61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Функциональды жүйе: анықтамасы, мақсаты, құрылымы



бет16/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
61-90

74. Функциональды жүйе: анықтамасы, мақсаты, құрылымы.

Әрекеттік жүйелер – түбінде пайдалы нәтижеге жеткізетін іс-әрекетті ұйымдастыратын жүйке орталықтары мен әртүрлі ағзалар және жүйелердің уақытша әрекеттік бірлестігі. Әрбір мақсатты іс-әрекет қалыпты жағдайда тіршіліктік пайдалы, яғни қандайда болса белгілі бір мұқтаждықты өтеуге арналған.



Бұл ұғымды И.П.Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н.К.Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмұнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.

Түпкі пайдалы нәтижелер бірнеше топқа бөлінеді:



  1. метаболизмдік – тіршілікке қажет заттар мен соңғы өнімдерді шығаратын молекулалық деңгейдегі алмасу үдерістерінің салдары;

  2. гомеостаздық – организмнің жағдайы мен ішкі ортасы көрсеткіштерінің тұрақтылығы;

  3. мінез-құлықтық – биологиялық мұқтаждықтың нәтижесі (жыныстық, тағамдық, шөлдік және т.б.);

  4. әлеуметтік – рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Әрекеттік жүйенің құрамына пайдалы нәтижеге жетуге белсенді қатысатын әртүрлі ағзалар мен жүйелер кіреді. Мәселен, бір әрекеттік жүйе қан қысымын, екіншісі – қандағы қант мөлшерін, үшіншісі – тұз бен су тұрақтылығын қамтамасыз етсе, төртіншісі – қозғалыс бейімділігін қадағалайды.

Әрекеттік жүйе негізгі бес сатылардан (П.К.Анохин бойынша) құрылады:

1. Сезімдік (афференттік) синтез сатысы. Бұл сатыда ОЖЖ-інде сыртқы және ішкі ортадан келетін әртүрлі ақпараттар өңделуден өтеді. Оның құрамында: а) осы сәттегі мұқтаждықты көрсететін бастапқы үстемді месел – мотивация; ә) ішкі және сыртқы жағдайлық әсерлер; б) әрекеттік жүйені іске қосатын қозғағыш түрткі; в) организмнің даралама және иемденген өмір тәжірибесін бейнелейтін – зерде. Осыдан кейін орталық жүйке жүйесінде барлық қозулардың өзара әрекеттесуінен шешім қабылдау сатысы басталады.

2. Шешім қабылдау сатысы – орталыққа жеткен барлық ақпараттарды талдау нәтижесінде,дәл осы сәтке сәйкес организмнің қазіргі кездегі мұқтаждығы, бұрынғы тәжірибесіне байланысты мақсат-тілектің бағдарламасы құрылады. Бағдарламамен бірге жүйке орталықтарында жауапты әсерленістің болашақ нәтижесінің үлгісі жасалады. П.К.Анохин оны әрекет нәтижесін салыстырушы – акцептор деп атайды.

3. Әрекет нәтижесін салыстырушы – шешім қабылдау негізінде болашақ әрекеттің болмысын сипаттайтын кескіндерін қалыптастырады. Бұл – нақтылы әрекеттің өзінен бұрын құралады.

4. Жүйелік іс-әрекет сатысы. Бұл пайдалы нәтижеге жеткізетін дене қимылы әрекеттерінің және оны вегетативтік жабдықтаудың бірлестірілген атқарушы бөлімі.

5. Пайдалы нәтиже сатысы. Бұл – жүйенің келесі болашақ әрекеттерінің бастамасы. Ол әсерлік кері байланыс арқылы нәтиже көрсеткіштерін бастапқы мақсат-тілекпен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда, атқарушы әрекет тиылады, олай болмаса, сезімдік синтезде жаңа шешім қабылданып, қайтадан іске қосылады. Сонымен әрекеттік жүйенің ерекшелігі, оның өздігінен реттелуі және пайдалы нәтижеге жетудегі өзгергіштік қабілеті.

Кері байланыс деп әрекеттің нәтижесі немесе қажеттілігі туралы қабылдағыштан басталатын ақпаратты ОЖЖ-не жеткізетін байланыс жолын айтады. Организмде барлық құбылыстар мен рефлекстік әрекеттер осы кері байланыс арқылы атқарылады. Ол адамның ерікті ісәрекетінде, рефлекстік реакцияларында организм тіршілік ететін жағдайлардың (жылу реттеу, су мен тұз алмасу, қан қысымы және т.б.) тұрақтылығын сақтауда маңызды орын алады.

Әрекеттік жүйелердің қасиеттері:


  1. динамикалық. Қалыптасқан ситуацияның күрделілігіне байланысты әрекеттік жүйеге қосымша мүшелер мен жүйелер іске қосылуы мүмкін.

  2. өзін-өзі реттеу қабілеті. Реттелетін көрсеткіштің немесе түпкі пайдалы нәтиженің қолайлы деңгейден ауытқуында, өзін-өзі қалпына келтіретін бірқатар әрекеттер кешені іске қосылып, өзгерген көрсеткіштерді орнына қайтадан келтіреді. Өзін-өзі реттеу кері байланыс болғанда ғана жасалады.

Организмде бір уақытта үздіксіз өзара қарым-қатынаста болатын бірнеше әрекеттік жүйелер қызмет атқарады. Кейбір әрекеттік жүйелер әртүрлі даму сатысында болады (мысалы, қанайналысы, тыныс, тамақтану әрекеттік жүйелері, басқаларға қарағанда, ертерек дамиды). Маңыздылығына байланысты әрекеттік жүйелер белгілі бір ретпен іске қосылады және алмасып отырады.

75. Орталық нерв жүйесі. ОНЖ құрылымын, бөлімдерін және маңыздылығы мен функцияларын құрудың жалпы жоспары. Нерв әсерінің түрлері және нерв жүйесі реттелуінің сипаттамасы. (толык табылмады)

Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. 

Организмнің ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған физиологиялық әрекеттерді реттеу мен басқару үдерістері – ОЖЖ-і қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып саналады. ОЖЖ-і организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын қолайлы етіп, оның тұтастығ

Реттеудің негізгі екі түрі ажыратылады: гуморалдық және жүйкелік.

Гуморалдық басқару үдерісі - организмнің сұйық ортасында болатын және оның физиологиялық белсенділігін өзгеріске келтіретін химиялық заттар әсері қарастырылады. Ақпаратты беру көзі химиялық заттар – утилизондар, зат алмасу өнімдері (көмірқышқыл газы, глюкоза, май қышқылдары), информондар, ішкі сөлініс бездерінің гормондары, жергілікті немесе тіндік гормондар.

Жүйкелік үдеріспен басқару - физиологиялық әрекеттердің өзгерістері жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.

Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:


    1. эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;

    2. жедел реттеуді қамтамасыз етеді;

    3. әсер ететін нақты (дәл) орны бар;

    4. реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;

    5. ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.

Организмде жүйкелік және гуморалдық механизмдер нейрогуморалдық басқарудың біртұтас жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Бұл реттеудің біріктірілген түрі, мұнда бір мезгілде бір-бірімен тығыз байланыстағы және бірін-бірі қолдайтын басқарудың екі механизмі пайдаланылады. ын, тұрақтылығын, тіршілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесінің қызметі:



  1. біріктіруші-үйлестіруші қызметі. Әртүрлі мүшелер мен физиологиялық жүйелердің қызметтерін бірімен-бірін келістіріп толық қамтамасыз ету;

  2. адам организмінің қоршаған ортамен тығыз байланыстарын биологиялық және әлеуметтік деңгейде қамтамасыз ету;

  3. әртүрлі мүшелер мен тіндердегі және өзіндегі зат алмасу деңгейін реттеу. 4) ОЖЖ-нің жоғары бөлімінің қатысуымен психикалық әрекеттерді қамту

Әрекеттік ерекшеліктері бойынша ажыратылады:

  • денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;

  • вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар, бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет