61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Тежелу түрлері. Тежелудің пресинапстық және постсинапстық механизмдері



бет22/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
61-90

81. Тежелу түрлері. Тежелудің пресинапстық және постсинапстық механизмдері.

Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.



  • бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;

  • салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.

Бастапқы тежелудің бірнеше түрі бар:

  1. постсинапстық тежелу – постсинапстық мембранада өршіген гиперүйектену нәтижесінде тежелу постсинапстық потенциалдың әсерінен пайда болады. Мұны 1951 жылы австралиялық нейрофизиолог Дж. Экклс аяқтың бүккіш және жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу нәтижесінде ашқан. Аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталығы қозса, оның жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтартың тежелетіні белгілі. Тежелудің бұл түрі орталығы жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтартарды өзара байланыстаратын аралық нейрондарда кездесіп, жүйке орталықтартарының арасында қозу және тежелу процестерінің таралуын бағыттап, келістіріп отыратындықтан, оны үдемелі постсинапстық тежелу деп те атайды; постсинапстық тежелудің арнаулы тежелу нейронның (Реншоу жасушаларының) қатысуымен туындайтын түрі – қайтарымды (анитромды) тежелу болады. Қозғағыш нейрон неғұрлым күшті қозса, не оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне күшті импульстер неғұрлым көп бағытталса, соғұрлым Реншоу клеткалары күшті қозып, ол қозғағыш нейрондар белсенділігін төмендетеді. Бұл қозғағыш нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Постсинапстық тежелу стрихнин мен сіреспе токсинының әсерінен тоқтайды. Тежелудің бұл түрін басып тастаса орталығы жүйке жүйесіндегі қозу процесінің заңдылығы бұзылып, соның нәтижесінде дене құрысып, ет тартылады;

  2. пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.

Салдарлық тежелудің 3 түрі бар:

  • пессималды тежелу жүйке орталықтарна оның қызмет атқару мүмкіндігі мен лабильділігінен жоғары, тым күшті әрі жиі импульстердің әсер етуінен пайда болады;

  • парабиоздық тежелу орталығы жүйке жүйесінің лабильділігі күрт төмендеп, бір мезгілде бірнеше афференттік жолдың қозуынан туындайды. Мысалы, жарақаттан есеңгіреу кезінде байқалады;

  • қозудан кейінгі тежелу – нейрондарда қозудың аяқталуы.

82. Нерв орталықтары. Негізгі қасиеттері мен анықталуы: суммация, трансформация ритма, қозу берілуінің кідіруі, төмен лабильділік, жоғары дәрежелі қажу, тонус, пластикалық, белсенділіктің қанмен қамтамасыз етуге тәуелділігі.

Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді

Жүйке талшықтарынын, физиологиялық қасиеттері мен олардың қызметтерін талшықты нейрон деиесінен бөліп алып жеке зерттеуге болады. Физиологияда мүндай талдау әдістері күрделі қүбылыстардың табиғатын анықтау үшін қолданыла береді. Жүйке орталыгынан шетке шыққан нейроның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке қүрайды. Әр жүйке көп-теген талшықтардан түрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12 000-дай жүйке талшықтарынан кұралған.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның козғыштығы, екіншісі — қозу процесін өткізу, Қозғыштық (тітіркендіруге жауап ретінде қозу процесінің пайда болуы) қозғыш тканьдерінің бәріне тән қасиет. Олар қозу процесін клеткалық мембрананың бойымен жылжытады яғни өткізеді. Қозуды өткізу жүй-ке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оііың орындайтын не-гізгі қызметі.

Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері



  1. Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді

  2. Жүйке орталығынан қозу баяу өтеді, яғни әр синапста 1 – 2 мс кідіреді (0,5 мс медиатордың бөлінуіне, 1,5 мс медиатор диффузиясына).

  3. Тез қажу (медиатор санының азаюы, қуат қорының азаюы, постсинапстық рецепторлардың медиаторға бейімделуі)

  4. Қозудың жинақталуы-суммация – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады. Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:

    1. кеңістік, ол конвергенцияғанегізделген;

    2. бір іздік немесе уақыттық.

  5. Конвергенция – бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер бір жүйке орталықтарында (нейрондарда) жиналуы. Конвергенцияның келесі түрлерін ажыратады:

    1. мультисенсорлық;

    2. мультибиологиялық;

    3. сенсорлы-биологиялық;

    4. аксосенсорлық.

  6. Дивергенция – бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен байланысады да көптеген синапстар құрайды. Сондықтан жүйке орталықтары бірден бірнеше рефлекстік іс әрекетке қатысады. Адекватты рефлекстік реакция пайда болады.

  7. Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.

  8. Жеңілдеу – жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады.

  9. Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді – Трансформация.

  10. Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады:

    1. қысқа мерзімді (ізді деполяризация);

    2. ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы тұйық тізбектермен айналып жүреді).

  11. ІЗ САЛУ – кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)

  12. Лабильбілділігі төмен.

  13. Гипоксияға өте сезімтал.

  14. Орталықтар кейбір фармакологиялық заттарға өте сезімтал.

  15. Үздіксіз тонуста болуы.

  16. Пластикалық қасиет тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет