Лабораториялық жұмыс № 2. Тақырыбы: Ақпарат өңдеу технологиялары. Ақпарат өңдеу технологиялары. MS Excel ортасында сандық ақпаратты өңдеу Ақпаратты сұрыптау, өңдеу. Функциялар.
Мақсаты: Excel электрондық кестесі мүмкіндіктерімен ақпаратты өңдеу, сұрыптауға машықтану
Есеп. Достарыңызбен саяхатқа шыққыңыз келеді делік. Оған кететін шығынды есептеу керек.
Мақсат: Электронды кесте ұяшықтарына формула еңдіру және басқа да есептеулер жүргізуге машықтану.
Шешімі Математикалық моделі Саяхатқа алынатын тауарларды N атауымен атайық. Олардың әрқайсысының саны Сi және Di бағасымен анықталсын.
Бір тауардың құны оның санын бағасына көбейтіндісімен анықталады: Ei =Сi *Di. Ортақ шығын (ИТОГО) барлық тауардың құнының қосындысымен анықталсын. ИТОГО= Жұмыстың орындалу тәртібі:
Бастапқы деректерді келесі кестеге сәйкес етіп ендіріңіз:
Excel бағдарламасымен тереңірек танысу үшін құнды үш түрлі тәсілмен шығарайық.
Тәсіл 1. Формулаға сандық есептерді қолданыңыз:
- Е1 ұяшығына «СПОСОБ 1» тақырыбын ендіріңіз;
- Е3 ұяшығына =3*5000 формуласын ендіріңіз;
- Е4:Е6 ұяшықтар аймағына анықталған баға бойынша сәйкесті формуласын еңдіріңіз.
Тәсіл 2. Формулаларға ұяшықтағы сілтемелерді пайдаланыңыз (бағасы және саны);
- F1 ұяшығына «СПОСОБ 2» тақырыбын ендіріңіз;
- F3 ұяшығына =C3*D3 формуласын енгізіңіз;
- F4:F6 ұяшықтар аймағына сәйкесті формуласын ендіріп құнды анықтайық.
Тәсіл 3.Формуланы көшіруді пайдаланайық;
- G1 ұяшығына «СПОСОБ 3» тақырыбын ендіріңіз;
- G3 ұяшығына =$C$3*$D$3 формуласын ендіріңіз;
- G3 ұяшығындағы мазмұнын G4:G6 аймағына көшірейік. Көшіру кезінде сілтемесінің қалай өзгеруіне мән берейік. Неліктен барлық нәтижелер бірдей болды? Қандай қателік бар? Қатені жөндеңіз.
3. Әр бағандағы ортақ шығынның қосындысын есептейік.
Әр түрлі жолмен қосындылауға болады:
Способ 1 Пернетақтамен =Е3+Е4+Е5+Е6 формуласын ендірейік:
Способ 2 Пернетақтамен =СУММ(Е3:Е6) формуласын ендірейік:
Способ 3. (автоқосындылау).- Автоқосындылау пернесін шертіңіз
- Е3:Е6 ұяшығындағы қосындылау ауданын белгілеп алайық.
Жоғарыда көрсетілген әдістерді қолданып, Е8 ұяшығына жалпы шығынның формулаларын ендіріңіз (Способ 1), F8 (Способ 2), G8(Способ 3).
4. G8 қорытынды қосындысы 5200 доллардан жоғары болмайтындай, деректерді өзгертіңіз.
5. Е8 және G8 ұяшығындағы қосындылар неге сәйкес келмейді, ал F8 , G8 ұяшықтарының мәні неге сәйкес келетіндігін түсіндіріңіз.
6. С8 ұяшығына =С3+С4+С5+С6 ендірейік. С8 ұяшығында неге сан шықпағанын түсіндіріңіз. Формуланы қатесіз шығатындай өзгертіңіз және заттардың жалпы санын анықтаңыз.