6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған


дәріс. Студенттерді мәтін талдауға әзірлеу



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі260.08 Kb.
1   2   3   4

7 дәріс. Студенттерді мәтін талдауға әзірлеу.

Сабақ жоспары:

1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.

2.Талдау сабақтарының формалары

3.Жазушы және оның стилі.



Сабақтың мақсаты:Студенттерді мәтін талдауға әзірлеу.

Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ.

Шынында да жазушының стилі деген сөз айтуға оңай болса да, қолға ұстатқандай етіп дәлелдеп беру, стиль ұғымын айқындайтын жайттардың бәрін толық қамту кімге де болса қиын. Сол себептен, стильді сөз етушілердің кемшіліктерін мегзесек те, оларды даттаудан аулақпыз.

Стиль туралы орыс тілінде бұрын да аз жазылмайтын. Ал соңғы жылдары бұл проблемаға орыс ғалымдары әр жағынан келіп, құнды-құнды пікірлер ұсынған көптеген салихалы еңбектері басылып шықты.

Стильге бір тоқтамай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектер де аз емес.

Олардың бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.1

Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса, жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.

Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше - stylos, дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша.

Ескі замандарда қағаздың орнына тақтайды балауызбен сырлап, соған сөз жазу көп елдерде болған. Жазатын құралы - stylos. Ол сурет өнеріне де пайдаланылған.

            Қазіргі кездердегі қылқаламның жұмысын атқарған. Ол да stylos аталған.

1Мандельштам Е. «О характере гоголевского стиля», СПБ, Ленинград, 1902-1934ж.

«Об авторском искусстве». - М., 1959ж.

Виноградов В.В. «Стиль А.С.Пушкина».

Виноградов В.В. «О языке художественной литературы. - М., 1959ж.

Виноградов В.В. «Проблема авторства и теория стилей», 1961ж.

            Заманның озуы, адам қоғамының ілгері дамуымен байланысты, әр алуан өндіріс құралдары да, ұғым да, жеке сөздер де өзгеріп отыратыны - диалектика заңы. Қазіргі кейбір сөздердің шығу тегін түптеп келсек, таңғалмасқа болмайды. Бұл - барлық тілдерге тән нәрсе. Мысалы, орысша «дочь», «бык» деген сөздердің этимологиясын ғалымдар «доить», «мычание» деген сөздерден шыққан деп дәлелдейді. Сол сықылды «стиль» де өзінің алғашқы «жазу», сурет салу құралы мағынасын өзгертіп, мүлде басқаша ұғым, басқаша түсінікке ие болған.

            Стиль кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған.

            Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В.В.Виноградов өзінің «Проблема авторства и теория стилей» атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әртүрлі ұғым, әртүрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп, өзінше дәлелдейді.

            Архитектурадағы готический стиль, мавритандық стиль, дионический, ионический стильдер, солар сықылды мүсін, сурет, музыка искусстволарының әрқайсысының өздеріне сәйкес стиль термині жиі қолданылады. Кейде ол белгілі бір дәуірдегі суретші, архитектор, мүсіншілер, музыканттардың бір алуандарына тән жайттардың жиынтығы, бір мектепке, не ағымға жататындығын белгілесе, кейде жеке өнерпаздардың өзіне тән ерекшелік әдістерін көрсету үшін қолданылады.

            Өмірдің басқа саласында да «стиль» аз айтылмайды. Документ стилі, ғылыми стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т.б. Ал біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. Әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Сөйтіп Виноградов айтқандай, стиль - өте көп мәндес сөз. Бірақ біздің тоқталмағымыз - әдебиетпен ғана байланысты стиль. Стиль - әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да, ХҮІІІ ғасырдан бері қарай стиль - әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталатын. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни стиль деп әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды.

            Классицизм, романтизм, не басқа стиль деп аталулар жай айтыла салынған сөз емес. Кезіндегі сыншы, әдебиетшілердің іздену, зерттеулері арқылы қорытылған ғылыми жүйе. Өйткені олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері - әр жағынан алынып талданғанда талай ой, талай тәжірибе сүзгілерінен өткізіліп, түйінделген нақтылы пікірлер. Классицизм, романтизм стилі деп айтуға оңай болса да, жүйелеп тексере бастасаң, көптеген ерекшеліктерге кездесесің. Мысалы, классицизмнің өзіне ғана тән атышулы үш бірлік (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) бар, оқиға сюжетінің сарай өмірінен алынуы, қатысушыларының үстем тап өкілдері болуы, басқа тап өкілдері тек солардың қызметшілері дәрежесінде ғана қатыстырылуы, қаһармандар мінездеріндегі менмендік, тәкаппар паңдық, ұзын-ұзын монологтармен сөйлеулер, тағы басқалар.

            Ал романтизм стиліне тән жайттар классицизм ерекшеліктерінен гөрі қиыннан қиысатындығы аңғарылады. Романтизмнің қай түрінде болсын, ең алдымен көзге түсетін ерекшелік - өз айналасына риза болмаушылық. Өршіл романтизмге тән нәрсе - романтикалық пафос, өмірде болған оқиғалардан гөрі өмірде болуы керек жайттарды негіз ету. Оқиға негізін өмір шындығынан алса да, оны көтеріңкі, өршілдік түрде, не керісінше етіп суреттеу. Қайткен күнде де романтизм құбатөбелдіктен аулақ. Адамның іс-әрекеті, мінез-құлқы, өмірге көзқарастары бір шектен екінші шекке көшіп отырады. Не шектен шыққан зұлым, не шектен шыққан асқан мейірбан болады. Бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, мықтап түзелетін мінездер - романтизм стиліне тән. Мұнда құбатөбелдік (золотая середина) болмайды деуіміз сондықтан.

            Романтикалық стильде жазылған Виктор Гюгоның «Аласталғандар» («Отверженные») атты романындағы Жан Вальжан - романтикалық мінездің нағыз классикалық үлгісі.

            В.Гюго Жан Вальжанды таныстырғанда, «1815 жыл, күннің батуына бір сағаттай мезгіл қалғанда, бір жаяу жолаушы Динь қалашығына келіп кірді» деп бастайды. Мұнан кейін оның алыстан келе жатқанын, жол соғып, жел қағып, әбден шаршағанын, қала шетіне кіргесін әр көшеге бір тоқтап, фонтаннан су ішкенін, сол күні ол 12 лье жол жүргенін, киімі мейлінше нашар, өзі өлердей аш, арқасында дорба, қолында таяқ, адам шошығандай түр-келбетін суреттейді. Ол пәтер ұстайтын үйге келіп, трактирден тамақ ішпек, сусынға қанбақ болады. Бірақ оған өз ақшасына ешкім тамақ та бермейді, қондырмайды да.

            Әсіресе өзі әбден шаршаған, әрі шөл, әрі аштық буған адамды трактиршілердің әдеті бойынша, жақсы қарсы алуы керек еді. Шынында да олар жолаушыға ақшасы болса, барлығы әзір екендігін айтады.

            Ең соңғы рет үйден қуылғанда, ысқырық суық жел жыртық киімнен өтіп, тұла-бойы қалш-қалш етеді. Тоңған соң баспана іздеп, бір иттің үйшігіне кіреді. Бірақ өгіздей төбет арсылдап, оны қуып шығады. Сүйтіп ол әрі аш, әрі жалаңаш, қақаған суықта көшеде жалғыз қалады. Өз дәрежесінің иттен де төмен екендігін сезінеді. Барар жер, басар тауы қалмай, мұздай тастың үстінде көшеде түнемек болғанда, кездейсоқ бір әйелдің сілтеуімен жолаушы Динь қалашығының епископы Мириэльдің үйіне келеді. Жұрттың бәрі, ең аяғы ит те қуып шыққан сорлы жан, сөйлескеннен кейін қондыратынын ұғынып, өзінің кім екенін анық түсінбей қалды ма дегендей, епископқа паспортын көрсетеді. «Міне, менің паспортым. Көрдіңіз бе түсін? Сары ғой. Түсінің сарылығы қайда болмайын, мені маңдарына жолатпай қуу үшін... Қараңызшы, паспортта не жазылғанын: «Жан Вальжан босатылған каторжник, пәлен жерде туған... Каторгада он тоғыз жыл болды. Лавка бұзып жасаған ұрлығы үшін бес жыл. Төрт рет қашып құтылуға әрекет жасағандығы үшін он төрт жыл алған. Өте қауіпті адам». Білдіңіз ғой менің кім екенімді... Осыдан кейін мені қондыра аласыз ба...». Епископ жауап орнына қызметші әйелге қонаққа тамақ әзірлеп, төсек даярлауды бұйырады. Қондыратындығына, тамақ беретіндігіне енді ғана сене бастаған каторжник, есуас адамша өзімен-өзі сөйлесіп:

- Шын ба... Мені, каторжникті, қуып шықпай, қондырмақсыз ба... Мүмкін емес... Сіз маған «сен» демей, «мырза» деп сөйлейсіз... Басқа адамдар әрдайым маған «ит, жоғал, көтер өкшеңді...» деуші еді. Сіздің де қуып шықпасыңызға менің шәгім болған жоқ еді. Мен өзімнің кім екендігімді сізге бірден-ақ ашық айттым. Сіз мені қондырмақсыз... Көп рахмет, осы үйге сілтеген әлгі әйелге.

            Ыстық тамақ, жылы төсек, рахымды үй иесі зәбір, қорлау, қуғын көріп келген бишара каторжникке үлкен әсер етеді.

            Жаяу жолаушыны ешкім маңына жолатпай қуалайды. Ол - ұры, каторжник. Епископ біліп тұрып, оны қондырып, тамақтандырады, 19 жыл бойы таза төсек, жайлы орын көрмеген адамға жеке бөлме беріп, тынықтырады. Әйтсе де, ұры ұрылығына басып, үй иесіне опасыздық істейді. Түн ортасында оянып, ол үйдегі іске татырлық қымбат күміс сервиздерді ұрлап, қашып кетеді... Тіпті епископты өлтіріп кеткісі келіп те ойланады. Әйтсе де өлтірмей, тек мүлкін алып кетеді.

            Бірақ оның жолы болмайды. Жандармдар Жан Вальжанды ұстап алып, сәске болмай-ақ епископтің үйіне қайта алып келеді, «ұрыны ұстадық» дейді олар епископке. Тағы да сотталып, каторгаға айдалатынына көзі жеткен Жан Вальжан не қыларын білмей, қалтырап тұрғанда, епископ жандармдарға: «Мырзалар, бара беріңдер...», - деп, күмістерін Жан Вальжанға өзі берген болады. Олар кеткесін: «Жан Вальжан, бауырым, сен мұнан былай зұлым емес, мейірбан адамсың. Мен сенің жаныңды мына күмістерге сатып алдым, оны қараңғы рух, зұлымдық ойлар шырмауынан босатып, тәңірге тапсырдым... Мынаны қоса ал...», - деп, екі подсвечникті де оған ұсынады

    Епископтің сыйлығы - Жан Вальжанның он тоғыз жыл бойы каторгада жүріп тапқанынан екі есе көп. Қалған өміріне жетерліктей қазына.

            Бұл эпизодтан біз бір-біріне қарама-қарсы екі шектегі, екі мінездің: жауыздық пен меһербандық игіліктің түйісуін, екеуінің күресін көреміз.

            Тағы да ұсталып, айдалудан, мүмкін өлімнен қалып, ой-санасын тегіс билеген жауыздық, зұлымдықтарын алтынға сатып, енді адал, рахымды адам болуға серт еткен Жан Вальжан көп ойланып, өзінің қараниеттілігіне қатты күйінсе де, ақ жол, адал ниетке көше салу оған оңай соқпайды. Әйтсе де енді оның өз басында зұлымдық пен адал адам болу күресі басталады. Өстіп сезім тартысының үстінде отырғанда, оның қасына он екі жасар бір бала келеді. Ұсақ ақшаларын лақтырып ойнап келе жатқанда, қара бақырлардың ішіндегі жалғыз күміс жерге түсіп, дөңгеленіп кетеді. Жан Вальжан ақшаны табанымен баса қояды. Оны көзі шалып қалған жас бала қанша жалынса да, жыласа да Жан Вальжан бермейді. Ақыры баланы қорқытып, қуып жібереді.

            Арқасында епископтен ұрлап алған жарты дорба күмісі, түзелуге берген серті бар адамның жалаң аяқ, жалаң бас, жетім баланың еш нәрсеге арзымайтын ақшасын көре көзге ұрлап алуы зұлымдықты танытпай ма?!

            Бірақ бұл Жан Вальжанның өз өмір жолдарына өзі сын көзімен қарап, түзелу, не мүлде күйреу, екінің бірі деген шешімге келіп, ізгілік пен жауыздықтың таразысы тең түсіп тұрған кезеңі еді. Осы ең соңғы қылмысы Жан Валжанның өзіне де тым ерсі көрініп, оның әбден мұқалып, тот басқан арын оятады, мүлде бұзылып кеткендігін сезінтеді. Оның 19 жыл бойы бір тамбай, шемен болып қатып қалған көз жасы бұлақша ағады. Осы минуттан бастап ол өзіне-өзі серт беріп, қалған өмірін тек ізгілік үшін ғана жұмсауға іштей бекиді. Сол күннен бастап, оның адалдық, адамгершілік жолындағы екінші өмірі басталады.

            Монтейле-Ириморский қаласына барып, «Мадлен» деген атпен саудагерлік жасап, біраз жылдың ішінде ол фабрикант, миллионер болады. Бірақ ол басқа байлар сықылды ақшасын баю үшін емес, жұмыссыздық, қайыршылық, панасыздықтарды жою үшін күреске жұмсап, көптеген ізгілікті істер істейді. көпшіліктің махаббатына бөленеді. Ақыры Франция королі оны сол қаланың бастығы етіп тағайындайды.

            Мадленнің жұмыссыздар мен жетім-жесірлерге жасаған сандаған жақсылықтарын былай қойғанда, жаңарған адамның тың мінезі, характері ерекше көңіл аударады. Ол - мейлінше адал, өте гуманист, өз сертіне берік.  Басына өлім қаупі төніп тұрса да, адам үшін, адамдық идеалы үшін неге болса да әзір. Оның ұраны - адалдық. «Жаман өсімдік те, жаман адам да жоқ, тек жаман қожалар ғана бар» дейді ол бір сөзінде...

            Әдебиет тарихында қандай стиль болсын бірден, бір күнде туа салмайды. Жаңа стильдің элементі өзінен бұрынғы қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе келе, дами келе қалыптасады және күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы стильдің ескіргенін, дәуірдің озғанын, енді ол бөгеттікке айналғанын сөз жүзінде де, іс жүзінде де дәлелдеу, жаңалық үшін ескілікпен келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль ескі стильді тарих сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады.

            Романтизм стилі классицизмге қарсы зор майдан ашты. Француз әдебиетіндегі романтизмнің атасы болған В.Гюго да классицизмнің әдістеріне қарсы шықты. Уақыт, оқиға, орын бірліктері тәрізді әр алуан шарттылықтардың талқанын шығара бұзды да, дүниежүзі әдебиетіндегі жаңа ағым - романтизмнің ірі тұлғаларының бірі дәрежесіне көтерілді.

            Ескі әдеби стиль мен жаңа әдеби стильдер арасындағы күрес, әрине ол әдебиеттегі шеберлік, техникалық жайттар үшін ғана күрестен тумайды, өмірге көзқарас, әлеуметтік, таптық жағдайлармен байланысты туады. Стильдік ерекшеліктер, оның айналасындағы тартыстар белгілі бір көзқарас жүйесінің сәулесі ғана.

            «Мен - өз дәуірімнің жаңғырығымын» деп В.Гюго дәл айтқан. Ол өмір шындығын романтикалық пафос, болғаннан кері болуы керек деген ой тұрғысынан суреттеді. Оны зерттеушілердің айқындауынша, ол ХІХ ғасырдың бірінші жарымындағы Францияда болған буржуазиялық демократтық идеологияны қолдаушы, соның негізінде тәрбиеленіп, тарих сахнасына шықса да,  сол кездің өзінде-ақ оның творчествосы еңбекші халық мүддесімен үндесіп жататындығын көреміз. Өмір талқысын көп көрген жасамыс жазушының тарихи әр кезеңде бұра басқан, мүлт кеткен жерлері болса да, негізгі туындылары кезіндегі әлеумет құрылысының төменгі сатысында тұрған езілушілердің өмірін көрсетуге, солардың бойларындағы асыл қасиеттерін айқындауға, ол қасиеттерді әлемге танытуға арналды. Шеңбері тар, әртүрлі шарттары көп, тек қана ақсүйек-дворяндар табының өкілдері айналасын қамтитын классицизм стилінде В.Гюго көтерген демократтық идеяны жырлау мүмкін болмас еді. Міне, осындай жағдайларда екі стильдің бір-біріне қарама-қарсылығы, келісімге келместік қайшылықтары келіп туады.

            Әдеби стильдердің өзара күресін сөз еткенде, В.Гюгоның әдебиет тарихында орны ерекше. Өйткені ол классицизмнің әдіс, формаларындағы шарттылықтардың күлін көкке ұшырып, жазушылар талантының қалай шарықтауына да мүмкіндік туғызу үшін күреспен ғана шектелген жоқ, негізгі туындыларында өзіне шейінгі әдеби стилі - классицизмде кездеспейтін өз алдындағы романтизмде тек элементі ғана байқалатын, үздік жаңа романтикалық образдар жасады және оларды езілуші, зәбір, жапа көруші таптың ортасынан алып, қай жағынан келсең де, иемденуші тап өкілдерінен моральдық қасиеті әлі де артық адамгершілігі жоғары адамдар етіп суреттеді.

            Қорыта айтқанда, әдеби стиль (әдіс ұғымында) - өте қиынан қиысатын, әлеумет өмірінің заңдарына нық байланысты дамитын және өзінің ішкі заңдылықтары бар құбылыс.
          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.


2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.

8-дәріс.Әдебиет пәні мұғалімі. Оған қойылатын талаптар. 

Сабақ жоспары:

1.Мектепте әдебиеттен білім беуде мұғалімнің атқаратын қызметі;
2.Әдебиет пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты:

Әдебиеттен білім беруде мұғалімге қойылатын талаптарды игеру;
Мектепте әдебиеттен білім беретін мұғалімнің мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек. 

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу – қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.

Білім беруді, тәрбие беруді ізгілендіру, сайып келгенде, мектепке де, оның мұғалімі, оқушысына да сеніммен қарау деген сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақтастық, әр ұстаздың шәкіртке өзіне тәуелді, өзінен төмен орындаушы деп қарамауы, оны білім мен тәрбие алудың объектісі ретінде ғана санамауы, ең бастысы, әр шәкіртті егеменді еліміздің болашағы, соның бір азаматы деп тануы деген сөз.

Ізгілендіру идеясы оқытудың ұтымды тәсілдері ретінде төмендегі мәселелерді ұсынады:

  • білім, тәрбие беру, әрі дамыта оқытудың кешенді мақсатын жоспарлау. Оқыту мақсатын нақтылау;

  • берілетін білім мазмұнының логикалық жүйесін сақтай отырып, ең негізгі, түйінді дәнді бөліп ала білу, негізгі ұғымдарды анықтау, соны оқушыға игертудің жолдарын іздеу;

  • сабақ құрылымының да нақты жағдайға байланысты нәтижелі деген түрлерін таңдап ала білу;

  • жалпы сыныптық, топтық, жұптық, жеке оқу түрлерін үйлестіре пайдалану, нақты жағдайға байланысты саралап ала білу;

  • тиімді қолайлы оқу жағдайын туғызу;

  • оқу қарқынын таңдап алу (тез, орташа, баяу);

  • жіберілетін уақыт пен уақыт нәтижесін талдау (яғни уақыт тиімділігін анықтау; мұғалім тарапынан пайдаланылған ауқыт пен баланың оны қабылдау мүмкіндігіне барлау). 

Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай – ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.


2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.

9-дәріс.Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теория­лық ұғымдар

3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары



Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйре­ну кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практи­када пайдалануға машықтандыру - оны оқытуды бас­ты міндеттерінің бірі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999



10- дәріс.Қазіргі әдебиет сабағы және технология талаптары.

Сабақтың жоспары:

1.Қазіргі сабақ және технология талаптары. 
2. Оқыту технологиялары, олардың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты:Білім берудің жаңа жүйесінің мақсат – міндеттерін,әдебиет сабағы және жаңа техология талаптарын игерту.

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек. 

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу – қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.

Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.

Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық. 

«Технология» грек сөзі. Техно - өнерпаздық, шеберлік, Logos – ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990ж.
2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003ж.
3. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985ж.
4. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007ж.

11-дәріс. Эпикалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Әдебиет-сөз өнері

2. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар

3.Терме өнерінің ғибраты

4.С.Қасқабасовтың эпос жайлы өзіндік пікірі

5.Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының «Қазақ әдебиетін оқыту әдіс­темесі мен технологиясы» атты оқулығында эпикалық жанрды оқыту

6.Батырлық жырының оқушыларға әсері

Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгеру.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді.. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамытудың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) – бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем   мәні   және   композициялық   құрлысы   жағынан   музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.

Қанипа Бітібаева – Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көр­кем эпопеяны оқыту жө­нін­дегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіс­кер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқы­ту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образ­дарды талдауға көмек-нұсқау­лар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туын­дыны топтай, жинақтай оқыту­дың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнан­бай әлемі төмендегідей топтас­тырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.

Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары кең түрде, көтермеленіп суреттеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бәкiрова А. Көрнекi құралдарды жасау және пайдалану жолдары. А., 1992ж.
2. Бiтiбаева Қ. Әдебиет сабағының түрлерi мен үлгiлерi (Мұғалiмге арналған құрал). А., 1994ж.
3. Компьютерлiк технологияны оқыту процесiнде қолдану. (“Информатика, математика, физика”) 1998ж, №1, 52-56 б.
12-дәріс.Драмалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1. Драмалық шығарманы оқыту.

2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.

Сабақтың мақсаты:Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын - сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты – жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.

Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсін­діріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани же­тістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді тану­дан, көркемсөзге деген қас­терлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сон­дықтан біз педагог Бітібаева­ның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаева­ның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық.

Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әде­биетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үле­сін қосып келе жатқан Қанипа Омар­ға­лиқызы — 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.

Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдіс­темесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдіс­темесі» атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жа­рық көрген бұл оқулықты бүгінде рес­пуб­ликаның барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап бе­руін­де, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мек­тепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ, тө­мендегідей тұжырымдарға келуге болады.



Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновация­лық технологиясын ұсынады.

Лириканың түр-түрін оқытуда тео­рия­мен қоса, практикалық, танымдық мә­селелерге ерекше назар аударылып, оқу­шы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирика­ларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т.б. амал-тәсілдер — осы айтқаны­мыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі.



Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектел­мей, оның түр-түрін қалай оқытуға бола­ты­нын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қа­тыс­ты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқы­тудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.

Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқы­тудың күретамыры – тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.

Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технология­лан­дыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңы­зын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйе­не отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.

Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулы­ғы­ның ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқы­тушылар тарапынан кең қолдау табуы­ның басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсі­нікті жазылуында болса керек. Кітапта көр­кем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лири­ка­лық, драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.

Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. «Баға қайдан туындауы керек?» деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді. Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген.

Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негіз­делген екі кітабы, М.Әуезов шығарма­ларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтып, байытып тұрғаны даусыз.

Әдіскердің Абай шығармаларын тақы­рып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын шығар­машылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді. Абай өзі жазып кеткендей: «Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю» оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек», – деп жазады ұстаз, «Ақынның қай туын­дысында болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам — Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді». Бұл пікір шын мәнінде ақын шы­ғар­машылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.

Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші, сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп, оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын сабақта қалай терең­де­ту­ге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді.

Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжіри­бесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқу­шы­ның өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу — ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады.

Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару – басты шарт. Ұстаздың жаңа сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абай­дың 100-ге тарта өлеңдеріне талдау жа­са­лады. Бұл талдаулар болашақ бағдар­ла­ма­ларға пайдалы материал екендігінде сөз жоқ.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы, №9 2010ж.

2.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

3.Бітібаева. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.



13-дәріс. Лирикалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.

2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талда у жұмыстарын жүргізу.

3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.



Сабақтың мақсаты:Лирикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Лирика – дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу. «Поэзия – өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В. Белинский)

«Лирика – поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә.Тәжібаев) «Лирика – өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да , кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ.Жұмалиев) «Лирика – нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде» - (З. Қабдолов) «Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады» (З.Ахметов)

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені, сезесің бе неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

(М.Мақатаев)

Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика – дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек.

Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т.б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс.

Адам сезіміне жүрек дірілі – лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В.Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді.

Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады.

Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне , ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ – жауап түрінде келуі мүмкін.



Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә.Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр.

Демек шынайы көркем лирика- дамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне һз үлесін қосады.

Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу.

Бес жолды өлең.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға қолданылады.

А) Зат есім (кім?)

Б) Сын есім ( қандай?)

Б) Етістік (не істеді?)

В) Сезіну

С) Синоним

5) Веннн диаграммасы.

Тақырыпты екі кейіпкердің 3 түрлі қасиетін бөліп көрсету және ортақ жақтарын табу.

6)Болжау стратегиясы.

Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру.



7)Еркін жазу стратегиясы.

Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. (шығарма, эссе)



8)Топтастыру стратегиясы.

Бұл стратегия нәтижесі сабақты бекіткенде, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан – жақты ізденімпаздығын танытады.

Топтастыру –оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір – бірімен сабақтастыру үшін қажетті құрылым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін қолданылады. Әр топ белгілі уақыт ішінде берілген тапсырманы топтап жазады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


    1. Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі»

    2. Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

    3. А. Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»

    4. Т.Ақшолақов «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»



14-дәріс. Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Сабақ барысында ақын жазушылардың шығармашылығын талдау.

2.Танымдық ой-пікірлерді қолдану.

Сабақтың мақсаты: Педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда олардың қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем тексті ғылыми негізде талдай білуге үйретіледі. Бұның өзі жазушы не ақынның эстетикалық және тарихи көзқарасымен, дүниетанымымен, ол өмір сүрген дәуірмен, өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты.

Тарих адамға әр қырынан әсер қалдыратын болса, соған орай әр жазушының әсемдік әлемін қабылдауы да, сезінуі де әр түрлі болады. Демек, табиғат сұлулығын, адамның сезім тереңдігін, әсемдігін әр жазушы шығармаларында өзіндік ерекшелігімен танытады. Олай болса, белгілі бір шығарманы өтерде жазушының өмірбаянынан мәлімет берудің мәні зор. Айталық, 5-класта Абайдың “Күз” өлеңі мен Ә. Сәрсекбаевтың “Алтын күз” өлеңдері тақырып, жанр жағынан ұқсағанымен, олардың өмір сүрген дәуірі әр басқа болғандықтан, дүниеге көзқарастары да түрліше. Ендеше, “Күз” суретін сезінуі де, осы күз арқылы айтайын деген ой-сезімі мен көңіл күйлері де басқаша. 7-класта М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ж. Жабаев, С. Сейуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекқожин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Бұлқышев, т.б. шығармалары оқылады.

Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап ашуда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, дүниеге көзқарасын танып білудің үлкен мәні бар дедік. Ал ол ақын-жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асады. Соған орай орта кластардың өзінде оқылатын шығармалардың идеялық, композициялық,и жанрлық негіздеріне қарай жазушы өмірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы, дүниетанымы т.б.) оқушылардың назары аударыла, ерекше мән беріле оқытылады. 1993 жылы 7-класқа арналған оқулық-хрестоматияның өңделіп, толықтырылған басылымында М. Өтемісов жайында Қ. Жұмалиевтің “Махамбет Өтемісов” деген еңбегінен берілген шағын мәліметтің өзі ақын өлеңдерінің шығу тарихын түсуге көмектеседі.

Мұғалімнің сөзі неғұрлым жазушының ой-өрісін, көзқарасы мен өзіндік ерекшелігін танытатындай дәрежеде болса, бұл оқушыларды ойландырады, ізгі әсер қалдырады.

Жазушының өмірбаянын оқытудың түрлі тәсілдері бар. Мұғалім жазушының өмірін әсерлі етіп баяндағаны жөн. Оның замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып берсе, сабақтың тартымды өтетіні сөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсариннің алғашқы хрестоматиясының «Кел, балар оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңімен ашылуын, С. Тоғайғыров шығармаларындағы ащы мысқыл мен зілді кекесіннің орын алуын ұғыну арқылы оқушылар ақын, жазушы өміріне қатысты кейбір деректерді білумен шектелмей, шығармаларындағы өзіндік ерекшеліктерін аңғарады, сондай- ақ олардың шығармашылығына әсерін тигізген кезең, не бір оқиғаға, болмаса шығармадағы негізгі тақырыпқа оқушылардың көңілін аударады. Ал мұның өзі жазушы шығармаларының идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімніңм негізгі көздеген мақсатын айқындайды.

Автор туралы өмірбаяндық мәлімет оның шығармаларының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытатындай дәрежеде берілген жағдайда да ғана көркем текстің идеясы, ондағы бейнелі сөздер оқушыға ұғымдырақ болады.

Демек, 7-класта ақын-жазушылардың өмірінен берілетін мәлімет қайткенде де оқылатын шығармаларының идеялық мазмұнын, композициялық ерекшелігін, суреттелетін кезеңін анықтайтындай дәрежеде болғаны абзал. Әрине, мұғалім оқулықтағы өмірбаяндық мәліметтерден тыс, қосымша материалдарды да қарастырып, сабаққа күні бұрын дайындалады. Соның бірі – ақын-жазушы өмірбаянына байланысты қолданылатын көрнекі құрал. Ол сабақтың ғылыми және тәрбиелік жағын тереңдете түседі. Осыған орай көрнекіліктің үш түрі қолданылады. Солардың бірі – көзбен көретін, екіншісі – құлақпен еститін, үшіншісі – сөзбен берілетін көрнекілік. Оларды сабақта жеке-жеке не аралас қолдануға да болады. Айталық, құлақпен еститін көрнекілікке күйтабақтан жазкшының сөйлеген сөзін, шығармаларынан оқылған үзінділер мен өлеңдерін, оларды сүйіп тыңдайтын музыкалық шығармаларын тыңдату оқушылардың ішкі сезімдерін оятып, сабақты қызықты өткізуге көмектеседі. Жазушының өмірбаянын өтуге байланысты сабақта портреттер, фотосуреттер, тағы да басқа көрнекіліктерді пайдалануға болады. Бірнеше фотосуреттерді салыстыра әңгімелесу де, жазушы өміріне сырттай ой жүгірту де сабақтың көрнекілігіне жатады.

Сабақта қолданылатын осындай жұмыс түрлері оқушыларға жазушының әр кезеңіндегі рухани өсу жолын танытады. Бұл арқылы оқушы мұғалімнің сөзін ғана тыңдап қоймай, жазушы туралы, оның ойы мен көзқарасы, жалпы ой-сезімі жайында мағлұмат алады. Демек, орта буында ақын-жазушылардың өмірбаянынан мәлімет беру оның шығармаларының мазмұнын ашуға, эстетикалық табиғатын танытуға бағыттала өткізілетін болғандықтан, мұғалім олардың өміріне байланысты оқулықтағыдан тыс естеліктер, өмірбаяндық шығармалар, хаттар, очерктер, сын мақалалар т.б. шығармалардан іріктеп материалдар дайындауға болады.

Айталық, әдебиет оқу құралындағы С. Сейфуллин шығармаларын оқуға орай, М. Әуезовтен бас-аяғы 2-3 сөйлемдік мәлімет берілген. Бұл – аз сөзбен берілсе де, терең мағынаға ие. Онда ақынның өмірі мен шығармашылық жолы – күрес жолы екендігінен, бірақ ақын басынан өткен қиыншылықтар оны мойыта алмағанынан хабардар етеді. Енді осыны толықтыра анықтай түсу үшін мұғалім қосымша материалдар пайдалануына да болады. Ол мұғалімнің ізденістеріне, іскерлігіне байланысты. Қайткенде де мұндай кіріспе сабақтар оқушыларды жалықтырмайтын нақты да шағын болғаны абзал. Мұндайда көркем шығармалардан үзінді, өлеңдерден шумақтар оқып беруге болады. Ол сабақты қызықты өткізуге мұрындық болады. Мағынасын, көрнекілігін арттырады. Осыған орай Ілияс Жансүгіровтің Сәкен Сейфуллинге арнаған “Тұлпарға” өлеңінің біннеше шумақтарын алып көрелік.

Шырқа, шырқа, көкке өрле,

Қыран “Қызыл сұңқарым”.

Қуанамын бәйгіңе,

Тарпаң “Асау тұлпарым!”.


Асау әсем күйменен

Әндеттің “Сыр сандығын”.

Тәтті ой, өткір тілменен

Кең даланы жарды үнің.


Қызыл желдей гулеткен

Сөзді сенің қаламың.

Ұлы ұранға күй шерткен

“Домбырасы” далаңның.


Жырламасқа теңіздей,

Қуаныштың шегі жоқ.

Ардақталған өзіңдей,

Қазақта ақын тегі жоқ.

Жазушы туралы осы сияқты мәліметтің оның сол класта оқылатын шығармаларын жан-жақты танып білуге көмектесетіні сөзсіз. Қайткенде де, оқулыққа енген ақын- жазушыларжайында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатымен, мұғалімнің қосымша материалдар арқылы сабақты ғылыми және тәрбиелік жағынан тартымды да қызғылықты өткізуге мүмкіншілігі мол.

Осыған орай тағы бір мысалға жүгінейік. Әдебиет оқулығында Б. Бұлқышевтың шығармасын оқытуға орай өте шағын мәлімет, оның шығармаларының атаулары ғана берілген. Мұнымен, әрине, оқушыларға бар болғаны 28 жыл өмір сүрген, осы қысқа ғұмырының ішінде артына өлмес мұра қалдырған, елін, халқын мейлінше сүйгеніп патриот жазушы Б. Бұлқышев бейнесін таныту мүмкін емес. Сондықтан өтілетін тақырыпқа лайықты, сонымен үндес, шағын және нақты қосымша материалдар қарастырылады. Ондай материалдардың бірі – Ғ. Мүсіреповтің “Өшпес мұра” атты шағын мақаласы. Ол мақаланы мұғалім уақыты жетсе, түгел, не үзінділер алып оқуына болады. Мысалы:

“Баубек заман біздікі дейді. Баубек майдандағы қазақ жастарының атынан сөйлейді. Тереңірек ойлансаңыз мұның екеуі де үлкен жауаптылықпен айтылатын сөздер. Ісіне, күшіне де еркін сенетін жас жазушы бұл жауаптылықтан тайынған жоқ. Заман жастардікі екені даусыз ғой, бірақ қандай жастардікі? Желбуаз, даурықпа жастардікі емес, Баубек сияқты өнімді еңбек иесі деп танырлық өнерлі де өнегелі жастардікі.

Қолында мылтығы, қалтасында қаламы. Елімізді қорлап, жерімізді ластап жүрген неміс фашистеріне екеуі де тас шоқпардай тиеді.

Амал не, Баубек майданнан қайтқан жоқ, қаза тапты.

Енді сол Баубекті еске алсам, көз алдыма аса бір дарынды жас келеді. Тұлғасына қызыға қарап қалар бір жігерлі жас болады ғой, Баубек маған солай елестеді”. (Ғ. Мүсірепов. “Өшпес өмір”, 1965 ж.)

Бұл жолдар, біріншіден, шәкірттерді Б. Бұлқышевтің адамгершілік, азаматтың бейнесіне тәнті етсе, екіншіден, оқылмақ шығарманың (“Шығыс ұлына хат”) идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі.

Қорыта айтқанда, 5-8 кластардың аралығында ақын-жазушылар жайында өмірбаяндық мәліметтерді оқытудың әдіс-тәсілдері көбіне олардың шығармаларын таныту үшін жүргізілетін кіріспе сабақтардың дәрежесінде өтеді. Олай болса, ол сабақтардың 5-6 минуттан аспайтын мүмкіндіктерін қарастырған орынды. Қалай болғанда да мұғалімнің сабақтың бұл сатысын әр түрлі қосымша материалдар, көрнекі құралдар пайдалану арқылы қызғылықты да тартымды өткізуіне әбден болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.

  2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.

  3. Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.

  5. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.

  6. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.

  7. Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.

  8. Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.



15-дәріс.Әдебиет сабағындағы оқу жабдықтары. Дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері, оның маңызы. 

Сабақтың жоспары:

1. Әдебиет сабағында оқу жабдықтары мен дидактикалық материалдары пайдаланудың жолдары; 
2. Көрнекілік технологиясы, түрлері, оның маңызы, тиімді жақтары.

Сабақтың мақсаты:

Әдебиет сабағындағы оқу жабдықтары, дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері, оның маңызытуралы түсінік беру.

Оқу-әдiстемелiк кешеннiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi.

“Көрнекiлiк құралдары” ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. “Көрнекiлiк” деген терминнiң өзi “көру” етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы әсер ету дегендi бiлдiредi. 

Педагогикалық сөздiкте “көрнекiлiк”-оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным” деген анықтама берiлген. Студент санасында көрнекiлiк бейнелердi қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте әр түрлi оқу жабдықтары қолданылады. Қоршаған ортаның түрлi заттары мен құбылыстары көрнекiлiк құралдары ретiнде маңызға ие. Мәселен, Л.И.Фридман, Л.Я.Зорина, И.Нұғыманов, К.Жүнiсова және т.б. көптеген педагогтар көрнекiлiкке қатысты өз ойларын бередi. Мәселен, Л.И.Фридман көрнекiлiк құралы модельдерiн заттық және идеалды деп жiктейдi. Көрнекiлiк сабақтың кез келген тұсында қолданыла бередi, ең бастысы мазмұнды және эстетикалық талапқа сай болуы керек. Көрнекiлiктер есту және көру көрнекiлiктерi болып жiктеледi. 

Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:

1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер,экранды және техникалық құралдар жатады.

2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.

3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.

Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990ж.

2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003ж.

3. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985ж.



4. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тәжірибе

Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихы.

Сабақтың жоспары:

1. Әдебиетті оқыту тарихының даму кезеңдерін саралау;

2. Әдебиетті оқыту әдістері, оның түрлері мен әдістерді негіздейтін принциптерді ажырату.

Сабақтың мақсаты:Қазақтың ағартушы-демократтарының әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде қосқан тарихи еңбектері мен қазақ мектептерінің ашылуы,әдеби білім беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері жөнінде пікір қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мектеп» баспасы Алматы – 1969 ж.

2. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы, 1995ж.

3. Мұсабеков О. « Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі, 50 б.



2- тәжірибе

Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.

Сабақтың жоспары:

1) Пәнаралық байланыс оқыту үдерісіндегі өзекті мәселе

2) Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

3)Психология, педагогика ғылымдарымен байланысы

4) Әдістеменің эстетика, тіл білімі, тарих, әдебиеттану ғылымдарымен байланысы

Сабақтың мақсаты: Әдебиет пәнінің басқа ғылымдармен байланысы туралы меңгеру.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А.Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мектеп» баспасы, Алматы – 1969 ж.

2. Бейсенбаева А.А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру», Алматы, 1995

3. Мұсабеков О. «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру».// Қазақстан мектебі , 1989. №13, 49-50 б.



3- тәжірибе

Жоғары мектепте сабақ өткізуге қойылатын талаптар. Дәріс, семинар сабақтары.

Сабақтың жоспары:

1.Сабақтың білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарына көңіл бөлуі.

2. Дәріс, семинар сабақтары.

Сабақтың мақсаты:Жоғары мектепте сабақ өткізуге қойылатын талаптар. Дәріс, семинар сабақтары туралы түсінік беру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. http://www.izden.kz/referattar/pedagogika/203 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

4- тәжірибе

Әдебиетті оқыту әдістері.

Сабақтың жоспары:

1. Оқытудың ауызекі және көрнекілік әдістері.



Сабақтың мақсаты:Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принциппен қолданылатын негізгі әдіс-амалдар.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі сабақ тиімділігін арттыруды,оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969 ж.

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997 ж.

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999 ж.




5- тәжірибе

Жоғары оқу орнында көркем шығарманы оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Көркем шығарманы оқыту


2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.


2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
6- тәжірибе

Студенттерді мәнерлеп оқуға төселдіру.

Сабақтың жоспары:

1.Мәнерлеп оқудың түрлері

2.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.

Сабақтың мақсаты. Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999

7 тәжірибе

Студенттерді мәтін талдауға әзірлеу.

Сабақ жоспары:

1.Талдау сабақтарының мазмұны мен әдісі.

2.Талдау сабақтарының формалары

3.Жазушы және оның стилі.



Сабақтың мақсаты:Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің мақала-зерттеулерінде жазушы-ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейлінше аз сөз болады. Классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақалаларды айтпасақ, қазақ совет әдебиетінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге еш нәрсе жоқ. Сол себептен студенттерді мәтін талдауға әзірлеудің мәні зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. З. Қабдолов. «Сөз өнері», А., 1976 ж.



8- тәжірибе

Әдебиет пәні мұғалімі. Оған қойылатын талаптар. 



Сабақтың жоспары:

1.Мектепте әдебиеттен білім беуде мұғалімнің атқаратын қызметі;
2.Әдебиет пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты:Әдебиеттен білім беруде мұғалімге қойылатын талаптарды игеру; Мектепте әдебиеттен білім беретін мұғалімнің мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999




9- тәжірибе

Сабақтың тақырыбы. Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары

1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теория­лық ұғымдар

3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары



Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999


10- тәжірибе

Қазіргі әдебиет сабағы және технология талаптары.



Сабақтың жоспары:

1.Қазіргі сабақ және технология талаптары. 
2. Оқыту технологиялары, олардың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты: Білім берудің жаңа жүйесінің мақсат – міндеттерін,әдебиет сабағы және жаңа техология талаптарын игерту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990ж.
2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003ж.
3. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985ж.
4. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007ж.

11- тәжірибе

Эпикалық шығармаларды оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Әдебиет-сөз өнері

2. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар

3.Терме өнерінің ғибраты

4.С.Қасқабасовтың эпос жайлы өзіндік пікірі

5.Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының «Қазақ әдебиетін оқыту әдіс­темесі мен технологиясы» атты оқулығында эпикалық жанрды оқыту

6.Батырлық жырының оқушыларға әсері

Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгеру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бәкiрова А. Көрнекi құралдарды жасау және пайдалану жолдары. А., 1992ж.
2. Бiтiбаева Қ. Әдебиет сабағының түрлерi мен үлгiлерi (Мұғалiмге арналған құрал). А., 1994ж.
3. Компьютерлiк технологияны оқыту процесiнде қолдану. (“Информатика, математика, физика”) 1998ж, №1, 52-56 б.

12- тәжірибе.

Драмалық шығармаларды оқыту

Сабақтың жоспары:

1. Драмалық шығарманы оқыту.

2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.

Сабақтың мақсаты:Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы №9 2010жыл

2.Көшімбаев Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

3. Бітібаева Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.



13- тәжірибе

Лирикалық шығармаларды оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Оқылған лирикалық туындыларға олардың көркемдік поетикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, талдау жұмыстарын жүргізу.

2.Лирикалық шығармаларды оқытуда талда у жұмыстарын жүргізу.

3.СТО оқыту технологиясымен оқыту.



Сабақтың мақсаты: Лирикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып,өзәндәк сенуді қалыптастыру. Лириканы оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне назар аударуы.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Т.Қ.Жұмажанова «Әдебиетті оқыту әдістемесі»

  2. Қ.Бітібаева «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

  3. А. Көшімбаев «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»

  4. Т.Ақшолақов «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»


14- тәжірибе.

Жазушылардың өмірі және шығармашылығын оқыту

Сабақтың жоспары:

1.Сабақ барысында ақын жазушылардың шығармашылығын талдау.



2.Танымдық ой-пікірлерді қолдану.

Сабақтың мақсаты:Педагогикалық әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

  2. Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.

  3. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.

  4. Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.

  5. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.

  6. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.

  7. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.

  8. Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.

  9. Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.


15- тәжірибе

Әдебиет сабағындағы оқу жабдықтары. Дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері, оның маңызы. 

Сабақ жоспары:

1. Әдебиет сабағында оқу жабдықтары мен дидактикалық материалдары пайдаланудың жолдары; 
2. Көрнекілік технологиясы, түрлері, оның маңызы, тиімді жақтары.

Сабақтың мақсаты:Дидактикалық материалдар мен көрнекілік түрлері, оның маңызы жайлы оқып – үйрену.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

2. Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.

3. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А. 1965.

4. Қазақ әдебиеті тарихы Іт. Ікіт.-Алматы,1960.

5. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.-1974.

6. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы,1982.

7. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. –Алматы, 1993.

8. Батырлар жыры 1-6т. –Алматы, 1986-1990.

9. Тарихи жыр. Іт. Алматы 1995.

Магистранттардың оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (МОБӨЖ)

  1. Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері //конспект, сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты:Дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтың түрлерін оқытуды меңгерту және соған сәйкес методикалық әдіс-тісілдер үйрету.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, пән ретінде бағдарламаға енуі жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін.


  1. Әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері // конспек, пікірлесу

Өздік жұмысының мақсаты: студенттердің өзара әдебиетті оқыту әдістемесі туралы өзіндік ой пікірін ортаға салу. Озат ұлттық тәжірибе үлгілерін басшылыққа ала отырып, оқытудың әдістемелері туралы белгілі бір нәтижелі қорытындыға келу.

Әдістемелік нұсқаулық:Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.


  1. Жаңа технология түрлері және сабақ үрдісінде қолдану маңызы //Реферат

Өздік жұмысының мақсаты:жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық:Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру. Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бердім.
4. Дамыта оқыту технологиясы және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары,

Өздік жұмысының мақсаты:сабақ үрдісінде дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану маңызы.

Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.
5.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты: сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясын тиімді қолдану маңызы. Соған орай сабақ жоспарын құруды меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық:

Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізуі үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологияларымен танысуды нұсқадым.


6. Модульдік технология арқылы оқыту және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты: сабақ барысында модульдік оқыту технологиясын тиімді қолдану арқылы білімділік деңгейді арттыру маңызы. Соған орай сабақ жоспарын құруды меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық:Көркем шығарманы оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.
7. СТО бағдарламасы және сабақта қолдануы және сабақ үрдісінде қолдану//Сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты: СТО бағдарламасының сабақта қолдануы және соған сәйкес бағдарлама жасау.
Әдістемелік нұсқаулық: Сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» еңбектерін оқуды нұсқадым.
8. Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану тәсілдері//Конспект, талдау

Өздік жұмысының мақсаты: озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолданудың тәсілдерін меңгерту.



Әдістемелік нұсқаулық:тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым
9. Дәстүрлі сабақ және дәстүрден тыс сабақ түрлері //Сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты:Дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтың түрлерін оқытуды меңгерту және соған сәйкес методикалық әдіс-тісілдер үйрету.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы, пән ретінде бағдарламаға енуі жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін.
10. Көркем шығарманы оқыту және талдау жолдары//Конспект, талдау

Өздік жұмысының мақсаты:Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Көркем шығарманың оқушылардың жас мөлшері, оқу аймағы, алынатын білімінің бағыт-бағдарына сай болу. Көркем шығарманы келістіріп оқуда екпін, кідіріс тағы басқа мәселелерін қарастыру.

Әдістемелік нұсқаулық:Көркем шығарманы оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.
11. Шығарма жанрларын оқыту (эпикалық, драмалық, лирикалық)// Конспект, талдау

Өздік жұмысының мақсаты: лирикалық, эпикалық, драмалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес бердім.

Әдістемелік нұсқаулық:драмалық, лирикалық, эпикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.
12. Әдеби кештер мен апталықтар//Кеш жоспары

Өздік жұмысының мақсаты: әдеби кештер мен апталықтарға кеш жоспарын құру және оны өтудің тиімділігі мен маңыздылығы
Әдістемелік нұсқаулық:сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» еңбектерін оқуды нұсқадым.
13. Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру// Сабақ жоспары

Өздік жұмысының мақсаты:әдебиетте пайдаланылатын әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру арқылы сабақты жоғарғы деңгейде жүргізуді меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулық:тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.
14. Жазба жұмыс түрлері және бағалау нормалары//Реферат

Өздік жұмысының мақсаты: әдебиет сабағында жазба жұмыстарды өткізудің әдіс-тәсілдері. Жазба жұмыстардың оқушының сөздік қорын молайтуға, еркін сөйлеуге, сөйлемдегі сөздерді келісімді етіп баяндау сияқты жалпы тәлім-тәрбиелік мәніне тигізетін әсері.

Әдістемелік нұсқаулық:Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру. Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.
15. Сыныптан тыс жұмыстардың іс-шаралары//Бағдарлама жоспары

Өздік жұмысының мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстардың іс-шараларына бағдарлама жоспарын ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқаулық: Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру. Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.
Магистранттардың өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (МӨЖ)

№1. Әдебиетті оқытудың ауызекі, көрнекілік, тәжірибелік әдістері//талдау



Әдістемелік нұсқау:

Қазақ әдебиетін оқытудың ауызекі, көрнекілік, тәжірибелік әдістері жайлы мәліметтерді алу үшін Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегінен алуға нұсқаймын. Қосымша мәліметтерді қазақ әдебиеті сынды мерзімді баспасөз басылымдарынан алуға кеңес беремін.


№2. Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде әдебиеттен жан-жақты эстетикалық тәрбие беру//конспект

Әдістемелік нұсқау:

Сабақты толығымен меңгерсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев сынды ғалымдардың әдістемелік нұсқауларын оқуды нұсқадым.

№3. Поэзиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық және әдістемелі принциптері//реферат

Әдістемелік нұсқау:

Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру. Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бердім.


№4. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту//талдау

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.


№5. Интеграциялап оқыту//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

Интеграциялап оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.


№6. Ақын-жазушылардың өмірбаянын оқыту жолдары//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

Сабақ барысында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуды жоғарғы дәрежеде жүргізуі үшін Қ.Бітібаева сынды методистердің әдістемелік жаңа технологияларымен танысуды нұсқадым.


№7. Көркем шығарманы оқыту және мәнерлеп оқуға төселдіру//конспект

Әдістемелік нұсқау:

Сабақты толығымен түсінсін деген мақсатта Қ.Бітібаева, А.Ақшолақов, А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» еңбектерін оқуды нұсқадым.


№8. Шығармамен жұмыс жүргізу. Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру жолдары//талдау

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым.


№9. Шығарманың идеясы мен образдарын талдау//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

А.Жанпейісованың әдістемелік еңбегін қарастыру. Мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес беремін.


№10.Драмалық шығармаларды оқыту//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

Драмалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.


№11.Лирикалық шығармаларды оқыту.//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

Лирикалық шығармаларды оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.


№12. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу//реферат

Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың оқыту жолдары жайлы мағлұматты кеңінен Қ.Бітібаева, А.Көшімбаев әдістемелік еңбектерінен алуға нұсқаймын. Студенттерге мәнерлеп оқуда білім-дағдысын қалыптастыру үшін мәнерлеп оқуды жаңа технологиялармен ұштастыру мақсатында газет-журналдарды пайдалануға кеңес беремін.


№13. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру, оқырмандар конференциясын ұйымдастыру//аікірлесу

Әдістемелік нұсқау:

Қ.Бітібаеваның, А.Көшімбаевтың әдістемелік еңбектерін қарастыру. Әр жылдағы конференциядағы баяндама жинақтарын, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға кеңес бередім.


№14. Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері//дидактикалық материал

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты толығымен таныту мақсатында М.Жанпейісованың, Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып, оқуды нұсқадым


№15. Қайталау, қорытынды сабақтарын өткізу жолдары//сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпты толықтырып, білімді жетілдіру үшін А,Көшімбаевтың, А.Ақшолақовтың қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазған еңбектерін оқуды нұсқадым.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет