санынан неше санға артық? (1). 6 Сонымен таныстық, ал 6 цифрын жазуды білесіңдер ме? (жоқ).



- Балалар, құстар 6 цифрының қалай жазылатынын біледі екен, біз олармен достасайық, олар бізге 6 цифрының жазылуын көрсетеді. 6 цифрыментаныстырады. Алты бірліктен тұратынын айтады. Балаларға 6 цифрларын таратып береді.  6 цифрын үстінен бастырып жазады, ауада жазғызып көрсетеді, аяқтарымен де жазып үйренеді слайд. Тақтада осы есепті өрнек түрінде жазайық. (5+1=6) Орманда нелер болады?  (Қояндар келеді). слайд. -Қояндар нешеу? (4)

-6 қоян болу үшін тағы неше қоян керек?  (2)

Тақтада осы есепті өрнек түрінде жазайық (4+2=6)

–Енді барлығымыз бірге, жартылай дауыспен тиіндерді шақырайық. Слайд. Тиіндер келеді. (3) Балаларға санату. 

-Қоян көп пе? Тиіндер көп пе?  Бірдей болу үшін неше тиіндер керек?  Тақтада осы есепті өрнек түрінде жазайық. (5+1=6)



Дәптермен жұмыс: 

Жазбас бұрын «Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу

Қолға қалам алайық.

Дәптерімізді ашайық.

Дәптерімізді ашқан соң,

Әдемі етіп жазайық

Балалар алдарында жатқан цифрларды ретімен партаның жоғарға жағына орналастырады. 
Үш тілде санайды.

«Неше рет ойыны

Мұғалім бірнеше рет қол шапалақтайды, ал балалар соған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді

Жұмбақтар:

Санайық та табайық,

Бестен бірді алайық,

Қанша қалды айтайық? (4)

Айгүлде бар 5 алма

Маратта бар 1 алма

Қоссақ беске біреуді

Қанша болды шешуі?

Оң қолымда 3 конфет

Сол қолымда 3 конфет

Қосып едім екеуін

Болды менде неше конверт? (3)



«Көршісін тап» ойыны. …3..., …5.., …4.., …2…

Аңдардың тапсырмасын орындадық, бәріне көмектестік енді қайтатын да кез келді.

- Балалар, ертегі сабағымыз сендерге ұнады ма?

- Қай санмен таныстық?    (6)  -Балалар, егер сабағымыз ұнаса бауырсақты күлімдетіп, ұнамаса жай сызып белгілей қойыңдар.

- Балалар, бүгін барлық тапсырмаларды орындадық.

Әрқашанда осындай тату, еңбекқор, қайырымды болуымыз керек. Өйткені ондай адамдарды, балаларды барлығы жақсы көреді, олардың досы да көп болады екен. 


Рефлексивті-қортындылау Балаларды қорытынды жасауға жетелейді. Бірлесе атқарған жұмыс үшін мадақтайды. 
Бағалау. Шапалақ арқылы бес деген баға қойылады. Қорытынды жасайды. 
Күтілетін нәтиже: Нені білу керек : Сандарды санай біледі, үлкен, кіші, оң, сол ұғымдарын біледі. Нені игерді: 6 цифрымен танысты, заттарды топтастырды. Нені біледі: өрнек құрастыра біледі, өзінің пікірлерін дәлелдеуді, өз ойларын түсінікті жеткізуді.

К.К.Омарова

Қ. Өскенбай атындағы

Қима ортма мектебі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет