4. Емдеу жоспарын құрыныз
Дəрі-дəрмексіз ем:
- Темекі тартуды тастау.
- Бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика.
- Физиотерапиялық \ əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.
Дəрі-дəрмектік ем:
Басым жағдайда ингаляция түріндегі бронхилиттік заттар, ӨСОА негізгі симптоматикалық емі болып табылады:
Теофиллин
Rp: Theophyllini 0,2
D.t.d: №50 tab
S: күніне 2рет 1таблеткадан тамақтан соң ішке қабылдаңыз.
Сальбутамол
Rp.: Aer. Salbutamoli 100 mkg/d 200 doses-12ml
D.t.d. N 1 flac
S. күніне 2рет ингалияция түрінде
Амброксол
Rp: Tab. Ambroxoli 0,03 №10
D.S. күніне 3рет 1таблеткадан ішке қабылдаңыз.
Антибактериалды терапия: цефтриаксон
Rp.: Pulv. Ceftriaxoni 2,0
D.t.d. N 3
S. физ.ерітіндіге араластырып, бұлшықетке күніне 2рет енгізіңіз.
ЕСЕП № 2
Науқас К. 50 жаста, аспаз болып жұмыс істейді, жастығынан темекі тартады. 4 жылдан бері аз мөлшердегі кілегейлі қақырық пен ұстамалы жөтелге, аз физикалық күштемеден кейін пайда болатын ентігуге, шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: тамаққа тәбеті күшейген. Әлсіз диффузды цианоз. Дене салмағы 125 кг, бойы 176 см. Саусақтары «дабыл таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағаттың айнегі» тәрізді. Кеуде сарайы – бөшке тәрізді, бұғана асты аймақтар ісінген. Дауыс дірілі екі жақта да әлсіреген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Өкпенің жалпы экскурсиясы екі жақта да қолтық ортаңғы сызықта 4 см. Перкуссияда өкпенің төменгі шекарасы: қолтық алдыңғы сызықта 8 қ/а, қолтық артқы сызықта 10 қ/а, омыртқа маңы сызықта 12 кеуде омыртқасының сүйір өсіндісіне сәйкес келеді. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, төменгі – бүйір аймақтарында тынысты барынша шығарғанда ысқырықты сырылдар естіледі. Пульс -78 рет/мин, толық, жұмсақ, ырғақты, симметриялы. Жүрек шекаралары – қалыпты. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы ырғақты. АҚ – 135/80 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Кеуде сарайының рентгенограммасы: өкпе алаңының мөлдірлігі күшейген. Өкпе түбірі тығыздалған, құрылымдар жоқ. Спирография: ЖЕЛ-52%, ОФВ1-49%, ОФВ1/ЖЕЛ-39%, МОС25-49%, МОС50-39%, МОС75-22%. Қақырық анализі: консистенциясы кілегейлі, тұтқыр, түсі – бозғылт. Микроскопия – көп мөлшерде эпителиалды клеткалар, лейкоциттер 5-6 к/а.
Достарыңызбен бөлісу: |