6-сыныпта оқытудың міндеттері


Жағымды ахуал орнату: «Бес жылы сөз»



бет73/100
Дата06.02.2022
өлшемі14,01 Mb.
#49062
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
Байланысты:
6 synyp 204 sag

Жағымды ахуал орнату: «Бес жылы сөз»
Мақсаты:Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастыққа баулу.
Қатысушылар бес-бестен топтарға бөлінеді. Әрбіреуі қағаз бетіне өз қолын қарындашпен айналдыра салады және алақанында өз атын жазады. Кейін бұл суретті оң жақтағы көршісіне береді, өзі сол жақтағы көршісінің суретін алады. Басқа біреуден келген суреттің бір «саусағында» оның иесінің белгілі бір ұнамды қасиетін жазады (мысалы, «Сен өте қайырымдысың», «Сен әрдайым әлсіздерге көмектесесің», «Маған сенің өлеңдерің ұнайды»). Келесі қатысушы басқа саусақта сөз жазады т.с.с. сурет иесіне қайтып оралмағанша жалғаса береді. Барлығы болған соң жүргізуші суреттерді жинайды, және комплименттерді ауызша айтып шығады, қалғандары оның кімге қатысты айтылғанын табу тиіс.
2.Үй тапсырманы жалпы тексеру.
3.Логикалық тапсырма: 2жыл бұрын Асан өзінің ағасы Мараттан 2есеге кіші еді, ал 3 жыл бұрын ол 3 есе кіші болды. Ағалы-інілілер қазір қанша жаста? Ш.:4жаста,6 жаста.
4.Жаңа тақырып:
Оқушылар: не үшін біздер жазда ауа райын +23 н-е +20 дейміз де, ал қыста -23 н-е -18 дейміз? Олардың айырмашылығы неде? Географиялық картада тауларды ң биіктігін +4973м. Дейді де,ал теңіздің тереңдігін -2210м. дейді? Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда, оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдына “+” таңбасы қойылады, қарама-қарсы мағынасының алдына “-” таңбасы қойылады. “+” таңбасымен жазылған сандар оң сандар д/а. “-” таңбасымен жазылған сандар теріс сандар д/а. 0 саны оң санға да, теріс санға да жатпайды. Өрнектің бірінші саны оң болса, өрнек алдына “+” таңбасы қойылмайды. Мысалы: 2а*3ав-25в
Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтір. Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтір. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
5.Есеп шығару
№286
Ш.:Алматы +1, Шымкент +5, Қызылорда +1, Тараз +2, Жезқазған +2 Қарағанды -2, Ақтау -1, Атырау -1, Ақтөбе -1, Орал -2, Талдықорған -1, Өскемен -4, Семей -4, Астана -3, Қостанай -2, Петропавл -5, Павлодар -5
№288
1. +20м 2. -16м 3. +5ұпай 4. +12 градус 5. -28000тг 6. -175000тг 7. -3 ұпай 8. -9 градус
№290
1. +15 градус 2. -32 градус 3. +7 градус 4. +28 градус 5. +2 градус 6. -5 градус
№292
Ш.: Арман +2 сек., Жандос -1,5 сек
№295
Қарақия ойысы -132м, Тарбағатай жотасы +2930м, Жоңғар Алатау +4442 м
Жұмыс дәптерінен 2.1 тапсырмаларымен өз білімін тексеру.
Шамалар өзгерістерінің тура мағынасы және оған қарама-қарсы мағынасы болады. Тура мағынасы оң санмен, қарама-қарсы мағынасы теріс санмен жазылады.
Нөл – оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Мысалы: жылылық – (+50С), суықтық – (-30С)
Жаңа материалды бекіту:
Пайда- шығын
Кіріс – шығыс
Терминдері туралы түсінік беру; Оларды оң және теріс сандармен өрнектей білуге үйрету.

  • Мысалдар

Рефлексия

  • Қандай жағдайда оң сандар қолданылады?

  • Қандай жағдайда теріс сандар қолданылады.

  • Теріс сан қалай жазылады?

  • Нөл саны нені білдіреді?



Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
8.Үйге тапсырма №287,289,291,293,294,296, дид. матер.ө-3 п.2.1.оқу


38-сабақ. Оң және теріс сандар. Координаталық түзу.
Сынып: 6 Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Оң және теріс сандар.
Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Шамалар өзгерістерінің тура мағынасы және оған қарама-қарсы мағынасы.

  2. Дамытушылық: Теріс сандардың жазылуы, қолдануы.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі: Термометр моделі; интербелсенді тақта
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

  • Оң және теріс сандар

  • Шамалар өзгерістерінің тура мағынасы және оған қарама-қарсы мағынасы

  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.



3.Логикалық тапсырма: 9 және 5 литрлік ыдыстармен 8 литр суды қалай алуға болады?
4. Оң сан дегеніміз не? Теріс сан дегеніміз не? 0 қандай санға жатады?
5.№297
1. -500м; 2. +2; 3. -1; 4. 0; 5. -30м; 6. +15м
№299
Марканы +20тг; бояуды -20тг; билетті +30 тг
№301
-57м; 2. +27м; 3. 0
№303
23+20+25+21+26=115 115/5=23

Күні

20

21

22

23

24

Температурасы

23

20

25

21

26

Ауытқуы

0

+3

-2

+2

-3



№304
Шешуі: 369-124=245км (3 x+2x)*7/4=245 x=28 3*28=84км/сағ 2*28=56км/сағ
6.Жұмыс дәптерінен 2.1 өзбетімен орындау.
7.Үй жұмысына №298,300,302,305,дид.матер. Ө-4/1-2 нұсқалар/
Ауызша есептеу:
Оң және теріс сандармен өрнектеңдер:
1) теңіз деңгейінен 1,5 м төмен
2) ауаның t 35º ыстық
3) кәсіпкер 30 мың шығынға ұшырады
4) жотаның биіктігі теңіз деңгейінен 500 м биік
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 297, №298
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №299
Сабақты бекіту кезеңі:

  • Оң және теріс сандар

  • Мысалдар

  • Қандай сан оң санға да теріс санға да жатпайды.

Өздік жұмысы:
Математикалық диктант



  1. Серіппенің ұзындығы 3 см ұзарды

  2. Өзен суының деңгейі 0,3 м төмендеді (0,2 м көтерілді)

  3. Ауаның температурасы 20 градус суық (25 º жылы)

  4. Банк 29 млн пайда тапты (14 млн зиян шекті)

  5. Ауаның температурасы кешке 7 º нөлден төмен, (түсте

º нөлден жоғары болды)

  1. Ойын 3 ұпай ұтыспен аяқталды (Ойын 2 ұпай жеңіліспен аяқталды)

Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
Үй жұмысы: №300, №302, №281 (2) №277


39-сабақ. Оң және теріс сандар. Координаталық түзу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет