64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным



бет56/85
Дата19.04.2023
өлшемі244,65 Kb.
#174905
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85
Байланысты:
64. ?àçà?òàðäû? ?ëòòû? ì?äåíèåò³í³? åðåêøåë³êòåð³ 68. Òàóåëñ³çä³

38) Экзистенциализм философиясы
Экзистенциализм дегеніміз философиядағы адам мәселесіне, яғни оның болмысына, мақсатына және адамның ішкі дүниетанымына негізделген діни бағыт. Бұл философиялық ағым XX ғасырда өз бағытын тауып, философияға жаңа ұғым енгізген болатын. Бұл филсофоияның негізін салушы Дания ойшылы Серен Кьеркегор болып табылады. Оның ойынша экзистенциалдық ақиқат ол абстарктты ойлаудан басқа, яғни Гегельдің тұжырымдарынан өзгеше бір түсінік болған. Обьективті ақиқат танымға ие, бірақ экзистенциалдық ақиқат ешқашан танылмайды, оны тек өмір жолында кездестіруге және бастан өткізуге ғана болады. Ол үшін осы әлемде болу қажет, тұлға ретінде тіршілік ету міндетті.
Серен Кьеркегор құрған бұл филсофиялық бағыт адамның өзіндік менін тануы, өмір мен өлімнің құны, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқаттың бейнесі және басқа да көптеген философиялық мәселелердің шешімін табуға насихаттайды. Экзистенциализм ағымы өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік менін танып білу және өзгелармен ақылмен бөлісу адамды саналы әрекетке жетелейді. Адамгершілік құндылықтары күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің негізінде қоғамдағы орнап жатқан қатыгез әділетсіздіктердің орнын басу мақсатында пайда болды. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: С.Кьеркогор, М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю жатады. Олардың барлығы экзистенциализмді өзіндік тұрғыда қарастырғанымен жалпы идеялары бір болатын.
Альбер Камюдың эксизтенциалды филсофиядағы басты мәселесіне тоқталсақ, онда ол адамның өміріндегі мәні мен мақсатын көтереді. Оның пайыидауынша адам өмірінің мақсаты жоқ, көптеген адамдар тынбай еңбек етіп оған үлкен мән бермесе, кейбіреулері оған тым көп уақыт бөліп босқа уақыттарын жоғалтады. Адам өмірі ол абсурд, оның дәлелі ретінде келесі екі түсінік келтіріледі. Біріншісі өліммен жанасу, көп уақыт бойы үлкен маңызға ие болған заттар өз құнынан, мәнінен айырылады, ал екіншісі табиғатпен жанасу, яғни алып әлем алдында адам қаншалықты ақылды немесе дарынды болса да ол табиғатпен салыстырғанда ешкім болып табылады. Сонымен қорытындыда Камю адамның өмір сүру мәні оның айналасында емес, өзіндік тіршілік етуде болып табылады деп атайды. Қазіргі кезде де экзистенциализмдағы адам мәселесі өте күрделі және ауқымды, әлі күнге деін оның қоршаған ортасы мен өзін-өзі танудағы философиялық зерттеулер толық шешілген жоқ және тоқтамай жалғасып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет