6 Тақырып маркетинг жүйесіндегі тауар



бет4/4
Дата11.01.2022
өлшемі96,5 Kb.
#111207
1   2   3   4
Байланысты:
. Маркетинг жүйесіндегі тауар

Енгізу кезеңі

Өсу кезеңі

Есею кезеңі

Төмендеу кезеңі

СИПАТТАМАЛАР

Өткізу

Әлсіз

Тез өсіп бара жатқан

Баяу өсіп келе жатқан

Төмендеп бара жатқан

Пайда

Өте аз немесе мүлдем жоқ

Максималды

Азайып бара жатқан

Төмен немесе нөлдік

Тұтынушылар

Жаңаны жақсы көретін

Жаппай нарық

Жаппай нарық

Артта қалған немесе консервативті

Бәсекелестер саны

Көп емес

Үздіксіз өсіп жатқан

Үлкен

Кемімелі

ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖАУАП РЕАКЦИЯЛАРЫ

Негізгі стратегиялық күш салулар

Нарықтың кеңейтілуі

Нарыққа терең кіру

Нарықтағы өз үлесін қорғау

Өндірістің рентабельділігін арттыру

Маркетингке шығындар

Жоғары

Жоғары, бірақ пайыздық қатынаста төмендеу

Қысқарып жатқан

Төмен

Маркетингтің негізгі күш салулары

Тауар туралы ақпараттандыруды құру

Маркага құмарлықты құру

Маркаға құштар болдыру

Селективті әсер ету

Тауарды бөлу

Бірқалыпсыз

Бірқалыпсыз

Интенсивті

Селективті

Баға

Жоғары

Біраз төмендеу

Ең жоғары

Өспелі

Тауар

Негізгі нұсқа

Жетілдірілген

Дифференциал

данған


Перспективаны жоғалтпаға жеке тауарлар

График иірілген қисық пішініне ие болады (5 суретті қараңыз)

5 Сурет. Тауардың өмірлік циклының созылуы
4 Тауарлық белгі және оны қолдану

Тауарлық белгі – бұл тауарға оны басқалардан ерекшелеу және өндірушісі тағайындаған, бекітілген тәртіпте тіркелген белгі. Ол сурет (символ, белгі) белгілі әріптердің, сандардың үйлесімі ретінде келеді. Сатып алушы үшін тауарлық белгі – бұл сатып алуға себеп және өзіндік сапаның кепілі. Тауарлық белгілерді сипаттаудың түрлері 6 суретте көрсетілген.

ФИРМАЛЫҚ БЕЛГІ – бұл символ, сурет, ерекшелейтін түс немесе белгілеу.

ФИРМАЛЫҚ АТАУ – бұл атап айтуға келетін сөз, әріп немесе олардың тобы.



ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІ – бұл фирмалық атау, фирмалық белгі, тауардың сипаты немесе олардың үйлесімі.


ТАУАРЛЫҚ СИПАТ – бұл персонифицияланған тауарлық марка.



6 Сурет. Тауарлық белгілерді сипаттаудың түрлері
Тауарлық белгіге қойылатын негізгі талаптар:

1. қарапайымдылық; 3. тартымдылық;

2. индивидуалдылық; 4. сақтау қабілеттілік.

Берілген тауарлық марканың ұзақ мерзімді сатып алушылық таңдауы, бәсекелес тауарлар арасында нарықтағы белгілілігі брендтің көмегімен көрсетіледі.

Тауарлық белгі - әлдеқайда кең түсінікті – «фирмалық стильдің» құрамдас бөлігі. Фирмалық стиль – тауар өндірушіні және оның өнімдерін бәсекелестерге және олардың тауарларына бір уақытта қарама-қарсы қоятын, сыртқы ортада қабылданатын (тек потенциалды сатып алушылармен ғана емес) өнім өндіруші сатушының барлық өнімінің белгілі тұтастығын қамтамасыз ететін тәсілдердің (графикалық, түстік, пластикалық, тілдік және басқалар) жиынтығы.


  1. Тауарларды қаптау және маркалау

Қаптама – тауардың қабықшасы. Ішкі, сыртқы және көліктік қаптаманы бөліп көрсетуге болады.

Қазіргі кезде қаптаманың рөлі өсті, сондықтан көбісі оны маркетинг кешенінің бесінші құрамдас бөлігіне қосады (packing - қаптама).



Қаптаманың негізгі функциялары:

- тауарды орналастыру және ауыстыру;

- тауарды қолдануды жеңілдету;

- нарықты сегменттеуге араласу;

- өткізу арналарының жұмысына араласу;

- тұтынушымен байланыс құралы;

- жаңа өнімді, оның сипатын қалыптастыру құралдары.
Қаптамаға қойылатын негізгі талаптар:


    • тауарлық қаптаманың пішіні, көлемі, түсі назар тартарлық болу керек;

    • қаптама тұтынушылардың ойында тауар туралы жағымды пікір тудыру керек;

    • тауар мен оның қаптамасының түсі арасында ойластырылған байланыс болу қажет;

    • өндірушінің тауарларының бірыңғай сипатта рәсімделген қаптамасы болуы тиіс;

    • қаптама өте жиі ауыстырылмауы тиіс, өйткені бұл тауарлардың танылуын қиындатады;

    • қаптамада тұтынушы үшін қажетті ақпарат болуы тиіс.

Тауарларды маркалау этикетка, штрих кодтар және сондай басқа да құралдардың қолдануымен жүргізілуі тиіс. Ол тауарларға бекітілген биркалар немесе қаптаманың айрықсыз бөлігі болып табылатын тұтас графикалық композиция түрінде болуы мүмкін.



  1. Тауарлық саясат жүйесіндегі қызмет көрсету

Қызмет көрсетудің (сервис) екі түрлі мағынасы бар: жеке меншік қызмет көрсету (консалтинг, шаштараз) және соңғы тұтынушы немесе делдалдар үшін өз өнімі бойынша қызмет көрсету.

Қызмет көрсетудің қажеттілігі ең алдымен, өндіруші өз тауары үшін тұрақты нарықты қалыптастыруға ұмтылуынан туындайды. Жоғары сапалы тауар бойынша сауатты түрде қызмет көрсету тауарға деген сұранысты жоғарылатады, кәсіпорынның коммерциялық жетістіктерге жетуіне үлес қосады, оның беделін жоғарылатады. Қызмет көрсету сату алдындағы, сату барысындағы, сатудан кейінгі деп бөлінеді, өз кезегінде соңғысы кепілдікті және кепілдіктен кейінгі деп те бөлінеді.


6.2 Бақылау сұрақтары


  1. Маркетингтегі тауар деген не? Тауардың қандай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады?

  2. Тауарды қандай белгілері бойынша жіктейді?

  3. Тауарлық белгіге қандай талаптар қойылады? Тауарды қаптау қандай функцияларды атқарады?

  4. ТӨЦ деген не және оны ұзартудың қандай тәсілдері белгілі?

  5. Тауарға сервистік қызмет көрсету деген не?


Өз бетімен жұмыс
8 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

Төменде аталған тауарлар (қызметтер) қазіргі кезде өмірлік циклдің қандай кезеңiн өтуде:



  1. роликтi тақтай («скейт-боард»);

  2. «Кока-кола» салқындатқыш сусыны;

  3. жеке серуен яхталары;

  4. кiлем жамылғыларын химиялық тазалау бойынша қызмет;

  5. аудио компакт-дискілер;

  6. минералды су…

Ұсынылған тiзiмдi өз мысалдарыңызбен толықтырыңыз. Жауаптарды кестеге ресiмдеңiз.


Өмірлік циклдің кезеңдері


Нарыққа


шығару


Өсуі


Жетілуі


Түсуі


Тауар атауы



9 тапсырма. Тапсырманы орындаңыз

Брэндтің ауызша бөлігіне түсінік беріңіз (таңдау бойынша)

Мына сөзді қалай түсінесіз?

_________________________________________

Бұл атау немен байланыстырылады? _________________________________________

Ол дәрісханада қандай қызу пікірлерді тудырады?

___________

Аталған тауарды сынау ниеті пайда бола ма?

__________

Берілген атау іс-әрекетке ынталандыра ма? ________________________________

Егер брэнд адам болса, онда оны мына түрде көрсетуге болады (түсіндіріңіз):

Ерлер/әйелдер

__________________________________________________

Жасы


_____________________________________________________________

Сырт пішіні ________________________________________________________

Темпераменті ________________________________________________________

Мінезі


____________________________________________________________

Қызмет түрі

_____________________________________________________

Бәсекелестік артықшылықтары ___________________________________________




10 тапсырма. Талқылаңыз

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қандай маркалар тұрақсыз және жағымсыз байланыстар тудырады? Нелiктен?


6.5 Жеке үй тапсырмасы


  1. Сiздiң тегіңіздің бастапқы әрпінен басталатын 10 өнiмнiң негiзгi қасиетiн бөліп талдау (мысалы, Молдашев, демек, мейіз – кондитерлік өнімге қосатын тағамдық қоспа және т.б.)




  1. Тапсырмада мысал ретінде келтірілген тауарлардың ең алдымен тұтынушылармен қабылданатын сапалар тізімін құру (кемiнде бесеу), мысалы, йогурт : жарамдылық мерзімі, шығарылу мерзімі, бағасы және т.б.




  1. Тапсырмада таңдалған 2 тауарды үшсатылы схема бойынша талдаңыз: оймен шығарылған тауар, шынайы тауар, бекітілген тауар.




  1. Таңдалған тауардың өзіне тән нарықтық ерекшеліктерін бөліп көрсету: тауарлық белгі (марка атауы), қаптама, маркалау.




  1. Өмірлік циклдің әр түрлі сатысында қолданылатын тауарларға 2-3 мысал келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет